СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПЕДИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ НЕГІЗГІ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

18 Jan 2012

Түйін Стационарлық деңгейде сапалы медициналық көмек көрсетудің арқасында, жаңа деңгейдегі технологиялық әдістерді және ем беру мақсатында, шетінеу көрсеткіші төмендетілді, аурушаңдықтан асқынулар азайтылды, аурудың аяқталуы бойынша, ауруханадан сауығып шығу пайызы жоғарылады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар 2011 жылы дәстүрлі Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің осы заманға сай талаптарға сәйкестендіріп,  қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің барлығы жасалып жатқаны аталды.

Осыған орай, өз тарапымыздан аурухана ұжымының дәрігерлері бір ауыздан бірігіп, «Ұрпақ саулығы – Ұлт саулығы» ұғымын ескеріп, балалардың денсаулығын қорғап, нығайтуға нәтижелі жұмыс атқарудамыз.

Қызылорда облысы әкімінің 27.12.2001 жылғы № 104 қаулысымен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 25.12.2001 жылғы № 788 бұйрығы негізінде, ҚР Үкіметінің 14.05.2001 жылғы «2001-2005 жылдары ана мен бала денсаулығын қорғау жөнінде» үкімінің орындалуын көздей отырып, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жоғарылату мақсатында, 2002 жылдың 26 қаңтарында Қызылорда қаласында Облыстық балалар ауруханасы ашылды, 2010 жылы мекеме  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға ауыстырылды.

Облыстық балалар ауруханасы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін 250 төсек-орынға және құрамында бiр ауысымда 300 бала қабылдайтын, кеңес беру диагностикалық емханасы бар  әкiмшiлiк, шаруашылық бөлiмi бар мемлекеттiк мекеме.

Ауруханада 9 емдiк бөлiмше жұмыс жасайды:

1. Пульмонология бөлiмшесi             40 төсек-орын

2. Кардиогематология бөлiмшесi          30 төсек-орын

3. Гастроэнтерология бөлiмшесi           30 төсек-орын

4. Неврология бөлiмшесi                              40 төсек-орын

5. Қайта қалпына келтiру бөлiмшесi       30 төсек-орын

6. ЦП шалдыққан балаларды оңалту бөлiмшесi               20 төсек-орын

7. Нефрология бөлiмшесi                                    30 төсек-орын

8. Нәрестелер бөлiмшесi                                            30 төсек-орын

9. Реанимация және интенсивтiк ем беру бөлiмшесi

Қазiргi таңда облыстық балалар ауруханасында 368 қызметкер жұмыс атқарады,  48 дәрiгер, 175 орта буын медицина қызметкері. Жылына 10-15%-ға дейiн дәрiгерлер мен мейірбикелер  арнайы оқу орындарында  бiлiмін жетiлдiреді, соның қатарында Ресейде, Литвада өз білімдерін шыңдайды.

                                               Н е г i з г i  сапалы көрсеткiштер  

               

Көрсеткiштер

2010 жыл

2011 жыл

Абс.саны

Көрсет

кіш

%

Абс. саны

Көрсеткiш

%

Ауруханадан шығарылған балалар саны, барлығы

5654

5585

Оның iшiнде ауданнан

1380

24,4

1550

27,7

Күндiк төсектi орындау жоспары, барлығы

104,4

99,5

Төсек жұмысы

266

244,6

Төсек күнiнiң барлығы

66525

61161

Төсек айналымы

26,5

22,4

Науқастың орташа болуы

10,4

10,9

Бөлімнен бөлімге ауысу жиілігі

475

410

1 жасқа дейiнгi балалар

2201

38,9

1941

34,6

Жалпы ауруханалық өлiмге әкелу

37

0,6

28

0,5

1 жасқа дейiнгi шетiнеу

28

1,2

22

1,1

Жалпы тәулiкке дейiнгi шетiнеу

14

37,8

12

42,8

1 жасқа дейiнгi тәулiкке дейiнгi шетiнеу

11

39,2

10

45,4

Паталогоанатомиялық ашу

26

70,3

22

78,5

Жалпы ауруханалық өлiмге әкелу абсолюттік саны бойынша, 9 науқасқа төмендеді. Бірақ жалпы тәулiкке дейiнгi шетiнеу, оның ішінде 1 жасқа дейiнгi тәулiкке дейiнгi шетiнеу өсіп отыр. Себебi былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейiнгi науқастар саны аз және келген науқас балалар ауыр халде түсiп, сепсис диагноздары тiркелдi және жүрек ақаулары бар ауыр түрде түскен науқастардың вирусты бактериалды инфекция халдерiн нашарлатты.

Паталогоанатомиялық ашу  78,5 пайызды құрады. Себебі ҚР-ның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің № 56 бабында көрсетілгендей, 1 жастан жоғары балалардың шетінеуінде, мәйітті ата-анасының рұқсатына сәйкес ашуға тура келеді.     

Шетінеуді төмендету барысында, емдеу-диагностикалық жұмыстары бүгiнгi таңның соңғы жетiстiктерiне сәйкес атқарылып келеді. Жан сақтау бөлiмшесiнде ауыр халдегi балаларға желдетілген жасанды демдi ұзақ уақытқа және осы жағдайда диоксидин дәрiсiн  пайдалану, жаңа туған нәрестелерге «СИПАП» аппаратын қолдану, жаңадан алынған «Гемофеникс» аппараты  арқылы  нәрестелерге детоксикация жасау енгiзілді.

 

Нозология бойынша науқастар құрамы   

 

Көрсеткiштер

2010 жыл

2011 жыл

Абс.саны

пайыз

%

Абс.саны

пайыз

%

1.   Тыныс алу жолдарының аурулары:Бронхопневмония

Жедел бронхит

Бронхтық демікпе

1879

831

994

54

33,2

14,6

17,5

0,9

1642

962

623

56

29,4

  17,2

11,1

10,0

2.      Перинаталды кезеңде дамитын жеке жағдайлар

627

11

496

8,8

3.      Нерв жүйесiнiң аурулары:БЦП

1676

308

29,6

5,4

1855

303

33,1

5,3

4.   Бүйрек аурулары:Гломерулонефрит

Пиелонефрит

175

33

72

3,0

0,5

1,2

201

58

85

3,5

1,0

1,5

5.    Қан түзу жолдары және қан аурулары:ТЖ Анемия

191

51

3,3

0,9

246

83

4,3

1,4

6.      Жүрек-қан тамыр жүйесiнiң аурулары 

71

1,2

85

1,5

7.      Асқазан-iшек жолдары аурулары:Асқазан жарасы

Гастрит және дуденит

Холецистит

225

14

64

125

3,9

0,2

1,1

2,2

274

17

207

15

4,9

0,3

3,7

8.      Туа бiткен аурулар

175

3,0

203

3,6

9.      Эндокриндiк ауруларыҚант диабетi

 

103

12

    1,8

     0,2

95

28

1,7

0,5

10.  Улану мен жарақаттар

119

2,1

209

3,7

11.  Сүйек-буын жүйелерiнiң аурулары

49

0,8

89

1,5

 

Нозология бойынша, ауруханада ем алған балалардың бiрiншi орында нерв жүйесінің аурулары 33,1 пайыз,  2010 жылдың 9 айлығымен  салыстырғанда, біраз нозологиялық түрдегі науқастардың түсуі жоғарылаған, асқазан-iшек жолдары, қан  түзу жолдары және қан аурулары, улану мен жарақаттар, оның себебі амбулаторлық деңгейде «Д» есепте тұратын науқастарды сауықтыру жұмысының төмендігі, туа біткен аурулардың өсуі: пренаталды диагностиканың төмендеуі. Гастродуодениттер балалар арасында асқазанның ойық жарасының бірден бір алдын алу кезеңі болып табылады, сол себепті науқастар үнемі бақылауда болып, стационарлық деңгейде жылына бір рет тексеріліп, ем алуға тиісті. Тыныс алу жүйесінің аурулары төмендеуінің себебі, бала жасындағы ауруларды емдеуді бірлесіп жүргізу және ерте шақтағы балаларды дамыту әдістерін енгізу жұмысы қарқынды жүргізілуде, обструктивті синдроммен түскен науқастарға қабылдау бөлімінен бастап, «қолды» спейсермен аэрозольды винтолин дәрісі жасалып, обструкциясы алынады. 2011 жылдың 9 айында ауруханаға түскен 24 науқас жедел обструктивті бронхитпен, антибиотиксіз емделіп, жоғарыда аталған әдісті қолданғандықтан, обструкция белгілері 3 тәулікте жойылып, 18 науқас сауығып, 6 науқас жақсарып әрі қарай амбулаторлық деңгейде ем алуға шықты. Ауруханаға түскен 1 жасқа дейінгі науқастардың 45,5 пайызы фондық аурумен түседі. Қан аздылықтың темiр жетiспеушiлiк түрі 37,4 пайызды құрап, төмендемей отыр, БЭ Жетіспеушілік 2,8-ден 4,2-ге жоғарылап отыр. ДЦП ауруға шалдыққан балаларды емдейтiн арнайы бөлiмше бiздiң орталықта ғана ашылған. Жалпы облыс бойынша 368 бала “Д” тобында есепте тұрады, 12 — биылғы жылы есепке алынғандар. Ауруханамызда ем алған 268 бала болса, оның 16-қайталап түскендер, яғни жылына 2 рет сауықтыру емiн алғандар. Алғашқы рет диагнозы нақтыланған түскен науқастарды диагностикалауда зертхана кең көлемде вакуум-системамен қамтамасыз етіліп, гематологиялық, биохимиялық, иммунноферменттік анализаторлар қолданып келеді. Құрсақiшiлiк инфекцияға және басқа жұқпалы ауруларға ИФА тексеруiн жүргiзiп, 345 тесті Helicobacter pylori-ға, 144 науқаста табылып, оң мәнді көрсетті. Осыған орай жаңа антибактериалдық емдер қолданылуда. Жаңадан алынған, қанның газды анализаторы, зәрді тексеретін экспресс анализаторы ауруды ерте кезде нақтылауына оң ықпалын береді.

Ауруханада ультрадыбыстық зерттеуде, 4236 науқас тексеріліп, бүгiнгi таңда осы әдiспен жүрек, бас миы, барлық iшкi ас қорыту ағзалары, көз, қалқан безiн зерттеуге жасалады.

Науқас балаларға эхоэнцефалография, электроэнцефалография, нейросонография, фиброгастроскопия зерттеулер қолданылады. ФГДС зерттеуімен 202 науқас қаралып, 106 науқаста  гастрит, 32 –де эрозивті гастрит, 15 науқаста ойық жара табылды. Дәрi-дәрмекпен коса науқас балалар түрлi емдiк дене шынықтыру, массаж қабылдайды. Осы жылы алынған жаңа «Биоптрон» аппараты  физиоемдердің түрлерін кеңейтті. Ауруханада көз ауруларын арнайы емдейтін аппараттармен қоса “Крестик”, “Релакс”  компьютерлік емдік бағдармалар енгізіліп, 2009 жылы қашықтан көрмеушілік 750 науқастан анықталып, ем барысында, 2011 жылы 470-ке төмендеді. Балалардың есту қабiлетiн ерте анықтайтын “Аудиометр” аппараты қолданып, 53 науқаста саңыраулық анықталды.

Ауыл тұрғындары үшін, медициналық қолжетімділігін кеңейтуде, жедел көмекпен 22 дәрiгер 29 рет 34 науқасқа (реаниматор, неонатолог, пульмонолог, невролог,  нефролог) мамандары аудандарға барып  көмек көрсетті.

Аэрожұмылғыш арқылы аудандарға 5 рет 8 науқасқа көмек беріп, Арал ауданынан 2 науқас, тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Телемедицина арқылы 57 балаға 32 дәрігер кеңес берді.

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастыру барысында, мамандандырылған дәрігерлер бригадасы шалғайдағы елді мекендерге балаларды қарап, науқастарды анықтау мақсатында 5 рет аудандарға іс-сапармен жіберілді. Және де осы мамандармен жыл сайын орташа есеппен алғанда iссапар кезiнде 6000-нан 7500 балаға дейiн қаралып, 55%-ға дейiн аурушаңдық анықталады. Мамандандырылған дәрігерлер бригадасы қалада профилактикалық қарау жұмысын жүргізді: № 7 коррекция мектебінде 130 оқушы, «Жақсылық» бала бақшасында 62 бала, № 8 мектеп интернатында 123 оқушы. Аудандарға бекітілген, аудан кураторлары тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудандарға 9 рет іс-сапармен жіберілді.

Аурухана мамандары аудан, қала  дәрігерлеріне   жоспарлы және жедел  тәжiрибелiк көмек көрсетумен бірге, өзектi тақырыптар бойынша облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырады.

Ұжым қызметкерлерiнiң адал еңбегi бағаланып, 2009 жылы облыстағы “Үздiк аурухана” атағына ие болды, 2009-2010 жылдардың қорытындысымен дәрігерлеріміз жылдың «үздік маманы» деген атаққа ие болды.

 

Основные клинические показатели оказания стационарной

специализированной педиатрической помощи

Резюме Представлены основные клинические показатели педиатрической службы, результаты внедрение и применение новых технологии в лечении и снижении младенческой смертности детей. Итоги оказания организационно-методической помощи детскому населению.

 

Main clinical characteristics of SPECIALIZED PEDIATRIC CARE

Abstract   The basic clinical parameters pediatric of a service, results introduction and application of new technology in treatment and decrease(reduction) infantile death of children are submitted. Results rendering of the organizational-methodical help to the children’s population.

 

Г.Е.Ержанова

Облыстық балалар ауруханасы, Қызылорда қаласы

СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПЕДИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ НЕГІЗГІ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ