Гүлмира Шәмші

01 Mar 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Гүлмира Шәмші <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Сәлеметсизбе Аканов Аикан ағай! Мен Түркістан қаласында Халықаралық Қазақ-Түрік унивеситетінің жалпы медицина факултетінің 3курс студентімін. 2010 жылы осы аталған университетке 90 баллмен грант игері атандым. Қазіргі таңда мен 3-курстың жазғы емтиханнан кейін сіздердің университеттеріңізге ауысқым келеді. Сізге қояр сұрағым:  ауысуыма мүмкіндік барма жәнеде грантым сақтап қалынады ма? сізден жауап күтемін. РАХМЕТ!!!

Құрметті Гүлмира Шәмші!

Басқа жоғарғы оқу орнына мемлекеттік білім грантын сақтай отырып ауысуға мүмкіндігіңіз бар, ол қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 шілде 2012 жылғы № 463 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақ Ұлттық медицина университетінің 1 курсына барлық мамандықтар бойынша 1000 студенттен артық қабылданбайды, сондықтан да студенттердің басқа жоғары оқу орындарынан ауысуы тек бос орындар болса ғана және Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.   


_ _ _

Loading