Анонимно Аноним

20 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Құрметті Талғат Сейітжанұлы!Сізден сұрайын дегенім қызым 4курс-та терапия блогын бітіргендер апеляцияга беріп еді. Неге нақты жауабы берілмей жатыр. Өтініш сізден осыны қарастырынызшы, біреулер үшін маңызы жоқ шығар стипендия мен баллдың…Бірақ сол 20мынга менің қызым күнін көретін.Қолға алып нақты жауабын береді деген үміттемін.

 

Жауап:

 Құрметті ата — ана!

4 курс  Жалпы  медицина  мектебінің студенттерінің берілген аппеляциясы   бойынша, екі бағытта комиссия құрылды. Оқу бағдарламасы  комитетімен бірлескен пәндік комиссия  сарапшылармен және тәуелсіз тестолог сарапшылар қарастырды.

Аппеляциялық комиссиясының шешімі  бойынша  I — этапқа 70 студентке, II- этапқа -2 студентке қанағаттанарлық шешім шығарылды.

Жалпы  қорытынды  бағасы  орташа алғанда  2 балға көбейді, 75% — дан  төмен қорытынды  бағамен студенттер саны 45 — тен 39- ға  дейін төмендеді, ал  75% — дан жоғары  баға  алған студенттер саны 27 -ден  33- ке  дейін көтерілді.

Аппеляциалық қорытынды нәтижесімен «Жалпы медицина» мектебінің деканатынан танысуға болады.


_ _ _

Loading