Акмарал Шерембаева

12 Sep 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Акмарал Шерембаева <[email protected]>

Тема вопроса: От абитуриента

Вопрос:
Сәлеметсізбе Айкан Аканович! Мен мектепті бітіріп оку орнын ғаламтордан іздеген уакытымда сіздердің сайттарыңызға кірдім. Кешіріңіз бірақ мен еш қандай ақпарат ала алмадым. Өздеріңіз түсінетін шығарсыздар, бірақ сыртан кірген адамға мүлде түсініксіз. Мен сияқты түсінбеген адам көп шығар. Орыс тілінде ақпарат ашылмады, қазақ тілінде мүлде жоқ. Мен жаман оймен айтып жаткан жокпын, дұрыс түсініңіз. Өз пікіріммен бөлісейін дегенмін.

Ответ:

Құрметті Ақмарал!

Сыни ескертпелеріңіз үшін рахмет айтамыз. Кез келген сындарлы сын – қызметімізді жетілдіруге жеткізетін мүмкіндік.Әйткенмен, оқуға түсу және Университетте әрі қарай білім алу мәселелеріне қатысты барлық толық ақпарат үш тілде ҚазҰМУ-ң веб-сайтында берілген.

Орысша

Ағылшынша

Қазақша

 Сайтты қолдану өте ыңғайлы және ол еліміздің ең үздік университет сайттарының бестігіне кіреді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта веб-әзірлемелердің соңғы үдерістерін негізге ала отырып, сайтқа редизайн жасау және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар аяқталу үстінде. Ал, уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіреміз, көрсетілген сілтемені ашып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты таба аласыз. Сәттілік тілейміз.


_ _ _

Loading