Учебный процесс

15 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Қасымжомарт Білім <[email protected]>
Қайрлы күн!!!Аканов Айкан Аканович бір сұрағым бар еді. Мен Монголияда Медицина Университет-де 5 курс лечебный факультетінде оқимын. Үй отбасымыз Алматыға көшп барушы еді, сабағымды Қазақ ұлттық медицина университетіне ауыстыруға болама. Жауап күтем!!!

Құрметті Қасымжомарт!

С.Ж.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетіне «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылында 6 курсты оқуға ауысуға мүмкіншілігіңіз жоқ. Себебі, келесі оқу жылы Қазақстан Республикасының Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқитын 6 курс жоқ. Аталған стандарт бойынша биыл соңғы курс «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқып жатыр.  Егер, сіз біздің ұлттық медицина университетіне ауысатын болсаңыз, жаңа стандарт бойынша «Жалпы медицина» мамандығын оқисыз, оған ауысқан жағдайда сіздің оқу бағдараламаңызда айырмашылық көп болуы мүмкін, ал сабақтардың айырмашылығы 5 пәннен аспауы керек, сондықтан сізді төменгі курстарға ғана қабылдайды.

 

Поисковые слова:

  • білім стандарты 2012
  • білім стандарты 2012-2013 оқу жылы

_ _ _

Loading