Алғыс Archives - Page 6 of 12 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Алғыс

Гуля Абдрахманова

26 Feb 2016  |  Опубликовано в Алғыс

2






Шахниза Абдримова

26 Feb 2016  |  Опубликовано в Алғыс

1






Маржан Акурпикова

26 Nov 2015  |  Опубликовано в Алғыс

Уважаимый Айкан Аканович! Связи с последними слухами мы вас подерживаем, мы вас очень любим! Блогадаря вам медицина стало более элитной! Вы -лучший!






Еңлік Асқар

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Алғыс

Құрметті Айқан Ақанұлы! Мен сіздің блогыңызды үнемі оқып отырамын. Күндердің бір күнінде көптеген анонимді хат иелерінің жалпы медицина факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор, ұлағатты ұстаз Рахима Тәжібайқызы және декан орынбасарлары Сәуле Хибатуллақызы мен Гүлжан Нұрқапызқызының мекен жайларына кір келтіретін айып тағып, сонымен қатар оқу үрдісіне деген наразылықтарын білдіріп, жазған хаттарына тап болдым. Бұл хаттарды жай оқып өте алмадым, тіптен адамның ызасын келтіретін жай екен. Мен осы факультетті 2 жыл бұрын тамамдап, қазіргі таңда университетіміздің 7-курс студентімін. Бұл кісілердің тарапынан дәл осындай жағдайды бұрын соңды естімегенде, көрмегенде, оқымағанда едім. Факультет деканына қандай мәселе болса да еркін ойымызды жеткізіп, қажетті сұрағымызға жауабымызды алатынбыз, әр студентті тыңдап, ақыл кеңесін айтудан тайынған емес. Барлығы адам болғаннан кейін, шаршайды, кейде мазасы болмай отыратын кездері де болады, сондықтан үнемі сұраққа жауап алмаймыз, дөрекі мінез көрсетіп қуып шығады деген сөздермен келіспеймін. Бір курста 500-700 ден артық студент бар, олардың барлығын бір уақытта, бір күнде қабылдауға мүмкіндік болмайды ғой, себебі біз көппіз, олар жалғыз. Сол себепті әр топта староста бар, деканат пен студент арасын қосып, әр түрлі мәселені шешуге қатысатын. Бұлай айтатын себебім бұл факультетте, 5 жыл көлемінде топ, 3 жыл көлемінде лек старостасы қызметін атқарғанмын. Әрине әр жыл сайын жатақхана мәселесі өзекті болатын,барлығымыз кезекті күтіп, сабырлық танытып тіптен болмаса, амал жоқ көнетінбіз. Бұл студенттердің жағдайын толығымен түсінемін, әрине ашу-ызамен жазған болар, дегенмен әр нәрсенің орны бар. Біреуге жала жауып, атына кір келтіріп, мұратқа жетпейсіздер! Қазіргі уақытта студенттердің оқу барысында, көптеген жеңілдіктер қарастырылған сияқты. Себебі, бұрынғы кезде сабақ кестесі бойынша таңғы уақытта да, түстен кейін де, дәріспен қоса, күніне 3 түрлі сабақ болатын, және жазғы демалысқа бізде шілде айының орта шеңіне дейін, жыл көлемінде оқыған пәндерді барлығын жинап тапсыратын едік. Ал қазір болса бір пәнді оқып, бірден емтихан тапсырып жатырсыздар. Бұл деген оқу барысындағы керемет жеңілдік емес пе? Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ішінде жетекші Университеттердің бірі, медицинаның “Қара шаңырағы”. Медицина оңайшылықпен меңгеретін мамандықтар қатарында емес. Заман талабына сай, жоғары мамандандырылған дәрігер боламын десеңіздер, оқудың суығына да ыстығына да шыдау қажетсіздер деп ойлаймын!






Акерке Амангелди

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Алғыс

Талапты жастың арманы,білімнің биік заңғары.
Сырын ашып ғылымның,Авиценадай дараның,
Жанға дауа кәсіптің,іргетасын қалаған,
Дарабозы елімнің-Асфендиярдың Санжары.
Қазақтың ҚАЗҰМУ мақтаны,ел үмітін ақтады,
Ескеріліп еңбегі,Қызыл ту орден таққаны,
2001-дің жазында,мәртебе алып ұлттық,
Егеменді елімде,арайлап атты ақ таңы.
ҚАЗҰМУ ды басқарған Ақановтың Айқаны,
Ақ халатты абзал жан-ісінің майталманы.
Білім нәрін сусындап,талай шәкірт түледі,
Ғалымдардың төресі Шармановтай ағаны,
Төрткүл дүние біледі.
Оқу орыны өсірген талай тарлан дарынды,
Академигі қазақтың шипагері қарымды.
Балалардың дәрігері Ормантаев ағамыз,
Елге сыйлы бүгінде КазҰМУ-дың ғалымы.

Қанатын кеңге жайған білім ордам,
17 елдің таңдауы саған қонған.
Өзін-өзі басқарған жастарың бар,
Дертке шипа, еліне болар қорған.
Бойыңыз болса дағы сұлу мүсін,
Ерекше сән береді маржан тісің.
Тіс әдемі әрі сау болу үшін,
Абыроймен атқарам дәрігер ісін.
Қазығұрттың етегінде туғанмын,
Мамандықпен әке жолын қуғанмын.
Стомфакты ойдағыдай бітіріп,
Тіс емдеуге белді бекем буғанмын.
Бақанайдай ұстаздың шәкіртнің бірімін,
Есімім менің Ақерке Уалиханның қызымын.
Білім алып ұстаздан боламын менде дәрігер,
Дертке дауа іздеумен болып жүрген әбігер!