Субүйректі (гидронефроз ) емдеудегі интраренальді калико -каликостомия

24 Oct 2011

Субүйрек бүйректен бөлінетін зәрдің астаудан зәраққышқа  дұрыс ағып шықпауы салдарынан алдымен астауға , сосын тостағандарға іркіле келе, олардың қуысын үдемелі түрде кеңейте беретін дерт. Субүйрек бұл тұрақталған , өршіген бүйректің  астау тостақаншаларының кеңеюі және зәр бөліну қызметінің  бұзылунан болған паренхимасының атрофиясы.  Субүйрек  терминін 1841 жылы Р.Raуer  ұсынған  және жарты ғасыр ішінде патогенезін, этиологиясын,патологиялық анатомиясын және емін әрі қарай дамытуда   уролог ғалымдарымыз   С.П. Федоров , П.А. Герцен, К.Ф.,Карафа- Корбут, Абрамян А.Я., Голигорский С.Д., Кацыф А.М., Лопаткин Н.А., С.Ешмұхамбеттегі  және басқалар өз үлестерін қосты.

Көптеген  жіктеулерде  (классификация) былай ұсынылады; біріншілік туа пайда болған және екіншілік жүре пайда болған ; ашық, жабық, интермиттирленген; асептикалық , жұқпаланған және зәр бөлінудің бұзылу дәрежесі.Н.А. Лопаткин мен А.В. Люлько ( 1987 ) субүйректің даму барысын 3 сатыға бөледі. 1 — сатыда тек астауы  ғана кеңиді ( пиелоэктазия ) сонымен бірге бүйректің қызметі  аздап нашарлайды; 2- сатыда астауы (пиелоэктазия) мен тостағандары да (гидрокаликоз) кеңиді, сонымен бірге бүйректің паренхимасы жұқарады және функциясы өте қатты нашарлайды;3-сатыда бүйрек паренхимасының мүлдем семіп қалатындағы соншалықты, әбден жұқарып, іші зәрге толған дорбаға айналып қалады.

Көптеген қызығушылық туғызатын және жиі кездесетін бұл  туа пайда болған гидронефроз.Балаларда бұл ауру көбінесе іштен пайда болып туылады. Субүйректің пайда болу себептері әр-түрлі ( астаудың зәраққышқа өтетін бөлігінің тарылып қалуы, астаудан зәрдің дұрыс ағып шығуынан , сол араға ауытқып  орналасқан қосымша тамырлардың болуы, зәраққыштың астаудан шыға беріс жерінің қисайып қалуы  және тағы да басқалары ).

R. Dе Petriconi  және Ch. Viville (1982 ) рентгенурограммадағы нышандарына қарап субүйректі 5 сатыға бөледі: 1- астаудың астыңғы жағы томпайып шығып бөледі; II-тостағандардың биіктігі екі есе  кішірейіп кетеді,ал астауы кеңи  түседі;III-тостағандары онша өзгеріске түсе қоймайды, астау кеңи береді;IV-тостағандарының пішіні  қатты өзгереді, астауының көлемі одан әрі кеңи түседі, V- тостағандарының  түрі шар тәріздес шектен тыс үлкейіп кетеді. Субүйректің себептері он шақты болса, ал оны хирургиялық түзету (коррекция) операциялары жүздеген.Көптеп қолданылатын  бұл Хайнес- Андерсон — Кучера астаумен резекциялау операциясы.Бұл операция  кезінде астау сегментін кеңейтіп және түзетіп  әр түрлі субүйрек ақауларында   қолдануға болады.

Дихотомды астау жағдайына тоқталайық. Осы жағдайда астауды резециялау  бүйректің жоғарғы сегментінен зәрдің ағуын бұзады және бұл  жағдай дихотомды емес астауда да  жалпақ резециялау кезінде  де кездеседі.Бұл жағдай тек каликостомия әдісімен ғана шешіледі.Астауды кескеннен соң ,дихотомды астаумен және тостағандар арасында тар аралық кесіліп, жіңішке кетгут жібімен тігіледі.Сосын классикалық  Хайнеса- Андерсона- Кучера  астауды дренаждау  операциясы жасалады.Көптеген модификацияларда    дихотомды  астаудың обструциясын жасамайды.

Біздің клиникада  жарасы біріншілік жазылумен біткен екі операция жасалынды.

Науқас С, 20 жаста оң  бел аймағының аурумен  және зәр сараптамасында лейкоцитурия белгілерінің болуымен шағымданды. Тексеру кезінде  2 дәрежелі диахотомды астаудың  гидронефрозы, астаудың ірі тасы.

Науқас   К  25 жаста оң  бел аймағының аурумен  шағымданды.Тексеру барысында 2 дәрежелі гидронефроз диагнозы қойылды .Операциядан кеиінгі кезең екі науқаста да асқынусыз өтті. Кайталанган эксреторлы урограммада 6 айдан кейін  обсрукция жоқ, бүйректің жоғарғы бөлігінен зәрдің бөлінісі бұзылмаған.

 

Әдебиеттер:

  1. Кучера Я.  » Хирургия гидронефроза  и уретерогидронефроза » Прага, 1963
  2. Абрамян А.Я. » Гидронефрозы » Москва ,1956
  3. Голигорский С.Д. » Хирургия лоханочно- мочеточникового сегмента» Кишинев, 1966
  4. Лопаткин Н.А., Пугачев А.Г. «Детская урология » Москва ,1986
  5. Манагадзе Л.Г. » Оперативная  урология . Классика и новации» М., 2003
  6. Сұлтанбек  Ешмұхамбеттегі «Балалар урологиясы»

Резюме:Бұл мақала  субүйректің  дихотомды астауын  хирургиялық  түзету ( коррекциялау)  ерекшелігіне арналады. Интраренальды каликостомия  ұсынылды   бұл  бүйректің жоғарғы сегментінен зәрдің бөлінуін  бөлдырмау үшін  қарапайым астаудың жалпақ резекциясында  ыңғайлы.

Резюме: Статья  посвящена особенностям  хирургической коррекции гидронефроза  при дихотомной лоханке. Предложен способ интраренальной каликокаликостомии, удобный также при широкой резекции обычной лоханки для предотвращения нарушения оттока мочи из верхнего сегмента.

Summary. Article is devoted to the peculiarities of surgical correction of hydronephrosis in dichotomous pelvis. A method for intrarenal calicocalicostomia, comfortable and at wide resection of the normal pelvis in order to prevent complications of the outflow of urine from the upper calyx of the kidney.

Субүйректі (гидронефроз ) емдеудегі интраренальді калико -каликостомия

Илюхин В.Г., Курбанов Р.А.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауыпсіздік Комитетінің Орталық Әскери Госпиталі.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ