Сая Тасқынқызы

30 Nov 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе Айкан Аканұлы!Осы 2012 жылы 86 баллмен жалпы медицина факультетіне грантқа түсе алмадым.Қазір,Семей мемлекеттік университетінің жалпы медицина факультетінде білім алудамын.1 курстан кейін грантпен ҚазҰМУ-не ауыса аламба?Қандай шарттар қарастырылған?

Құрметті Сая Тасқынқызы!

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылдың 19 қаңтар шыққан №110 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі»  бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

2012 жылдан бастап ҚР Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық медицина университетінің 1 курсына барлық мамандықтар бойынша 1000 студенттен артық қабылдамау туралы шек қойған, сондықтанда басқа жоғары оқу орындарынан ауысу тек бос орындар болса ғана жүзеге асырылады.  

 

 

 

 

 

 

 


_ _ _

Loading