Бүйректің маржан тәріздес ( коралл) тасын ашық литолапаксия әдісімен емдеу

24 Oct 2011

Зәр тасы туралы мәліметтің  адамзатқа өте ерте дүниеден бері ақ белгілі болғандығы жөніндегі  ақпар Египеттегі, біздің дәуірімізге дейінгі 3500-4000 жылдары мумияланған адам денесін зерттеген кезде  табылған .Кейбір аймақтарда зәр тасы кеселімен адамдардың жаппай  ауыратыны байқалады, мұндай  жерлерді эндемикалық аймақтар дейді. Дүние жүзінде зәр тасы сырқаты Австрияда, Нидерландияда, Югославияда, Грецияда, Туркияда, Сирияда, Мысырда, Бразилияда,  АҚШ тың шығыс аудандарында, Түркіменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Кавказда, Еділ бойында, Оралда, Қиыр Сібірде, ал Қазақстанның оңтүстік аймақтарында (Шымкентте,Кызылордада ) өте   жиі ұшырасады.Мұның өзі  зәр тасының пайда болуында экзогенді факторладың (  географиялық, ұлттық салт дәсүрлер , тамақтану  ерекшеліктері  т.б. )   үлкен роль атқаратындығын дәлелдейді.( Ормантаев К.С.,Чичикасов О.Я. 1975, Пулатов А.Т. 1990 ). Ұл балалар қыздарға қарағанда 2-3 есе көп ауырады.

Бүйректің үлкен маржан тәріздес ( кораллов )  тастарын қазіргі урологияда  жоғары технологиялық аз инвазивті әдістермен бұзу және конкрементерін алу да қиыншылық туғызуда. Арақашықтық (дистанция) литотрипсия және әр түрлі контакті перкутанды,трансуретральды әр түрлі энергияның көмегімен механикалық  және лазерлі және де басқа эндоурологиялық әдістер кей жағдайда    техникалық  тұрғыдан  орындау өте қиын.Сондықтан бүйректің   маржан тәріздес (короллов) тастарын ашық хирургиялық ашық емдеу  өте ыңғайлы , көптеген жағдайларда ең маңыздысы да болып саналады. Секциялы нефролитотомия өте ауқымды және қауыпті оталау, бұл операцияның қауыпі тастардың бөлінуін азайтатын және нефротомды  және пиелотомды  жолдармен алуын қиындатады.

Науқас М., ауру тарихы № 1328, 06.03.2003 ж.Түскен кездегі шағымы бел аймағындағы ауру. Экскреторлы урографияда-  сол жақ бүйректе маржан тәріздес тастың бар екені байқалды. Сол жақ бүйректің жайылған кораллов маржан тәріздес  тасына ішкі бүйрек астауы жағынан люмботомия жасалынды. Жоғарғы тостақаншаның жұқарған жерінен парциальды нефротомия жасалынды,мықты қысқашпен  тас аралығы бұзылып , жоғарғы бөлігі алынды, сосын  төменгі тостақаншаның жұқарған паренхимасынан  парциальды кескен жара бойынша тастың төменгі бөлігі алынды. Қайта рентгенографиядан кейін  нефростома қалдырылып, бүйрек жаралары тігілді.

Науқас М., ауру тарихы №1578 , 19.03.2004 жыл.Өте үлкен коралл тасы бойынша оң жақ бүйректен люмботомия , несеп ағарға турникет салынды, тостақаншаның жоғарғы мойын аралығына дейін артқы пиелолитотомия жасалынды,  астау несеп ағар  сегментінен және төменгі тостақаншадан шығып тұрған тас бөлігі  мықты қысқашпен   бұзылды. Бұзылған бөлішектері алынғаннан соң, қалған тас үлкен бөлігімен алынды. Ревизия жасағанда резидуальды тастар қалған жоқ.Операция пиелостомия жасаумен аяқталды. Операциядан кейінгі кезең барлық операциядан кейін асқынусыз өтті. Бұл кездерде бүйректің  жарақаттануы  болған жоқ,қан тамырларға турникетті салудың қажеті жоқ және қан ағу, тромбоз, іріңді септикалық  аурулардың болу  қауіпі төмен.

Демек, бүйректің  үлкен (коралл ) маржан тәріздес  тастарын  емдеуде маңыздысы ашық литолапаксия,алдын ала конкрементерді фрагментациялап  кішкене кескін жара бойынша алынатын әдіс.

Әдебиеттер:

  1. «Балалардағы уролитиаз » Пулатов А.Т. Ленинград, 1990
  2. « Несеп — тас ауруы.Зерттеу және емдеудің таңдаулы сұрақтары » Аляев Ю.Г., Руденко В.И.,Газимиев М.А.Москва 2006 ж.
  3. « Соққы толқынды дистационды литотрипсияның асқынуы » Москва 2001 ж. Аляев Ю.Г., Рапопорт Л.М.,Руденко В.И.,Винаров А.З.
  4. » Балалар урологиясы » Сұлтанбек Ешмұхамбеттегі  1994 жыл.

 

Резюме: Бұл мақала кораллов невролитиазын  хирургиялық емдеуге ұсынылған.In sito  тастарды астаудың  кішкене кескен тесігінен және бүйрек паренхимасынан  бөліп алу.

 

OPEN LITHOLAPAXY IN TREATMENT OF STAGHORN CALCULI.

Summary: This article is devoted to surgical treatment of staghorn nephrolithiasis, namely fragmenting stones in situ by sparing incisions pelvis and parenchyma of the kidneys minimum, followed by removal of stone fragments.

ОТКРЫТАЯ ЛИТОЛАПАКСИЯ В ЛЕЧЕНИИ КОРАЛЛОВИДНЫХ КАМНЕЙ ПОЧЕК.

Резюме: Статья посвящена хирургическому лечению коралловидного нефролитиаза, а именно фрагментированию камня in situ через щадящие разрезы лоханки и паренхимы почки минимальных размеров с последующим удалением отломков.

Бүйректің маржан тәріздес ( коралл) тасын ашық литолапаксия әдісімен емдеу

Илюхин В.Г.,Курбанов Р.А.
Қ Р ҰҚК Орталық Әскери Госпиталь. Алматы қаласы.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ