Гульмира Сопиева

19 Jul 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, Менің сұрайын дегенім ҮБТ дан 59 балл жинады. Бірақ сіздің университетіңіздің қай мамандығына түсе алады ақылы түрде. Және оған не қажет  басқа қанждай жолдары бар.

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Білім беру грантына конкурсқа қатысу үшін жоғары аталған баллдарға ие болу абзал. Жалпы және таңдау пәндерінің біреуінен көрсетілген баллдардан кем жинасаңыз, сізде тамыз айында қайтадан Кешенді Тест өтуге мүмкіндігіңіз бар, алайда ол тест нәтижелері бойынша сіз ақылы бөлімге ғана қабылдана аласыз.


_ _ _

Loading