Бақытжан Амиржанов

25 May 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос: Бақытжан Амиржанов

Сәлеметсіз бе, Айқан Ақанұлы! Сізге сұрақ: енді биыл түсетін абитуриенттерге жылына толенетін 1 жылдық ақы қанша болмақ? Мен осы Астана медицина университетінің стоматология факультетінде оқитын едім. Осы университетте 400 000 теңге төлеймін. Сіздерге ауысып барсам, қанша төлеймін.

Ответ: Құрметті, Бақытжан!
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – ұлттық статусқа ие еліміздегі бірден бір медициналық жоғарғы оқу орны. Сондықтан да біздің университеттегі оқу басқа медициналық жоғарғы оқу орындарынан біршама ерекшелігі бар.
Біздің университетте білім алып жатқан студенттер үшін биылғы 2010-2011 оқу жылына төленетін ақы көлемі – 505 000 (бес жүз бес мың) теңге. Алдағы оқу жылына төленетін оқу ақысы белгісіз. Себебі, ол оқу үдерісіне кететін, студенттердің жатақханасына, университеттің тыныс-тіршілігі мен қызметі барысындағы басқа да шығындарға қатысты өзгереді.
Сіз Астанадан ауысып келсеңіз де, басқа студенттер қанша төлейді, Сіз де ақы төлейтін боласыз.


_ _ _

Loading