Тема вопроса: От сотрудника

11 Dec 2014  |  Опубликовано в Вопрос

Вопрос ректору

 

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Ассалаумағалейкум Айкан Аканович! Менің білейін дегенім 1 –ші желтоқсандағы премия неге берілмеді? Естуіміз бойынша барлық Мемлекеттік ұйымдар  осы мереке қарсаңында премия алған, деңгейі бізден төмен университеттер алғанда біздің олардан қай жеріміз кем, алып қарасақ ақылы бөлімде оқитын студенттің жыл сайынғы төлемі 1 миллионға жуық емес пе? Университеттің деңгейін көртергілері келсе ең бастысы сол мақсатқа жетуге ат салысатын қызметкерлердің жағдайын жасау керек емес пе? Былтырғы жылы да дәл осындай жағдай болып 1 ғана премиямен қатырған болатын, биылғы жылы да осындай жағдай қайталанбақ па? жыл бойы жұмыс істеп жылдың соңында 1 ғана премия алған әділетсіздік қой. Сырт көз сыншы дегендей қызметкерлердің өкпесі айналып келгенде осы ақшаға тірелетіндігі айдан анық. Нарық заманында ешкім оңып жүрген жоқ , онсызда қызметкерлердің жалақысы өте төмен. 16 желтоқсан мен тринадцатыйдын орны бөлек, «Судың да сұрауы бар» дегендей бізге 1 желтоқсан «Тұңғыш президент күніне» мемлекеттен бөлінген ақшамыз беріледі ма жоқ па? Қысқасы біздің университетте қызметкерлер жағына деген мотивация болады ма болмайды ма? Соңғы үмітіміз осыған бір шара қолданады деп ойлаймыз Айкан Аканович!


_ _ _

Loading