Сұрақ-жауап Archives - Page 147 of 360 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Сұрақ-жауап

Омархан Аширбеков

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Омархан Аширбеков <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Ассалаумагалейкум Айкан ага,
Менин кызым Шымкент Мед Академиясында, Медициналық-профилактикалық факультетинин «Mедециналык-профилактикалык ис» мамандыгы бойынша кундизги оку болиминде грант негизинде 2 курсында окиды, улгерими оте жаксы, жогары степедия иегери. Кызымды сиздердин университете ауыстыргым келеди. Менин сиздерден сурайын дегеним, сиздердин университетке ауысу жолы кандай, кандай кужаттар, талаптар т.б. керек? Осы сурагыма сиздерден жауап аламын деген умиттемин.
Алдын-ала рахмет

Омархан Аширбеков

Ответ:

Сәлематсіз ба Омархан!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне ақылы түрде ауысуға болады, бірақ оқу бағдарламасындағы айырмашылықтар 5 пәннен артық болмауы керек. Ауысқыңыз келсе, қысқы және жазғы демалыс уақытында, қандай құжаттар-сынақ кітапшасының көшірмесі, транскрипт, ҰБТ қорытындысының көшірмесі (сертификат), талабы – оқу үлгерімінің нәтижесі өте жоғары деңгейде болуы керек. Ауысқыңыз келсе қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканатына келіп хабарласыңыз.






Ақбота Әділова

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Ақбота Әділова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе,құрметті Айқан Ақанұлы! Мен – Әділова Ақбота Ерланқызы, Жалпы медицина факультетінің, 5-курс, қазақ бөлімінің студентімін. Сізден сұрайын дегенім,болашақта онко-хирург маманы болғым келеді. Онко-хирург мамандығын бітіру үшін, мен интернатура мен резидентураны қай салалар бойынша бітіріп,қанша жыл оқып, дәрігер бола аламын? Осы мамандықты толықтай бітіріп шығудың қандай жолдары бар? Сонымен қатар, биыл бітіруші түлек болғандықтан,бітірушілерге үздік диплом тағайындаудың қандай шарттары бар? Рахмет!

Ответ:

Құрметті Ақбота Ерланқызы!

Сіз болашақта онко-хирург маманы болу үшін интернатураға ЖТД немесе Терапия бағыттарының бірін таңдай аласыз. Интернатураға Сіз конкурс негізінде курстан курсқа өту GPAбалын және дипломға қосымшаның орташа балын есепке ала отырып өте аласыз, оқу мерзімі 2 жыл.

Резидентура мамандықтарының тізімінде онко-хирург мамандығы жоқ, тек «Онкология (соның ішінде балалар жасындағы)» мамандығы бар, оқу мерзімі 2жыл.






Шахноза Сатибалдиеаа

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Шахноза Сатибалдиеаа <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсізбе, құрметті Айкан Аканович, мен 6 курс қазақ группасында оқимын. Менің ұлтым өзбек. Осы уақытқа дейін группада ұлтыма байланысты айтылатын сөздерге мән бермеуші едім,алайда бүгін группаласым жағынан айтылған сөз менің намысыма тиді. Мен қазақ группасында оқу сондай қиын

Ответ:

Аталған оқиға ұлтаралық қатынасқа байланысты емес, тұрмыстық деңгейде өрбіген. Топта оқитын бала айтқан сөздерін мойындап, кешірім сұрады. Топқа ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы түсінік берілді. Екі жақ бірін-бірі түсініп, кешірім жасасты.






Әділова Ақбота

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Ақбота Әділова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе,құрметті Айқан Ақанұлы! Мен – Әділова Ақбота Ерланқызы, Жалпы медицина факультетінің, 5-курс, қазақ бөлімінің студентімін. Сізден сұрайын дегенім,болашақта онко-хирург маманы болғым келеді. Онко-хирург мамандығын бітіру үшін, мен интернатура мен резидентураны қай салалар бойынша бітіріп,қанша жыл оқып, дәрігер бола аламын? Осы мамандықты толықтай бітіріп шығудың қандай жолдары бар? Сонымен қатар, биыл бітіруші түлек болғандықтан,бітірушілерге үздік диплом тағайындаудың қандай шарттары бар? Рахмет!

Ответ:

Құрметті, Әділова Ақбота !

2011жылдың16 наурызында ҚР Білім және Ғылым министрлігі қабылдаған № 94 Бұйрығының «Жоғарғы оқу орындарында білімалушылар ағымды үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестация өткізудің типтік ережелерінің» 149 және 150 тармақтарына сәйкес студентке үздік диплом беріледі:

149. емтихандармен дифференциалды сынақтарды А, А- «үздік» және В-, В,В+ «жақсы» деген бағалармен және барлық оқу жылдары (GPA) орташа балы 3,5 балдан төмен болмауға тиісті, сонымен қатар мемлекеттік емтихандар А, А- «үздік» болу керек (әскери дайындық бағасы есепке алынбайды)

150. барлық оқыған жылдарында емтиханды қайталап қайта тапсырған жағдайда студентке үздік диплом осы Ережелердің 149 тармағына сәйкес болғанына қарамастан берілмейді

Қосымша сұрақтарыңыз болса өз факультетіңіздің деканатына барып толық ақпарат алуыңызға болады.






Фархат Кадир

30 Oct 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Фархат Кадир <[email protected]>

Тема вопроса: Бухгалтерия

Вопрос:
Құрметті Аканов Айкан Аканович сізге қояр сұрағым маған қыркүйек айының степендиясы түспей жатыр .Бүгін қазан айының 12- ші күні. Ал степендия жоқ! Неге мұншалықты кешіге беру себебін айтсаңыз екен? Уақытыңызды бөлгеніңіз үшін көп рахмет!

Жауабы:

Сәлеметсіз бе Фархат! Сіздің 2014 жылдың 12 қазанындағы сауалыңызға орай, төмендегідей ақпаратты ұсынамыз:

Сіздің сауалыңың техикалық сипаттағы мәселелерге байланысты туындап отыр. Өйткені, шәкіртақы төлеу барысындағы қолданылатын 1С-бухгалтерия бағдарламасы стандарттық емес, яғни тізім бойынша 10 студент шәкіртақы төлеу барысында автоматты түрде енгізілмейді (бағдарламашыларға тапсырма берілді). Алдағы уақытта осындай жағдай қайталанбас үшін Сіздің аты-жөніңіз «қолмен енгізіледі».

Қыркүйектің шәкіртақысы 13 қазанда жіберілді, бухгалтерия мұндай жәйт алдағы уақытта қайталанбайтынына кепілдік береді.