Назымгүл Масимбаева

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назымгүл Масимбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіз бе? А. Ақанұлы
Мен Назымгүл Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылының орта мектебінің түлегімін, биылғы ҰБТ- дан 112 бал алдым қазақ тілі пәнін алып тастағанда 89 балым бар, таңдау пәнім биология пәні.Осы балмен жалпы медицина саласына оқуға түсе аламын ба? Жалпы медицина факултетін 3 жыл оқып одан кейін дәрігерлікті таңдауға болады деген рас па? Егер солай болса қандай дәрігерлік мамандығы жатады.Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба,  Назымгүл!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады. 

Дәрігер болу мақсатыңыз болса, «Жалпы медицина» мамандығын таңдап, (5+2 жыл), интернатурадан соң, әрі қарай мамандық таңдап, резидентурада жетілдіру дайындықтан өтесіз.

 

 


_ _ _

Loading