Ерман Дастан

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Ерман Дастан <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Ассалаумағалейкум,Ақанов Айқан Ақанұлы! Менің сізге қояр сұрағым бар еді. Мен 2012 жылы ҰБТ тапсырған едім, ҰБТ-дан 97 (орыс тілінсіз 74 балл)балл жинадым. Грантқа конкурсқа ең бірінші «Жалпы медицина» мамандығына жазғанмын, алайда, грантқа басқа «Агрономия» мамандығына (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетіне) оқуға түстім. Грантқа 5 балл жетпеді. Мен 2013 жылғы Кешенді тестілеу тапсырып, тағы да өзімнің бағымды сынағым келеді. Бірақ, мені алаңдататыны — Кешенді тестілеуге грантқа конкурсқа түсу үшін  міндетті түрде қазі
ргі  оқып жатқан «Агрономия» мамандығы грантынан бас тартуым керек пе??? Әлде, аттестатымды ғана алып «Жалпы медицина» мамандығына грант үшін конкурсқа түсе аламын ба??? Өтініш, жауап берсеңіздер!!!

Құрметті Ерман Дастан!

Сіз Кешенді тест тапсырып, «жалпы медицина» мамандығы бойынша конкурсқа қатыса алатын едіңіз, егер орта мектепті бітіргеніңіз туралы аттестатыңыз қолыңызда болса. Бірақ Сіз былтырғы жылы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түссеңіз, қазір сол университеттің студентісіз. Сіздің аттестатыңыз сіз оқу бітіргенше сол университеттің құжаты болып табылады.


_ _ _

Loading