Дәулет Қыдыров

28 May 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 Вопрос ректору
От: Дәулет Қыдыров <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Ассалаумағалеком?? Атырау обылысы, Исатай ауданы Мен Қыдыров Дәулет Биыл 2013 жылы бітіремін мектепті! Биология пәнін таңдап отырм Медицина саласына қанша балл жинау керек және қандай жеңілдіктер бар?? Нақты жауап сізден! 24 4 68 үй телефоны

 

Құрметті Дәулет Қыдыров!

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.

Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесінің (ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 390 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда)  №6 тармағына сәйкес Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;

3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

 

 


_ _ _

Loading