Меруерт Султанова

12 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Меруерт Султанова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсіз бе Айкан Аканович!2010 жылы оқудың ақшасы  570мың болған мен 2011 жылы ақылы түрде оқуға тускенмін. Ол кезде 770мын болган, ал қазір   2012 жылғылар 780 мын төлейді. Сонда оқудың ақшасын озініз койып турасыз ба??? неге сонша қымбат???

 

Жауап:

Құрметті Меруерт, сіздің 2013 жылғы 19 наурызда жіберген сауалыңызға орай келесі мәліметтерді ұсынамыз:

2011-2012 оқу жылына бекітілген оқу ақысы — 770 700 теңге, ал 2012-2013 оқу жылының оқу ақысы 780 600 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орнының бір ақылы негізде білім алушыға жұмсайтын шығыны білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен аз болмауы тиіс.

Оқу құнының ішіне университеттің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, әдебиеттер, медициналық және медициналық емес құрал-жабдықтарды сатып алуға, оқытушыларға және басқа да қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, ғимараттардың коммуналдық қызметтеріне, орын-жайларды жалға алуға, шет елдерден мамандар шақыртуға, университет ғимараттарына ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізуге кететін негізгі шығындар кіреді. Әлеуметтік комиссияның шешіміне сәйкес ақылы негізде білім алатын жетім студенттерге оқу ақысын төлеуде жеңілдік жасалады.

Сонымен бірге, Біріктірілген университет клиникасының пациенттерінің негізгі контингенті университет студенттері мен қызметкерлері болғандықтан, және де университетті күтіп-ұстау университеттің өз қаражаты есебінен жүргізілетіндіктен медициналық тексеруді тегін жүргізуге мүмкіндік жоқ.     

 

 

Ответ:                

Уважаемая Меруерт, на Ваш вопрос от 19 марта 2013 предоставляем информацию:

Стоимость обучения на 2011-2012 учебный год составляет 770700 тенге, на 2012-2013 учебный год 780600 тенге. Согласно «Закона РК об образовании» затраты организаций образования, реализующих профессиональные учебные программы высшего и послевузовского образования, на одного обучающегося на платной основе не могут быть менее размера образовательного гранта или государственного образовательного заказа.

В стоимость обучения входят основные расходы как на оснащение материально-технической базы университета, закуп литературы и медицинского и немедицинского оборудования, оплата заработной платы преподавателям и прочему персоналу, коммунальные услуги на содержание зданий, аренда помещения, привлечение иностранных специалистов, текущий и капитальный ремонт зданий университета. Скидки на стоимость обучения на договорной основе предоставляются студентам-сиротам, согласно решения социальной комиссии.

Также в Объединенной Университетской клинике основной контингент пациентов является сотрудники и студенты университета, и содержание университета идет за счет собственных средств, что ни имеет возможности прохождения бесплатного медицинского осмотра.

 

 

 

 

 

 


_ _ _

Loading