Перкутанды нефростомия – жоғарғы несеп жолдарын кәріздеуші шағын инвазивті әдіс

07 Oct 2011

Медицина саласында техникалық прогрестің дамуына байланысты, соның ішінде урология саласында ауруларды емдеуде шағын инвазивті емдеу әдістері кең көлемде қолданылып жүр. Соңғы кезде урологиялық практикада жоғарғы несеп жолдарының обструкциясын жойып, несеп шығуын қалпына келтіру өзекті мәселеге айналып отыр. Жоғарғы несеп жолдарының дилятациясы (уретерогидронефроз) бір жақты, кейде екі жақты дамиды. Бұл үрдіс бүйрек қызметін төмендетіп, оның семуіне, яғни қайтымсыз асқынуы бүйректер жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Осындай өзгерістердің алдын алып, науқастың жағдайын жақсарту мақсатын да жоғарғы несеп жолдарын кәріздеудің түрлі әдістері қолданылады. Қазіргі кезде жоғарғы несеп жолдарын кәріздеуде диагностикалық және емдік мақсатта қолданылатын бірден – бір тиімді және шағын инвазивті әдіс – перкутанды нефростомия. Бүгінгі таңда перкутанды нефросто-мияға көрсеткіштер кеңейіп келеді. Бұл әдісті қажет жағждайда бір мезетте екі бүйрекке де қоюға болады.

 

Зерттеудің мақсаты – жоғарғы несеп жолдарын кәріздеудегі емдік және диагностикалық перкутанды нефростомияны қолдану нәтижелерін жетілдіру.

Материалдар мен әдістер. Зерттеуде перкутанды нефростома қойылған 81 науқас талқыланды. Перкутанды нефростома (ПН) түрлі себептерге байланыс-ты жасалды (кесте 1).

 

1 кесте — Науқастардың ПН жасалу себептеріне байланысты жіктелуі

Перкутанды нефростомия себептері

Науқастар саны

%

1

Несепағар тастары

11

13,6

2

Қуықтың ісіктері

8

9,9

3

Несепағардың төменгі 3\1 бөлігінің тарылуы

15

18,5

4

Астау — несепағарлық сегменттің жеткіліксіздігі

4

4,9

5

Несепағардың жүйке – бұлшық еттік дисплазиясы

6

7,4

6

Бүйрек тастары

13

16,1

7

Бүйректің рецидивті тастары

9

11,1

8

Бүйректің резидуалды тастары

7

8,7

9

Мүйізді тастар

4

4,9

10

Несепағар – қынаптық жыланкөз

4

4,9

Барлығы

81

100

 

Осы деректерге байланысты 11 науқасқа несепағар тастары, 8 – қуық ісіктері, 15 – несепағардың төменгі 3\1 бөлігінің тарылуы, 4 – астау – несепағарлық сегменттің жеткіліксіздігі, 6 – несепағардың жүйке – бұлшық еттік дисплазия-сы, 13 – бүйрек тастары, 9 – бүйректің рецидивті тастары, 7 – бүйректің резидуалды тастары, 4 —  мүйізді тастар және 4 науқасқа несепағар – қынаптық жы-ланкөзге байланысты перкутанды нефростома жасалды.

Неспағардың тастарына байланысты ПН жасалған 11 науқастың 4 жағдайында экстракорпоралды соққы толқынды литотрипсия, 7 – уретеролитоэкстракция жасалды.

Қуық ісіктеріне байланысты 8 науқасқа және сәулелік емнен кейін дамыған несепағардың төменгі бөлігінің тарылуы бар 9 науқасқа ПН паллиативті ем ретінде жасалды. Ал несепағардың туа біткен тарылуы бар 7 науқасқа, несепағардың жүйке – бұлшық еттік дисплазиясы бар 6 және несепағар – қынаптық жыланкөзі бары 4 науқасқа перкутанды нефростома жоғарғы несеп жолдарын несептен босатып, қабыну үрдісін емдеу мақсатында емнің бірінші кезеңі ретінде қолданылды.

Несеп тасын емдеуде ПН алатын орны ерекше. Бүйрек тастрымен емделген 29 науқастың 17 жағдайында ПН +ЭСТЛ, 12 – перкутанды нефролитотрипсия жасалды. Несеп тас ауруын емдеуде ЭСТЛ мен перкутанды нефростоманы үйлестіріп қолдану емнің тиімділігін 91,9% арттырды. Сонымен қатар мүйізді тастар мен үлкен мөлшердегі тастарды үгітуде перкутанды нефростома үгітілген тас бөлшектерінен түзілген «тас жолдарынан» болатын бүйрек шаншуы, жедел серозды пиелонефрит және созылмалы пиелонефриттің өршуі сияқты асқынулардың алдын алу мақсатында  қойылды.

Нәтижелері. Перкутанды нефростомиядан кейінгі кезеңде 3 (3,7%) жағдайда нефростомалық түтіктен қан кету, 2 (2,4%) – паранефралды гематома кездесті.  Аталған асқынулар консервативтік жолмен емделді. Сонымен бірге 4 (3,5%) науқаста нефростомалық түтіктің дренаждық қызметінің жеткіліксіз болуына байланысты түтік алмастырылып, 2 (2,4%) жағдайда нефростомалық түтіктің шығып кетуіне байланысты ренефростомия жасалды.

Қорытынды.

1. Перкутанды нефростомия – жоғарғы несеп жолдарын кәріздеуде тиімді, шағын инвазивті емдік және диагностикалық әдіс.

2. Перкутанды нефростомияны дер кезінде салу жоғарғы несеп жолдарын кәріздеумен бірге, ауру сезімін басып, жедел іріңді пиелонефриттің алдын алады.

3. Перкутанды нефростомияның операция алдындағы дайындық пен опера­циядан кейінгі кезеңде жоғарғы несеп жолдарын кәріздеуде алатын орны үлкен.

4. Несеп тасы ауруын емдеуде перкутанды нефростомиямен үйлестіріп жүргізілген ем тиімділігі 91,9% артты.

Жоғарыда баяндалған мәліметтерді қорыта келгенде перкутанды нефросто­мияның урологиялық практикада кең қолданылып, жақсы нәтижелерге қол жет­кізуі, оның урология саласында емдік және диагностикалық мақсатта кең көлемде қолданылатын тиімді және шағын инвазивті әдіс екеніне көз жеткізді.

Литература

  1. Алчинбаев М.К., Сарсебеков Е.К., Малих М.А. Современные методы лечения мочекаменной болезни. – Алматы.: Казахстан, 1997. с.141.
  2. Мартов А.Г. Анахасян Р.С., Зенков С.С. Создание чрезкожного антеградного доступа для удаления камней почек и мочеточников. Сов. мед. 1998; 2: 103 – 108.
  3. Аляев Ю.Г., Рапопорт Л.М., Григорьев Н.А. и др. Роль мультиспиральной компьютерной томографии в оптимизации доступа при перкутанной хирургии нефролитиаза. В кн.: материалы пленума правления Российского о – ва урологов. Тюмень; 2005. 448.
  4. Тиктинский О.Л., Александров В.П. Мочекаменная болезнь. СПб.: Питер; 2002.
  5. Мартов А.Г., Яненко Э.К., Андронов А.С. и др. Перкутанная эндохирургия коралловидного нефролитиаза. В кн.: Первый Российский конгресс по эндрурологии. М.; 2008. 197 – 198.

 

Перкутанная нефростомия – малоинвазивный метод дренирование верхних мочевыводящих путей

Сенгирбаев Д.И.

В работе проведен анализ результатов лечения 81 больного, которым в ходе лечения обструктивной уропатии различной этиологии с целью дренирование верхних мочевых путей и как первый этап лечения произведены перкутанная нефростомия. Анализ полученных данных показал что, перкутанная нефростомия является эффективным, малоинвазивным методом дренирования верхних мочевых путей с лечебной и диагностической целью.

 

Percutaneous nephrostomy — a noninvasive method of the upper urinary tract drenage

D.I. Sengirbaev

The paper analyzes the results of treatment of 81 patients who during treatment with obstructive uropathy of different etiology in order to drain the upper urinary tract and as the first stage of treatment performed percutaneous nephrostomy. Analysis of the data showed that percutaneous nephrostomy is an effective, minimally invasive method of drainage of the upper urinary tract with the medical and diagnostic purposes.

Перкутанды нефростомия – жоғарғы несеп жолдарын кәріздеуші шағын инвазивті әдіс

Сеңгірбаев Д.И.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ