Жумакуль Кайрат

03 Jun 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Жумакуль Кайрат <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, құрметті Айқан Ақанұлы!
Сіздің денсаулығыңыздың зор, қайратыңыздың қажымас, әрбір бастаған ісіңіздің тек қана табысты болуына шын жүрегімізбен тілектеспіз. Көпше түрде жазылып отырғаны – бұл Сіздің қол астыңызда істейтін қызметкерлердің ортақ пікірі деп білерсіз. Сіздің университет басшылығына қызметке келгеніңізден бері атыңызға айтылып жатқан мақтау лебіздердің барлығы, күмән жоқ, Сізге лайық. Университет үшін республика көлемінде, тіпті халықаралық деңгейде  жасап жатқан іс-шараларыңыз Сіздің басшылық шеберлігіңізге, ынтаңызға, патриоттық сезімің
ізге, түзу ниетіңізге деген сүйіспеншілікті тудырады, тәнті етеді. Мұның бәріне Сіз келгелі Университеттің сыртқы түрі мен ішкі мазмұнының адам айтқысыз өзгеруі (оған, әрине студенттердің оқытушы-профессорларға деген, сонымен бірге өз жеке басына деген көзқарасының түбегейлі өзгеруі де жатады) куә.
Дәл қазіргі сәттегі біздің ең басты тілегіміз – осы шағын хаттың Сіздің қолыңызға тиюі.
Олай дейтініміз – Сіздің жеке блогыңыз ашылғанда өте қатты қуанған едік, алайда практика көрсетіп отырғандай, Сізге барлық хаттар жете бермесе керек.  Әрине, біз түсінеміз,  модераторлар өз жұмыстарын атқаруы керек, бірақ қай деңгейде?
Барлық дерлік профессор-оқытушылар ұжымын қынжылтып отырған мәселе – ол КPI. Әрине, біз өте жақсы түсінеміз, бұл – Сіздің университетке енгізген көптеген тың жаңалықтарыңыздың ішіндегі жақсы ниеттен туған – бәрін бір тарақпен тарамаудың, бәсекелестік қоғамның талабын орындаудың шынайы көрінісін жасағыңыздың келгені. Алайда, іс жүзінде солай ма??? Мүмкін, алғашқы кезде бәсекелестік тұрғысынан қандай-да бір «эйфорияның» болғаны рас шығар. Алайда, айналдырған бір оқу жылының көлемінде  ПОҚ-ң  КPI-ға қатысты әртүрлі теріс пікірлердің орÑ
�н алып отырғанын басшы ретінде білмеуіңіз мүмкін емес. Себебі, КPI-дің енгізілуі оқу үрдісіне зиянын тигізбесе, пайдасы күмәнды болып тұр. Оқытушылар құрамының негізгі мақсаты «балл» жинау болды. Кафедраларда алауыздық орын алды. Түкке тұрғысыз мақаласымақтар қаптады. Қаншалықты тәрбиелік мәні бары белгісіз шаралардың жатақханаларда желтоқсан айында кезекке тұрып өткізілгенін, ақырында студенттердің шағымына ұласқанын, әрине Сіз білесіз. Нақты мысал: президентіміздің саясаты – үштілділікті ендіру үшін көп тер төгіп жатырсыз. ТіпÑ
�і қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін анықтау үшін үлкен «тексеру» шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде әліпті таяқ деп білмейтіндер мен шын мәнінде білетіндер бір тарақтың астына алынды. Ақиқат білімі барлардың түк білгісіз болып шыққанындай келеңсіз жағдайлар орын алды. Алайда, осының бәрінің ӘДІЛЕТСІЗДІК екенін біле тұра, бірде-бір басшы ұйым селт еткен жоқ, оның нәтижесін қаз-қалпында КPI-дің баллына қосып қойды. «Айран ішкендер ұтылып, шелек жалағандар тұтылды». Импакт-факторға қатысты мақала мәселесі барлық ПОҚ-тың ең ә
лсіз жеріне айналып отыр. Оны жаппай бәрінен талап ету қаншалықты ақылға сияды? Сіздің бізді дұрыс түсінетініңізге сенгіміз келеді: барлық жаңа бастаманы жоққа шығарып түк істегісі келмей, жалақы алу емес мақсатымыз. Түсінгеніміз – КPI талаптары тек қана ӘДІЛДІК жүрген жерде ғана өзін-өзі ақтай алады. КPI баллын санап, соңғы «вердикт» шығаратын комиссия мүшелері жең ұшынан жалғасып, көптеген әділетсіздікке баратындары  бұл күнде көпшілікке мәлім. Мәселен, 2013ж. соңындағы «Ең үздік…»тер, шынында да солай ма? Оқу үрдісіне қандай инновацÐ
�ялық әдіс ендіріпті, үш тілде сабақ бере ала ма екен, бәрінде жоғары импакт-фактормен мақала бар шығар мүмкін? Мемлекеттік тілде қанша оқулық жазыпты?  TBL, CBL әдістерінің мамандары шығар әлде? Ендеше, қатардағы халық үшін НЕГЕ шебер класстарын өткізбеске?! Миллионды аяп отырған жоқпыз, тек ақиқат өз иесін тапса екен деген тілек. «Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын» депті әділетсіздіктен күйзелген атам қазақтың бірегейі.
Заман талабына сәйкестендіріп, ағылшын топтарын аштыңыз, халықаралық деңгейдегі статус үшін, әрине, өте құптарлық бастама. Оларды оқыту үшін ағылшын тілін үйрететін компанияларға тендер жариялап, екі компания бұл істі қолға алған еді. Нәтижесі қандай??? Аяғы құрдымға кеткенге ұқсайды. Солардың ішінен конкурс арқылы ең болмағанда бір айлық курстарға Лондонға жіберу мүмкіндігін неге қарастырмасқа? (Көрші оқу орындарының тәжірибелері). Ағылшын тілінде кәсіби деңгейде студенттерге сбақ беру мәселесін шешудің тиімді жолы болары сөссіÐ
·. Желге шашылған университет миллиондары солайша пайдалы іске жұмсалса деген тілек еді айтарымыз.
Сізден тек әділдік пен игі жақсылықтар күтетін қол астыңыздағы пақырларыңыз деп білерсіз.
Айып етпеңіз, өзіңізге мәлім себептерге байланысты өзіміз жайлы дәл мағлұмат беруге жүрексініп отырмыз, әупірімдеп жүргенде басымыз әлекке қалар ма екен деп.
Сізге деген үлкен құрметпен Университет ұжымының мүшелері.
P.S.  Аноним деп, әрине, жабулы қазанды жылы жауып қоя салатыныңызға күмәніміз жоқ, алайда айтылғандардың барлығының ащы шындық екені Сізге де бізге де  мәлім.
Егер бұл хат модераторлардың «ақылдылығының» арқасында Сізге жетпей қалса онда пошта қызметіне жүгінуге тура келеді.

ответ блог


_ _ _

Loading