Орал қаласында филиалы
2019 жылдың қыркүйегінде филиал «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» ЖШС базасында ашылды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша кейіннен сатып алу құқығымен 3 жылға сенімгерлік басқаруға «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ берілді. Тапсырудың негізгі шарттары – қызмет бейінін 30 жыл аралығында сақтау, жоғары білікті кадрларды даярлау, жаңғыртуға, дамытуға және 130 млн.теңгеге жабдықтар сатып алуға қаражат салу, медициналық клиникалар базасында практикалық дағдыларға оқыту болып табылады.
Жетекші қазақстандық медициналық университеттің қолдауымен колледжде кардиохирургия, онкология, акушерлік және гинекология, хирургия және балалар хирургиясы сияқты жаңа мамандықтар енгізілді. Қазіргі уақытта колледжде емдеу және мейірбике ісі бойынша білім беріледі, сонымен қатар фармацевтика, гигиена және зертханалық диагностика саласындағы мамандардын дайындайды.
ҚазҰМУ колледжді тапсыру оқу сапасын арттырумен қатар бюджетке жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. 2021 жылы ҚазҰМУ Орал қаласындағы филиалында 73 оқыту циклы өткізілді, онда 680 курсант оқытылды. 2020 жылмен салыстырғанда өткізілген циклдардың 135% өсуі байқалады, оқытылғандардың саны 197% ұлғайған, табыс 158% көтерілген. Филиалдың 2021 жылғы табысы -16 810 000 теңгені (2020 ж-10 510 000 теңге) құрады. Оқыту ҚазҰМУ оқытушылары тартыла отырып, онлайн режимде жүргізілді.
Циклдардың тақырыптары медициналық ұйымдардың өтінімдеріне байланысты қалыптасты, олар Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделі», «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу», «Ауруларды басқару бағдарламасы», коронавирустық инфекция бойынша циклдар, «РҚТБ жағдайында КВИ бар науқастарды жүргізу», «КВИ туындаған пневмониямен ауыратын науқастарға мейіргерлік күтім» және т.б. нәресте және ана өлімінің алдын алу бойынша циклдар – «Антенатальды күтім», «Жүкті әйелдердегі эктрагенитальды патологияны диагностикалау және емдеу», «Жүкті әйелдердегі гестоздарды диагностикалау және емдеу», «Иммунопрофилактика». Сондай-ақ «Терапияның, герантологияның өзекті мәселелері», «Клиникалық ЭКГ» және т.б. бойынша циклдер өткізілді.
ҚазҰМУ филиалы арқылы 425 дәрігер, 255 орта медициналық қызметкерлер білімін шыңдады.

Тараз қаласындағы филиалы
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында филиал ашылды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты өңірдегі медицина кадрларының тапшылығы проблемасын шешу болып табылады. Алғашқы кезде шамамен 100 адам білім ала бастады, резиденттерді белсенді түрде тартуда. Түлектерді жұмысқа орналастыру үшін облыстың 41 жуық Денсаулық сақтау мекемесімен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.
Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚазҰМУ арасындағы қол қойылған меморандум аясында медицина кадрларының жағдайын зерттеу, жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жолға қойылды.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, бүгінде 250 жуық бос жұмыс орны бар.
«Бұл мәселені ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде шешу қажет. Сондықтан қыркүйек айында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен ынтымақтастық орнаттық, тиісті меморандум жасалды. ЖОО тәжірибелі дәрігерлері шалғай аудандардағы жергілікті дәрігерлерге көмектесіп, тәжірибелерімен бөліседі. Тәжірибелі дәрігерлермен, профессорлармен бірге жұмыс істеуге, тәжірибе жинауға, ғылымды дамытуға жақсы мүмкіндік пайда бола бастады», – деді ол.
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің пікірінше, ынтымақтастық барлық тараптар үшін өте тиімді. Университет колледж оқытушылары үшін докторантурада оқуды ұйымдастыруға, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізуге қабілеті бар. Бұл дегеніміз – Жапонияның және басқа да дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста бола отырып, Жамбылдық педагогтер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін сол жерге жіберуге мүмкіндік жасау.
«Жұмыстың оңтайлануына қарай басқа да мүмкіндіктер пайда болады», — деп түйіндеді сөзін Талғат Нұрғожин.
Университпен мамандардың жеткіліктігіне сараптама жүргізілді. ҚазҰМУ білім алған түлектерден Жамбыл облысы бойынша 78 маман бөлінді. Оларға жұмысқа орналасуға кепілдік хаттар тапсырылды.
2021 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында колледждің 24 түлегін «Мейірбике ісі» бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Бұдан басқа колледждің он студенті ҚазҰМУ клиникалық базаларында практикалық оқудан өтті, Алматы қаласында білім алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты. 20 оқытушы «Оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында академиялық ұтқырлық бойынша мастер-класс өткізді. ҚазҰМУ колледждің кабинеттерін интерактивті жабдықтармен — симуляциялық манекендермен және тренажерлармен жабдықтады. Олардың ішінде жаңа туған нәрестені күтуге және бақылауға арналған манекен, күтім дағдыларын үйретуге арналған манекен, толық метражды Кейко манекені және Пироговтың интерактивті анатомиялық үстелі бар.
Сондай-ақ ҚазҰМУ қызметкерлері өңірдің 262 дәрігеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Олар үшін «Денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникативтік дағдылар», «Сапаны жалпы басқару», «Дәлелді мейіргерлік практика және мейіргер ісіндегі зерттеулер (мейіргерлер)», «Бас және аға мейіргерлерге арналған мейіргерлік реформа шеңберіндегі менеджмент (бас және аға мейіргерлер)» және «Жүкті әйелдер мен кішкентай балаларға (дәрігерлер, мейіргерлер) патронаждың әмбебап прогрессивті моделі» сияқты курстар өткізілді.
Сонымен қатар, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті. м.ғ.к. Садықова Сәуле Сейсембайқызы Жамбыл облысының медицина қызметкерлеріне арналған «Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу, ковидтен кейінгі синдромды емдеу» семинар-тренингін өткізді. Семинар тренингіне барлығы 119 тыңдаушы қатысты. Оған өңірдің емдеу-алдын алу ұйымдарының инфекционистері, анестезиолог-реаниматологтар, жалпы практика дәрігерлері пульмонологтар, эндокринологтар, кардиологтар қатысты.

Филиал жаңалықтары