Эндоцервицит және жатыр мойны эрозиясының дамуында жыныстық жолмен жұғатын инфекцияның рөлі

07 Oct 2011

Мақалада жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың эндоцервицит және жатыр мойны эрозиясының дамуындағы рөлі жайлы айтылған және жергілікті емінің тиімділігігіне зерттеу жүргізілген.

 

Қазіргі кезде жыныстық жолмен жұғатын инфекция (ЖЖЖИ), медицина ғылымындағы ең бір келелі мәселенің бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда ЖЖЖИ бойынша эпидемиялық жағдай шұғыл нашарлады. Аурушаңдық құрылымында өте жиі трихомониаз (192,4 100.000  тұрғынға), мерез (164,4  100.000 тұрғынға), создық ифекция (348 100.000 тұрғынға), урогениталдық хламидиялық инфекция (100.000 тұрғынға 38,5) жиі кездеседі [1].

ЖЖЖИ ішінде ең көп тарағаны трихомонадалық инфекция. Трихомониаз несеп жыныс мүшесінің көп ошақты әр бөлігін зақымдаумен, созылмалы ағыммен және қайталануға бейімділікпен сипатталады [2].

Хламидии адамды және жануарлардың көптеген түрін зақымдауға қабілетті, барлық ағзаларды зақымдайды, сонын ішінде несеп жыныс мүшесін [3-5.]

Гениталии хламидиозы — жыныстық жолмен жұғатын, жиі кездесетін аурудың бірі. Жыл сайын дүние жүзінде 90 миллионға жуық хламидиялық инфекцяның жаңа оқиғасы тіреледі; сексуалды белсенді жас адамдардың онымен 5-10% зақымдалған [6-8]. Әсіресе белсенді жыныстық кезеңге енді түскен жас әйелдер арасында хламидиоздың көбеюі байқалады. Бұл мәселенің кез-келген жайы тек дәрігер дерматовенерологты ғана қатер зонасына жатқызбайды. Пациент үшін асқыну қатері жоғарылайды, дәрігерге нәтижесіз тәжірибе, этикалық және психиологиялық мәселелердің даму қатері туындайды.

Зерттеудің мақсаты жатыр мойны эрозиясы және эндоцервицит емінің тиімділігін зертттеу.

Зерттеу материалдары: Гинекологиялық тексеру кезінде анықталған жатыр мойны эрозиясы және эндоцервициті бар 59 әйел тексерілді. Бақылау тобына углевод алмасу бұзылыстары бар, кіші жамбас қуысына операция жасалған, глюкокортикостероидтармен ем алған, ЖІС қолданатындар енгізілген жоқ. Барлық пациенттерге кольпоскопиялық зерттеу, сондай-ақ бактериоскапиялық және бактериологиялық зерттеу (трихомонадалық инфекцияны анықтау үшін), антиденелердің түзу флюресценциясы (хламидиялық инфекцияны анықтау үшін) жүргізілді.

Науқастардың жасы 19 жастан 41 жасқа дейін, орта жасы-27,5 жыл. 15 әйел (25,4%) некеде тіркелген, 29 (49,1%) – азаматтық, 3 (5%) айырылысқан және 12 (20,3%) бұрын тұрмыста болмаған. 50 әйел (84,7%)  босанбаған, ал 9 (15,2%) анамнезінде жедел босану, 38 (64,4%) ананезінде асқынбаған түсік, босанбаған әйелдердің 3 (5%) – екіншілік бедеулік анықталды. Қалған әйелдердің барлығы осы сәтте жүктілікті жоспарламаған және контроцепцияның әр-түрлі әдістерін қолданады.

Нәтижесі: тексергенде 21 науқаста (35,6%) трихомонадты кольпит, 18 әйелде (30,5%) 7 айға созылған сальпингит. 4 пациентте (6,7%) – 5 айға созылған эндоцервицит анықталды.

Жатыр мойны эрозиясының болу ұзақтығы:

1 жылға дейін 30 науқаста (50,8%), олардың ішінде алғаш  рет анықталғаны 12 (20,3%);

1 жылдан кейін – 29 науқаста (49,1%) құрады

Кольпоскопиялық зерттеуде: фолликулярлық эрозия- 45 науқаста (76%), папиллярлы эрозия- 12 науқаста (20%), нағыз эрозия- 2 науқаста (3%) анықталды.

29 науқаста (49,1%) жатыр мойны эрозиясында ем Солковагилмен жүргізілді, 18 әйел жергілікті емді хлорфилипт және октенисеп ерітінділерімен, сондай-ақ метилурацил майы және солкосерил желесімен тампон түрінде қабылдады.

Жүргізілген ем 44 әйелде (75%) нәтиже бермеді. Осыған байланысты науқастарға бактериологиялық әдіс және антидененің түзу флюросценциясы көмегімен қосымша лабораториялық тексеру жүргізу ұйғарылды.

Нәтижесінде: тағы 7 әйелде (15,9%) трихоманиаз, 11 әйелде (25%) хламидиялық моноинфекция анықталды. 21 әйелді (47,8%) қосымша тексергенде алдында трихомонадтты кольпит диагнозы қойылған 6 әйелде (13,6%) хламидиялық инфекция анықталды.

Соныменен 22 пациентте (50%) трихомонадтты моноинфекция, хламидиялық моноинфекция 11 (25%), микстинфекция (хламидии+ трихомонада) 6 науқаста (13,6%) анықталды.

ЖЖЖИ қоздырғышы анықталған барлық әйелдерге этиологиялық агентті есепке ала отыра жиынтақты ем тағайындалды. Жүргізілген ем нәтижесінде қабыну реакция азайды және эрозияның эпителлизациясы байқалды: 15 күнде -10 пациентте (22%); 20 күнде – 30 пациентте (68%);

25 күнде – 3 пациентте (7%)

Қорытынды:

  1. ЖЖЖИ-ның жатыр мойны эрозиясы және эндоцервициттің нәтижесіз емімен байланысы анықталды.
  2. Трихомонадаға хламидияға қарсы препараттармен жүргізілген жиынтықты ем цервикалды каналдағы қабыну белілерінің қайтуына және жатыр мойны эрозиясының эпителизациясына әкелді.
  3. Жатыр мойны эрозиясы және эндоцервицит емінің тиімділігін арттыру үшін, ЖЖЖИ анықтау мақсатында арнайы лабораториялық зерттеу әдістерін кеңінен қолдану орынды.

Әдебиеттер

  1. Ешимов А.Е.  Научные основы совершенствования эпидемиологического надзора и профилактики ИППП в пенитенциарных учреждениях Автореф… канд.мед.наук. Алматы, 2004, 23с.
  2. Флагил в лечении венерических и кожных болезней. Методическая инструкция, Алматы, 2002, 18с.
  3. Айламазян Э.К. Хламидийная инфекция в акушерстве. – СПб. — 2003.
  4. Баткаев Э.А., Липова Е.В. Лечение генитального герпеса и урогенитального хламидиоза. Учебное пособие. – М.: Издательство РМАПО МЗ РФ.-2001.
  5. Брагина Е.Е., Орлова О.Е., Дмитриев Г.А. Некоторые особенности жизненного цикла хламидий. Атипичные формы существования (обзор литературы)// ЗППП. – 2002, №1.
  6. Медицинская микробиология.- Москва: Гэотар Медицина. — 2005.
  7. Козлова В.И., Пухнер А.Ф. Вирусные, хламидийные и микоплазменные заболевания гениталий. – М.: ИИД “Филинъ”.-2003.
  8. Askienazy-Elbar M.// Inf. Diseases in Obstetr. And Gynecol.-2006. — N4.- p.143-148.

 

The role of infections transmitting via genital tracts in progression of endocervicitis and cervical erosion

Nurusheva S. M., Sagidoldina L. K., Beisebayeva U. T.

The article describes the role of infections transmitting via genital tracts in progression of endocervicitis and cervical erosion and presents research about effectiveness of topical treatment.

 

Роль инфекции передаваемых половым путем в развитии эндоцервицита и эрозии шейки матки

Нурушева С.М., Сағидолдина Л. Қ. Бейсебаева У.Т.

Статья описывает роль инфекции передаваемых половым путем в развитии эндоцервицита и эрозии шейки матки и приводит исследование об эффективности местного лечения.

Эндоцервицит және жатыр мойны эрозиясының дамуында жыныстық жолмен жұғатын инфекцияның рөлі

Нурушева С.М., Сағидолдина Л.Қ., Бейсебаева У.Т.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ