БАЛАЛАРДАҒЫ МЕНИНГОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АРАЛАС ТҮРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

20 Jan 2012

Түйін  Бұл зерттеу жұмысында  балалардағы менингококкты инфекцияның аралас түрінің клиникалық және лабораториялық көріністері сипатталған. Жұқпалы дерт менингит және менингококкемиямен, инфекциялық токсикалық шокпен өткен. Жиі (84,2%) үш жасқа дейінгі балалар ауырады және диагностикалық қателіктер де осы топтарда анықталды.

Менингококкты инфекция қазіргі кезеңде Қазақстанда өзекті мәселе болып отыр. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық мекемесінің мәліметі бойынша бес жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 20 жағдайды құрайды, көршілес  Ресейде 100 мың адамға шаққанда 11  науқасқа тең келсе, ал Америка Құрама Штаттарында бұл көрсеткіш төмен, тек 1,4-1,6 науқасты құрайды [1]. Елімізде 1990-1999 жылдар аралығында аурушаңдық көрсеткіші 3-4 есеге асқан. Менингококкты инфекциядан өлім көрсеткіші әрбір авторлардың зерттеулерінде әртүрлі болғанымен  орташа 8-10% құрайды [1;2]. Ерте диагноз қойылмауы, емнің уақытында қолданылмауы — менингит және менингоэнцефалитте, науқастың бас миының қалдықты органикалық өзгерістеріне, ал кейбір кездерде өлім жағдайына алып келеді.  Әсіресе, амбулаторлық жағдайда 53,8-75,0% дейін диагностикалық қателіктер жіберіледі. Сондықтан  тәжірибелік дәрігерлерге бұл инфекцияның алдын алу мақсатында — менингококкты инфекцияның клиникалық ерекшеліктеріне көңіл бөлуі қажет.

Зерттеудің мақсаты: Менингококкты инфекцияның аралас түрінің қазіргі кезеңде балалардағы  клиникалық және лабораториялық ерекшеліктерін анықтау.

Жұмыс әдістері мен материалдары: Жұмыс барысында Алматы қаласының балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделген 110 баланың ішінен 2 айдан 14 жасқа дейінгі, менингококкты инфекцияның аралас түрімен ауырған  31 (28,1%) науқастың клиникалық, лабораториялық тексеру мәліметтері сарапталды. Менингококкты инфекцияның аралас түрі диагнозы бактериологиялық және серологиялық зерттеулермен дәлелденген, сонымен қатар балаларға жалпы клиникалық тексерулер жүргізілді.

Зерттеу мәліметтері:

Бақылауға алынған  науқастардың 2/3 бөлігін 3 жасқа дейінгі балалар құрады, оның ішінде ұл балалардың басымдығы байқалды (1 кесте).

 

1 кесте.  Менингококкты инфекцияның аралас түрімен ауырған балалардың жас шамасы мен жынысы.

Жасы

Ұлдар

Қыздар

Барлығы

абс

%

абс

%

абс

М±m,%

0-1 жас

9

90,0

1

10,0

10 32,3±8,39 Р1 
1-3 жас

7

53,8

6

46,1

13 41,9±8,86 * Р2 
3-7 жас

1

25,0

3

75,0

4 12,9±6,02 Р3 
7-14 жас

1

25,0

3

75,0

4 12,9±6,02 Р4 
Жалпы саны:

18

 58,1±8,86

13

41,9±8,86

31 100,0  
*Жас топтарындағы  айырмашылық  Р2 и Р3, Р4  (Р<0,001) 

 

Науқас балалардың 50% астамы ауруының екінші күні бөртпе пайда болған кезде ауруханаға түскен. Ауруының бірінші тәулігінде 9,8±5,34% бала ауруханаға келсе, ауруының үшінші тәулігінде 2 есе көп болды, ал төртінші тәулікте зерттеудегі науқастардың 1/5 бөлігі түсті. Ауруханаға кеш  түсу үш жасқа дейінгі топтағы науқастарда басым байқалды, бұл менингококкты инфекцияның аралас түрі диагностикасының ерте жастағы балаларда қиын екендігінің айғағы.

Біріншілік амбулаторлық медициналық мекемелерде жіберілген диагностикалық қателіктерге  анализ жасау нәтижесінде, тек 22,6±7,51% науқасқа дұрыс диагноз қойылған. Науқастардың басым бөлігі (41,9±8,86%) ауруханаға: ЖРВИ, ЖРВИ аллергиялық бөртпемен, менингизммен, геморрагиялық бөртпемен, тырыспа синдроммен және вирусты диарея деген диагноздармен жіберілген. Жиі диагностикалық қателіктер 1мен 3 жас, 3 пен 7 жас аралығындағы топтарда жиі кездесті. Бұл көрсеткіштер төмендегі кестеде айқын  көрініс алды (2 кесте).

 

2 кесте.  Менингококкты инфекцияның аралас түрімен ауырған балаларға қойылған алғашқы диагноздар

 

Нозология

0-1 ж, n=10

1-3 ж, n=13

3-7 ж, n=4

7-14 ж, n=4

Барлығы  n=31

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Менингит+менингококкемия

1

10,0±

10,0

2

15,4±

10,42

1

25,0±

25,0

3

75,0

±25,0

7

22,6±

7,51

Менингит

2

20,0±

13,33

2

6,4±

4,4

Сероздыменингит

1

7,7±

7,69

1

3,2±

3,16

ЭВИ    2

20,0±

13,33

2

15,4±

10,42

1

25,0

±25,0

5

16,1±

6,6

ЖІИ 

1

10,0±

10,0

1

7,7±

7,69

2

6,4±

4,4

ЖРВИ :

3

30,0±

15,28

7

53,8±

14,39

3

75,0±

25,0

13

41,9±

8,86

— ЖРВИменингизм

 

— ЖРВИ, геморрагиялық бөртпе

 

— ЖРВИ,

тырыспа синдром

диарея

 

— ЖРВИ,

аллергия

1

 

1

 

1

 

10,0±

10,0

10,0±

10,0

10,0±

10,0

   —

6

 

 

1

46,1±

14,39

   —

 

7,7±

7,69

2

 

1

50,0±

28,87

 

  —

25,0±

25,0

 

   —

 

  —

  —

9

1

 

1

2

29,3±

8,17

3,2±

3,16

 

 

3,2±

3,16

 

 

6,4±

4,4

Бронхо-пневмония

1

10,0±

10,0

  —

  —

  —

1

3,2±

3,16

 

Менингококкты инфекцияның аралас түрінің клиникасы 100% науқаста жедел басталды.

Улану симптомдары  балаларда айқын болып, барлығында қызбамен жүрді: оның ішінде (22,6±7,51%) фебрильді, ал 3 жасқа дейінгі топтарда (16,1±6,6%) субфебрильді қызба анықталды. Қызбаның ұзақтығы 3-5-7күнге дейін анықталды, ал 1 жасқа дейінгі балаларда 10 күнге дейін созылды.Бас ауыруы барлық зерттеудегі науқастарда айқын болып, ұзақтығы 5 күнге дейін жалғасты. Менингиттің  белгілерінің бірі- құсу, қайталамалы немесе көп реттік, бір жастан асқан балалардың 100% байқалып, тек 8 науқаста бір жасқа дейінгі топта анықталды.

Бөртпе майда нүктелі, геморрагиялық түрімен, 1/4 науқаста некроздалған экхимозға дейін анықталды. Негізінен бөртпенің сипаты дерттің ауырлығына және мерзіміне байланысты болды.

Менингиттің негізгі белгілерінің бірі — менингеальді синдром (шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг, Брудзинский, Лессаж) 100% жағдайда  1 жас пен 14 жас аралығындағы топтарда  анықталды. Бір жасқа дейінгі топта шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі 80,0±13,3%, Лессаж симптомы 40,0±16,3%, ал Керниг және  Брудзинский симптомдары 20,0±13,3%-  30,0±15,28% науқаста байқалды. Менингеальді белгілер 60,1% балада 3-4 күнге дейін сақталса, ерте жастағы балаларда 7-8 күнге дейін созылды.

Тырыспа синдром жиі бір жасқа дейінгі топта 30,0±15,2% және 15,4±10,4% жағдайда  1-3 жастағы топтарда анықталды. Менингококкты инфекцияның аралас түрінде инфекциялық — токсикалық шоктың I және II дәрежесі жиі 1-3 жастағы топтағы балаларда анықталды.

Бір жасқа дейінгі топтағы балаларда күніне 3 ретке дейін сұйық нәжіс болып, бұның өзі  диагностикалық қателіктерге әкелді.

Науқастарға лабораториялық зерттеулер жүргізілгенде, жалпы қан анализінде, ликворограммада  ерекшеліктер байқалды. Гемограмма менингококкты инфекцияға лайық классикалық үлгіде (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы) 100% жағдайда 3 жастан асқан топтағы балаларда  анықталды. Бір жасқа дейінгі және 1-3 жастағы топтарда лейкоцитоз  50% балаларда анықталды. ЭТЖ төмен көрсеткіші (20 мм/сағ) тек бір жасқа дейінгі  науқастардың жартысында байқалды.

Ликворограммада барлық топтарда ликвор іріңді сипатта, нейтрофильді цитоз анықталды. Ақуыз деңгейі цитоз мөлшеріне сәйкес жоғары болды.  Менингококкты инфекцияның аралас түрімен  ауырған  балалардың ликворограммасы 3 кестеде көрсетілген.

 

3 кесте. Менингококкты инфекцияның аралас түрімен  ауырған  балалардың ликворограммасы

 

Ликвор

0-1ж, n=10 1-3ж, n=13 3-7ж, n=4 7-14ж, n=4 Барлығы n=31

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,%

абс

М±m,

%

Р1

Р2

Р3

Р4

1

2

3

4

5

6

7

Түсі:Түссіз

2

20,0±

13,33

2

15,4±

10,42

1

25,0±

25,0

5

16,1±

6,6

Түссіз емес

2

20,0±

13,33

3

23,1±

12,17

1

25,0±

25,0

6

19,3±

7,09

Сұр

1

7,7±

7,69

1

25,0±

25,0

1

25,0±

25,0

3

9,7±

5,32

Лайлы

6

60,0±

16,33

7

53,8±

14,39

3

75,0±

25,0

1

25,0±

25,0

17

54,8±

8,94

Қысымы:
Қысыммен 

4

40,0±

16,33

7

53,8±

14,39

2

50,0±

28,81

13

42,0±

8,86

Цитоз:
2 санды

2

15,4±

10,42

2

6,4±

4,39

3 санды

3

30,0±

15,28

3

23,1±

12,17

2

50,0±

28,8

8

25,8±

7,86

4 санды

6

60,0±

16,33

4

30,7±

13,32

1

25,0±

25,0

1

25,0±

25,0

12

38,7±

8,75

Санауға келмейді

1

10,0±

10,0

4

30,7±

13,32

3

75,0±

25,0**

1

25,0±

25,0

9

29,0±

8,15

Нейтрофильді
60-70 %

1

10,0±

10,0

1

3,2±

3,16

70-80 %

2

20,0±

13,33

2

15,4±

10,42

4

13,0±

6,04

80-90 %

3

30,0±

15,28

1

7,7±

7,69

2

50,0±

28,81

6

19,3±

7,09

90-100%

3

30,0±

15,2

9

69,2±

13,33

4

100,0*

2

50,0±

28,81

18

58,0±

8,86

Лимфоци-тті

1

10,0±

10,0

1

7,7±

7,69

2

6,4±

4,39

Ақуыз  г/л:
0,232-0,5

2

20,0±

13,33

3

23,1±

12,17

5

16,1±

6,6

0,6-1,0

3

30,0±

15,28

3

23,1±

12,17

1

25,0±

25,0

2

50,0±

28,81

9

29,0±

8,15

1,0-2,0 

3

30,0±

15,28

2

15,4±

10,42

5

16,1±

6,6

2,0-3,0

1

10,0±

10,0

1

7,7±

7,69

1

25,0±

25,0

3

9,7±

5,32

3,0-4,0

1

10,0±

10,0

4

30,7±

13,32

1

25,0±

25,0

6

19,3±

7,09

 5,0 жоғары

2

50,0±

28,81

1

25,0±

25,0

3

9,7±

5,32

Топтар арасындағы айырмашылық      * (Р<0,001); **(Р<0,05)

 

Көрнекті мысал ретінде № 857 сырқатнаманың көшірмесін келтіреміз:

Науқас К.Ұлбосын 7 жас,  Алматы  қалалық балалар жұқпалы ауруханасына 25.01.07 ж.   «Энтеровирусты инфекция»  диагнозымен түсті.

Түскен кездегі шағымдары:  дене қызуының көтерілуіне, құсу, бас ауруына, ұйқышылдық, тәбетінің төмендеуіне

Бала  ауруының үшінші күні түсті. Ауруы жедел, басы ауырып, дене қызуының 38-39ºС көтерілуімен басталған. Екінші күні 4 рет құсып,ауруының үшінші күні дене қызуы 39,5ºС көтерілді, құсу 6 ретке дейін жиілеп, басы қатты ауырған.Тәбеті төмендеп, әлсіздік пайда болған.

Эпидемиялық анамнезінде:  Үйінде анасы ЖРВИ-н  ауырған.

Клиникалық көрінісі:  Түскен кезде жағдайы өте ауыр, улану белгілеріне, ИТШ II дәрежелі, тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы I дәрежеде.

Науқастың жамбасында, аяқтарында бөртпелер: геморрагиялық жұлдызшалы ортасында некроздалған элементтер бар. Менингеальді белгілер оң: шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг, төменгі Брудзинский. Тыныс алуы минутына 30, пульс 120, қан қысымы 80/50 мм.сынап бағанымен. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесі:

Ликворограмма- ликвор лайлы, цитоз- 5600 жасуша, нейтрофилдер-90%, ақуыз-2,47 г/л. Ликвордың бактериологиялық зерттеуінде- N. meningitidis оң.

Қанның микроскопиялық зерттеуінде — көру алаңында диплококктар анықталды.

Жалпы қан анализінде:  лейкоциттер 13,6 x109г/л, нейтрофильдер таяқша ядролы- 28%, сегмент ядролы -55%, лимфоциттер-15%, эритроциттер- 3,8×1012г/л, гемоглобин 106 г/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ.

Жалпы зәр анализінде: лейкоциттер 5-8 көру аймағында, эритроциттер-5-7 көру аймағында, бактерия +

Науқасқа жүргізілген клиникалық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде: «Менингококкты инфекцияның аралас түрі, менингит + менингококкемия. Асқынуы: Инфекциялық — токсикалық шок II дәрежелі, тамырішілік шашыранды қан  ұю синдромы I дәрежелі» диагнозы қойылды.

 

Қорытынды: 

1.Менингококкты инфекция қазіргі кезде өзекті мәселе, басқа біріншілік  іріңді менингиттердің ішінде бірінші орын алады.

2. Менингококкты менингиттің аралас түрімен бір жасқа дейінгі (32,3±8,39%), 1 жастан 3 жасқа дейінгі (41,9±8,86%) топтардағы балалар жиі ауырады.

3. Диагностикалық қателіктер бір жасқа дейінгі, 1 жастан 3 жасқа дейінгі топтарда  жиі анықталды. Тәжірибелік дәрігерлердің осы топтардағы балаларға мән беруі қажет.

4.Ерте жастағы балалардағы диагностиканың қиындығы менингит клиникасының ерекшелігінде деуге болады: тырыспа синдром (45,4%),  субфебриллитет (16,1%), катаральді белгілер(80 %), сұйық нәжіс (40 %) менингеальді белгілерді анықтаудың қиындығы.

5.Менингококкты менингиттің аралас түрі барлық топтағы науқастарда ауыр, инфекциялық — токсикалық шоктың түрлі дәрежесімен байқалды.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Михайлова Е.В. «Бактериальные нейроинфекции у детей» Автореф. … дис. д.м.н:, — Саратов,- 2000.-50 с.
  2. Платонов А.Е., Королева И.С. и др. «Заболевания с гнойными менингитами у детей в возрасте до 5 лет» // Эпидемиология и инфекционные болезни. – 2006.- № 4.- С. 36-42.

 

 

Клинические особенности смешанной формы менингококковой инфекции у детей

У.Т.Байдуллаева, Н.Н.Курманбаева, А.Т. Джумабекова, Ж.Т.Досбаева, С.С.Калжанова

 

Резюме Данная работа посвящена изучению клинико – лабораторных особенностей смешанной формы менингококковой инфекции  у  детей. Заболевание протекает тяжело, менингит с менингококкемией, инфекционно- токсическим шоком. Чаще болеют дети грудного возраста (32,3%) и раннего возраста (41,9%), также  определены  частые диагностические ошибки в этих возрастных группах.

 

Clinical specifics of the mixed form of meningokock infection of children.

U.T.Baidullayeva, N.N. Kurmanbayeva, A.T. Jumabekova, Z.T.Dosbayeva, S.S. Kalzhanova

 

Abstract The paper deals with the research on clinical-laboratory specifics of the mixed form of meningokock infection of children. The disease develops in hard way,  miningitus with meinigokocemia, infectious- toxic shock. The target age group- infants (32,3%) and toddlers (41,9%), the paper also figured out frequent diagnostic errors in these age groups.

Ұ.Т.Байдуллаева, Н.Н.Құрманбаева, А.Т. Жұмабекова, Ж.Т.Досбаева, С.С.Қалжанова

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

БАЛАЛАРДАҒЫ МЕНИНГОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АРАЛАС ТҮРІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ