15.09.2022 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September 15th, 2022

Арайлым Амангелды

15 Sep 2022  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Мен,Амангелді Арайлым Манасқызы,Тфп19-17-01 группасында оқыған,қазір Тфп20-11-01 группасында қайта оқу жылына қалған студентпін.
Құрметті Шоранов Марат мырза!
Мен 2021-2022 жылғы оқу жылының екінші жартысында сабаққа уақытылы қатыспағаным үшін кредиттарымның көптігінен келесі оқу жылына қалу туралы өтініш жіберген болатынмын.
Бірақ қарыз сабақтың екі пәнінен мені мәжбүрлі түрде қалдырды
Ветеринария және химия пәндерінен қалдырды.
Мені келесі жылға өткізбейміз дегенмен,мен жазғы семестрда оқу туралы өтініш білдіріп қарызымды өтеу үшін төлеп оқуға мүмкіндік сұрадым.Отбасымыздағы келеңсіз жағдайдың кесірінен(атамыздың қайтыс болуы)мен емтиханына қатыса алмадым.Қатысу үшін мүмкіндік сұрап келгенімде менің өтінішім қабылданбады.Медициналық справкамды да қабылдамады.
Сіздің көмегіңіз мен үшін өте маңызды.
2022-2023 жылғы оқу жылында мені 4 курсты ақылы түрде аяқтауыма мүмкіндік беруіңізді өтінемін!

Жауап:

2021/2022 оқу жылында Амангелді Арайлым Манасқызы В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру гранты негізінде 3 курста білім алды.

Аталған оқу жылының қорытындысы бойынша төмендегі пәндерден барлығы 28 ECTS көлемінде академиялық қарыздары болды:

Пән атауы Кредит саны (ECTS)
1 Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы 3
2 Фармацевтикалық технология негіздері 4
3 Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы 5
4 Гомеопатиялық құралдар технологиясы 5
5 Ветеринариялық дәрілік формалардың технологиясы 5
6 Парафармацевтикалық өнімдер технологиясы 6

«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректорының 01.09.2021 жылғы №461 бұйрығымен бекітілген 2021-2022 оқу жылына арналған Академиялық саясатының 5.6  тармағының 1 тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген академиялық қарыздарды жою мақсатында 18.06.2022 ж. төмендегі пәндерді жазғы семестрде ақылы түрде қайта оқуға өтініш берді («Жазғы семестр туралы» №1237 бұйрық, 20.06.2022 ж.):

Пән атауы Кредит саны (ECTS)
1 Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы 3
2 Фармацевтикалық технология негіздері 4
3 Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы 5

Жазғы семестр қорытындысы бойынша «Фармацевтикалық технология негіздері» пәнін «қанағаттанарлық» (65 (С-)) бағаға тапсырды. Ал «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» және «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» пәндеріне сабаққа себепсіз қатыспағандықтан емтихан тапсыруға жіберілмеді. Шілде айында денсаулығына байланысты ауырғандығы туралы медициналық анықтама жалған болғандықтан университеттің профессорлық клиникасы растаудан бас тартты (анықтамаға университет клиникасы «Справка липовая. Отказать!» деп жазып берді).

Жазғы семестр аяқталғанда білім алушы Амангелді Арайлым Манасқызында 5 пәннен 24 ECTS (оның ішінде 8 ECTS пререквизиттік пәндерден)  академиялық қарызы болды.

Академиялық саясаттың 7.6 тармағы 3) тармақшасына сәйкес білім алушы Амангелді А.М. академиялық қарызы 12 ECTS астам болғандықтан білім беру грантынан айырыла отырып, ақылы негізде қайта оқу жылына қалдырылды (Курсты қайталап оқу туралы №1682 бұйрық, 08.08.2022 ж.).

2022-2023 оқу жылынан бастап жеке оқу жоспары бойынша “Курсты қайталап оқуға кірісу» туралы №2189 бұйрық (27.08.2022 ж.) негізінде           3 курсты ақылы негізде қайталап оқуға кірісті.

Білім алушының өтінішіндегі «2022-2023 жылғы оқу жылында мені     4 курсты ақылы түрде аяқтауыма мүмкіндік беруіңізді өтінемін» деген жазбасына жауап ретінде  3 курстың оқу материалдарын толық меңгеріп      4-курсқа көшпегендіктен 2022-2023 жылында университетті аяқтау мүмкіндігі жоқ  екендігін ұсынамын.