17 Oct 2011
Қыркүйек айының аяғы мен қазан айының басында Xenopsylla skrjabini бүргелері көпшілігінде көбею процесі аяқталып, олардың диапаузаға кететіні байқалды. Ал олардың ұрпақ беруі қазан айында да жалғасады. Біздің жоғарыдағы мәліметтерден Xenopsylla skrjabini туысты бүргелердің негізгі құрамын 1-2 жастағы бүргелер құрайтындығын білдік, яғни 56,0 пайызға дейін. 5-6 физиологиялық жастағы кәрі бүргелер 37,0- 40,0 пайыз шамасында. Ал, 3- физиологиялық жастағы көбеюге қатысатын бүргелер саны 20,0 – 23,0 пайыз болды.
Бүргелердің барлық метаморфоз процесі зерттеуге алған жылдардың ауа-райына байланысты болуымен қатар, ерте немесе кештеу өтуі мүмкін.
Тасымалдаушылардың биологиялық ерекшеліктері, бүргелер генерациясының ауысуы, имаголар өмірінің ұзақтығы және тағы басқа жағдайлардың әсерінен зерттеу, біздің жүргізген жұмысымыздың негізгі бағыты болды.
Бұл мақсатта 1977-1980 ж.ж. сойылып зерттелген бүрге материалдарына талдау жасалынды. Осы мерзім ішінде 3135 бүрге сойылып, зерттелінді. Бұл мәліметтер бүргелер дамуының фенологиялық заңдылықтарын [1] барынша қадағалауға мүмкүндік бермегенмен, осылар негізінде Шығыс Қарақұмдағы Xenopsylla skrjabini [1,3,4] түрлі бүргесінің биологиясына белгілі бір талдау жасауға қол жеткіздік.
Бүргелерді сою нәтижелері № 1 кестеде көрсетілгендей, [2,3] сәуір айының І- онкүндігінде олардың жас қатынастарына қарағанда 1-2 жастардағы бүргелердің басымдығы 2 жастағылар 74 пайыз шамасында, ал осы айдың ІІ- онкүндігінде 3-4 жастағы ( 1-2 рет жұмыртқалаған ) бүргелердің үлес салмағы 43,4 – 52,0 пайызға көп екендігі байқалды. Сәуір айының ІІІ- онкүндігінен бастап бүргелер қауымдастығында орта жастағы (4 жас) және 5-6 жастағы кәрі бүргелердің 30,8 – 33,0 пайызға дейін көбейіп, 2-3 жастағы жас бүргелердің 6,5 – 1,5 пайызға азайғандығы байқалды.
Мамыр айының ІІІ – онкүндігі мен маусымның алғашқы күндерінде 1-2 жастағы жас бүргелер жаппай шыға бастайды, шамамен наурыз айының ІІІ — декадасы мен сәуір айының І — онкүндігінде салынған жұмыртқалардан шыққан. Маусым айының ІІ — онкүндігінде жас пен кәрі бүргелердің ара қатынасы теңеле бастағандығы және кәрі бүргелердің азайғандығы байқалды.
Жаз ортасында шілде, тамыз айларында Xenopsylla skrjabini қауымдастығында кәрі бүргелердің едәуір азайып, олардың орнына 1-4 физиологиялық жастағы бүргелердің яғни 43,0 пайызға дейін басымдығы анықталып отыр. Ауа-райының ысып, температура көтерілуіне орай бүргелердің жұмыртқа салу белсенділігі жоғарылап, аналық бүргелердің өсу дәрежесі жеделдетілгендігін байқаймыз.
1 кесте — Xenopsylla skrjabini бүргесінің физиологиялық жас құрамы 1977-1980 ж.ж.
Айы | Онкүндік | Сойылғананалық бүрге |
Олардың физиологиялық жас құрамы |
|||||
I | II | III | IV | V | VI | |||
Сәуір | I | 80 | — | 74,0 | 20,8 | 5,2 | — | — |
II | 90 | — | 4,6 | 43,4 | 52,0 | — | — | |
III | 110 | — | 1,5 | 6,5 | 28,2 | 30,8 | 33,0 | |
Мамыр | I | 180 | — | — | 10,0 | 70,0 | 20,0 | — |
II | 240 | — | — | — | 5,0 | 7,0 | 25,0 | |
III | 360 | — | — | — | 8,2 | 48,8 | 43,0 | |
Маусым | I | 220 | — | 2,0 | — | 3,5 | 40,5 | 54,0 |
II | 480 | 14,0 | 15,5 | 20,5 | 20,0 | 10,0 | 20,0 | |
III | 290 | 26,0 | — | 40,8 | 30,2 | 2,0 | — | |
Шілде | 117 | 40,0 | 20,5 | 15,0 | 16,0 | 4,5 | 4,0 | |
Тамыз | 96 | 43,0 | 12,0 | 27,0 | 14,0 | 2,0 | 2,0 | |
Қыркүйек | I | 380 | 25,0 | 37,0 | — | — | 12,0 | 25,0 |
II | 252 | 15,0 | 73,0 | — | — | — | 12,0 | |
III | 240 | 7,0 | 78,0 | — | — | — | 13,0 |

Қыркүйек айының І-онкүндігінде 1-2 физиологиялық жастағы бүргелер саны 37,0 пайызға көтеріліп, кәрі бүргелердің 12,0 пайызға азайғандығы анықталды. Осы айдың ІІ-ІІІ онкүндіктерінде 5-6 физиологиялық жастағы бүргелер саны 12-13 пайызға азайып, 2 жастағы бүргелер санының 78,0 пайызға күрт өскендігі байқалды. Кыркүйек айының соңында туған бүргелер көбею процесіне қатыспай белсенді түрде май қорын жасап диапауза процесіне кетеді.
Әдебиеттер
1. Бурделов Л.А., Кочубей Н.Г., Грюнберг В.В. и др. О случаях массового размножения блох кошек исобак в г.Алматы // Проблемы охраны устойчивого использов. Биоразнообразия животного мир Казахстана: Матер.междунар. науч. конфер. – Алматы, 1999. – С. 166-167.
2. Якунин Б.М., Чернова Н.А., Куницкая Н.Т. О числе генераций у блох Xenopsylla skrjabini на Мангышлаке. – Паразитология, 1979. 12(5); — С. 510-514.
3. Куницкая Н.Т., Куницкий В.Н., Гаузштейн Д.М., Савелова Н.М. Физиологический возраст блохи опыт анализа возрастного состава популяции Xenopsylla gerbilli . – Паразитология, 1977. 11(3); — С. 202-209.
4. Куницкий В.Н., Волков В.М., Леликова З.Ф., Агунькина О.С. О числе генераций у Xenopsylla skrjabini в условиях Прикаспийской низменности. В сб. Матералы VII науч.конф. противочум.учреждений. Ср.Азии и Казахстана. — Алма-Ата, 1974. — С. 323-325.
Физиологический возраст блох XENOPSYLLA SKRJABINI в Приаральско-Каракумском автономном очаге чумы в 1977-1980 годах
Д.И.Ботабаева, Б.К. Молдабеков
В конце сентября и начале октября популяция блох Xenopsylla skrjabini снижается интенсивность процесса размножения и блохи уходят в диапаузу. Но выплод продолжается также в октябре. Большую часть популяции состовлят блохи 1-2 физиологического возраста около 56 процентов, старые блохи 5-6 возрастов составляют около 37-40 процентов. Сроки начала и конца процесса размножения у блох могут сдвигаться в зависимости от погодных условий сезонов года.
Physiological age flea Xenopsylla Skrjabini in the Aral Karakum-autonomous plague focus in the years 1977-1980
D.I Botabaeva, B.K. Moldabekov
In late September and early October, the population of fleas Xenopsylla skrjabini reduced the intensity of the Reproduction and fleas go into diapause. But breeding continues in October. Most of the flea population sostovlyat 01.02 physiological age of about 56 per cent, the old flea 6.5 age is around 37-40 percent. Beginning and end of the process of reproduction in fleas may shift depending on the weather seasons.
Д.И.Ботабаева, Б.К. Молдабеков
Қызылорда обаға қарсы күресу станциясы, Жосалы обаға қарсы күресу бөлімшесі