Учебный процесс

19 Jan 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Айдана Нурболаткызы
Құрметті Айкан Аканұлы,
Биылғы жылы университетімізде көптеген жақсы өзгерістер болып жатыр(білім беру,оқыту,жатақханамен қамтамасыз ету,тіпті университетіміздің сыртқы көрінісі де т.б.). Оны біздің мақтанышымыз, әрі сіздің жетістігіңіз деп түсінеміз.Көріп отырғандай биылғы оқыту жүйесі айтарлықтай өзгерді,сонымен қоса бағалау жүйесі де.
Ал, қысқы сессияға келетін болсам,3-курс студенттерінің,яғни біздің, қаңтар айында тапсыратын экзамендерінің күнтізбесі дұрыс құрылмағандығы жайында. Себебі, мысалға алатын болсақ, Қаңтар айының 23-і күні бізге қалыпты анатомия, қалыпты физиология және гистологиядан тест болса, іле шала келесі күні, яғни 24-ші Қаңтарда дәл осы пәндерден(3сабақтан) ауызша тапсырамыз. Осы екі күннің арасында ешқандай үзіліссіз тапсыруымыздың себебі неде? Немесе экзаменнің күн тәртібін өзгертуге мүмкіндік бар ма? Өйткені, біз яғни 3-курс студенттері дайындалып та үлгермейміз ғой…
Менің ұсынған ұсынысым мен сұрақтарымды қарастыруыңызды өтінем.

 

Ответ:

Құрметті Айдана Нұрболатқызы!

Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып төмендегі мәліметті хабарлаймын:

2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы типтік оқу бағдарламасының нормаларына және Университеттің ішкі ережелерінің талаптарына сай ұйымдастырылған.

Жалпы медицина мамандығы бойынша 3 курста модульдік жүйе бойынша емтихандар 3 блокпен өткізіледі.

1 блок – анатомия, гистология, физиология

2 блок – пат.анатомия, пат.физиология, визуалдық диагностика

3 блок – фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы.

Әр блок бойынша емтихан екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – тест орталығында тест тапсыру, ал екінші кезең – кафедрада тәжірибелік дағдыларды тексеру. Сіздің айтып отырғаныңыз бір емтиханның екі кезеңі. Бір емтиханның  екі кезеңінің арасына дайындыққа уақыт берудің қажеттілігі жоқ. Ал 3  блоктың арасында емтиханға дайындалуға 2-4 күн уақыт берілген.


_ _ _

Loading