От студента

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Нурсаян Мухашов <[email protected]>

саламатсізбе. менің сізге қойайын деген сұрағым офис регистраторлардын жұмысына байланысты. яғни, менің кафедралық, емтихан баллдарымды дұрыс есептемеген, мен ЖТД болгы бойынша кафедралық баллым 89,95%, ал емтиханнан  тест орталығынан 88% тәжирибелік дағдылар бойынша 92% алдым, осы үшеуін қосқанда 89,65% шығады.  осындай жағдайларда 0,4% студенттін  бағасына қосылушы еді менікіне қосылмый керісінше азайтып 88,37% қойылыпты осы маселені қарауынызды өтінемін.

 

Жауап:

Құрметті Нурсаян!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу үрдесіне байланысты іс-әрекеттерінде «2011-2012 оқу жылына арналған РММ «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің» оқу жетістіктерін бағалау ережесіне сүйенеді. Аталған ереженің 6 тарауаның 1 тармағына сәйкес пән бойынша қорытынды рейтинг төменгідей есептеледі:

Емтиханға жіберу рейтингісі х 0,6

Емтиханның бірінші кезеңінің нәтижесі х 0,2

Емтиханның екінші кезеңінің нәтижесі х 0,2

Алынған нәтижелер косылады

Сіздің жағдайыңызда «Амбулаторлық поликлиналық терапия» пәні бойынша:

Емтиханға жіберу рейтингісі – 88,95%

Емтиханның бірінші кезеңінің нәтижесі – 88%

Емтиханның екінші кезеңінің нәтижесі – 92%

Жоғарыда көрсетілгендей Сіздің қорытынды балыныз 26.10.11ж. толтырылған №20805 емтихан ведомостына сәйкес (88,95х0,6)+(88,0х0,2)+(92,0х0,2)=89,37 балды құрайды.

«2011-2012 оқу жылына арналған аудиторлық сабақтарды есепке алу оқу журналдарын және аралық аттестациялардың қорытынды ведомостарын толтыру регламентінің» 3 тарауының 8 тармағына сәйкес «Тіркеуші кеңсесі білім алушының тиісті пән бойынша қорытынды рейтингісін санауды автоматты түрде жүргізетінің» ескертеді.

Сондай ақ балдарды математикалық бүтіндеу де автоматты түрде жүргізіледі. Өзіңіздің хатыңызда Сіз қорытынды рейтинг балыңызды санауда 0,28 балға қателескенсіз.

Егер менің түсініктеме бергенімнен кейін Сізде қосымша сұрақтар туындаса мен Сізді қабылдау күндері күтемін.


_ _ _

Loading