АУЫЗДЫҢ ҚАЙТАЛАМАЛЫ ГЕРПЕСТІ ҚАБЫНУЫН НЕОВИРДІ ҚОЛДАНЫП КЕШЕНДІ ЕМДЕУ

27 Jan 2012

Жершары тұрғындарының 90-97%-на қарапайым герпес вирусы жұққан, ал олардың, ал олардың 25-30%-да герпестік инфекция ауыздың жедел герпесттік қабынуы немесе қайталамалы герпесттік қабынуы, қайталамалы ерін герпесі (қарапайым ұшық) түрінде көрініс береді.

Ауызыдың қаталамалы герпесттік қабынуы бар науқастардың қанында герпес вирусына қарсы IgG қарсы титрі 5-9 есе жоғарла,аны анықталды. Осы науқастарды кешенді емдеу құрамына «Неовир» препараты енгізілді және емдеу шаралары жақсы нәтиже берді. Ауыз ішіндегі герпестік эрозиялар тез жазылып науқастар қанындағы IgG титрі 2-3 есе төмендеді.

Соңғы кезде жер шары тұрғындарының арасында әртүрлі типті вирустар туындатқан аурулардың саны көбеюде. Сондай аурулардың бірі  — қарапайым герпес вирусы туындататын аурулар. Жер шары тұрғындарының 90%-на қарапайым герпес (ұшық) вирусы жұққан және олардың  25%-да ауру белгілері білінеді [1]. Ауру қоздырғышы болып I және II типті (HSV-I және HSV-II) герпес вирустары саналады. Вирустар сау адамға ауа- тамшылары арқылы және жанаспалы жолмен жұғады (сырқат немесе вирус тасушы адамдардан).

Ауру екі түрде кездеседі:

-біріншілік герпесті инфекция (первичная герпетическая инфекция), вирус алғаш жұққан кезде орын алады және көбінесе ауыз кілегей қабығын жарақаттап, «ауыздың жедел герпестік қабынуы» түрінде дамиды. Бұл сырқат көбінесе 3-5 жас аралығындағы балаларда (кейбір мәліметтерде 1-3 жас аралығындағы балаларда) кездеседі. Себебі, олардың организмдегі анадан алған пассивті (енжар) иммунитет бала өмірінің алғашқы жылдарында жойылып, бала герпес вирусына қарсы қорғансыз қалады. Сонымен қатар ауыздың жедел герпесті қабынуы организмінде герпес вирусына қарсы антидене құрылмаған жастар мен ересек адамдар арасында да кездеседі [2,3]және өте ауыр ағымды болып келеді.

Ауыздың жедел герпестік қабынуы жұқпалы инфекциялық ауруға тән  клиникалық белгілерге ие және бес кезеңмен дамиды (инкубациялық, продромальдық, аурудың даму шыңы, реконваленциялық және сауығу). Негізгі клиникалық белгілері аурудың даму шыңы кезінде ауыз кілегей қабығына еріндер жиегіне шығатын әртүрлі көлемді (Д=3-7 мм) көпіршік бөрткендер (пузырьки) және олардың кешікпей жарылуынан пайда болатын.

Кейде көпіршік бөрткендер еріндер төңірегіндегі және иек аймағындағы тері бетіне де көптеп шығады.

Ауруға өз уақытында және тиімді емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда ауыздың жедел герпестік қабынуы созылмалы және қайталамалы ағымға ие болады [4]. Аурудың қайталамалы түрі біріншілік герпестік инфекциямен ауырмаған адамдарда да кездесе береді, көбіне еріндер жиегін жарақаттайды  және бұндай патологиялық үрдіс көпшілік арасында «қарапайым ұшық» немесе «ерін герпесі» деген атаумен белгілі. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы ұзақ жылдарға созылуы мүмкін (10-15 жылға немесе оданда көп уақытқа).

Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы және ерін герпесі кезінде бір жағдайларда еріндер жиегі мен ауыз кілегеі қабығында көпіршік бөрткендер ауық-ауық шығып, еріндер жиегінде қабықшаға.

Aл ауыз ішінде әр түрлі көлемді және пішінді жекелеген эрозияларға немесе эрозиялар тобына айналады. Ал кейбір жағдайларда ауыз кілегей қабығында ұсақ ақшыл-сұр түсті өліеттенген ошақтар (Д 1-3мм) пайда болып, көлемдері біртіндеп ұлғайып, (Д 0,7-1,0см) сопақ және домалақ пішінді немесе көпбұрышты эрозиялы ошақтарға айналады. Бөрткендердің көбірек шығатын аймағы – еріндер, таңдай, тіл кілегей қабығы және еріндер жиегі. Ауру көбінесе баспа, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан кейін, суыққа шалдығу, кілегей қабықтан ұсақ механикалық зақымдануы кезінде жиірек қайталанады.  Эрозиялы ошақтар аурудың алғашқы жылдары онша көп болмайды және сирек шығып 4-7 күн аралығында жазылып отырады. Жүре келе аурудың қайталануы жиілейді және бөрткендер көптеп шығып, жазылуы ұзақ уақытқа (7-14 күн немесе одан да ұзақ) созылады. Мұның себебі-эрозиялы ошақтардың тереңдеп, жаралы ошаққа айналуы.

Ауыз ішінде герпестік бөрткендер жиі шығып, жалпы саны көбейген сайын науқастың жалпы жағдайы өзгеріп, дене қызуы көтеріліп, организмнің уыттану белгісі байқалады. Әрбір жаңа қайталаным кезінде герпес вирусына қарсы антиденелер құрылып, қанайналымында олардың титрі жоғарылайды. Мұның өзі организмнің созылмалы аутосенсибилизациялануын туындатады және әртүрлі аутоаллергиялық аурулардың дамуына себепкер болады. Жоғарыда келтірілген патологиялық үрдістердің орын алуы мүмкіндігін анықтау үшін ауыздың қайталамалы герпестік қабынуымен ұзақ жылдар зардап шеккен науқастардың қанында герпес вирусына қарсы  антиденелер титрін анықтау мақсаты қойылды. Герпес  вирусына қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы науқас организміндегі   вирусогендік созылмалы сенсибилизациялану жағдайының орын алу мүмкіндігін көрсетеді [5,6].

Осы мақсатта ұзақ жылдар ауыздың қайталама герпестік қабынуы бар 25науқасқа «СТЭМКОРД» зертханасында ИФА (иммуноферментный анализ) жүргізілді (1-диаграмма).

Ауруының ұзақтығына қарай науқастар 4 топқа бөлінді: 1-ші топ ауруының ұзақтығы 3 жылға дейін (6 адам); 2-топ ауруының ұзақтығы 3 жылдан  7 жылға дейін (6 адам); 3-топ 7 жылдан 10 жылға дейін (8 адам); 4-топ ауруының ұзақтығы 10 жыл және оданда ұзақ (5 адам). Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуымен үш жылға дейін ауырған науқастардың қанында «G» текті антиденелер титрі  2-3  есе, 3-7 жыл ауырғандарда  5-7 есе, 7-10 жыл ауырғандарда  7-9  есе жоғарылығаны, ал 10 жылдан ұзақ ауырған науқастардың қанында антиденелер титрі төмендеуге бет бұрғаны   ( 5-7 есе жоғарылаған ) анықталды (2-диаграмма).

Осы науқастардың ішінен қандарында антиденелер титрі 7-9 есе жоғарылаған адамдар таңдалып алынып, ауруға қарсы кешенді емдеу жүргізілді және емдік дәрілер құрамына «Неовир» препараты енгізілді.

Неовирдің фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы:

Препарат ДНҚ және РНҚ-геномдық вирусқа қарсы қасиетке ие.

Неовир эндогенді  α,ß,γ интерферондар титрлерінің тез жоғарылауын қамтамасыз етеді. Интерферондардың қандағы белсенділігі Неовирді енізгеннен кейін 1,5-2 сағатта соң жоғарылап, 16- 20 сағат бойы сақталып тұрады. Соның әсерінен организмде ауру қоздырғыштарын және олар жарақаттаған клеткаларды жоюға және организмнен аластауға бағытталған иммундық жауаптар тізбегі құрылады.

Интерферон құрушы клеткалар интерферонды көбірек құру қасиетіне ие       болып, препарат әсер етуі тоқталған кезде де  бұл үрдіс ұзақ уақыт жалғасады.

Неовирдің иммунитетті реттеуші әсері:

—  қан құрушы бағаналық клеткалардың белсенділігін жоғарылатады;

—  Т-лимфоциттердің тепе-теңдігін қалыптастырады;

—  иммундық жүйенің эффекторлық тізбегін ынталандырады;

—  макрофагтардың, полиморфтыядролы лейкоциттердің қозғалып көшуін, фагоцитарлық белсенділігін жоғарылатады.

Неовир тіндердің патологиялық өсімін реттейді: NK-клеткалардың белсенділігін, цитотоксикалық реакциялардың барлық түрлерін, клеткалардың жабысқақтығын күшейтіп, олардың метастатикалық және көбею қасиеттерін жояды.

Қолдану көрсетілімдері

Кешенді немесе монотерапиялық ем жүргізуге қолданылады;

  • Тұмау және ЖРВИ-ді емдеу мен алдын алуда;
  • Herpes simplex, Varicella zoster, Herpes simplex genitalis – бен шақырылатын инфекцияларда;
  • Цитомегаловирусты инфекцияда;
  • Радиациялық иммунодифицитте;
  • АИТВ -инфекциясы кезінде;
  • Вирустық этиологиясы бар энцефалиттер мен энцефаломиелиттер кезінде;
  •  В және С гепатитінің жедел және созылмалы түрлерінде;
  • Онкологиялық аурулар кезінде;
  • Папилломавирусты инфекция кезінде;

Неовирден 1 инъекция жасалған алғашқы күннен бастап ауыз кілегей қабығында герпестік жаңа бөрткендердің шығуы тежелді, екінші инъекциядан кейін (4 күні) ұсақ эрозиялы ошақтар толық жазылып, аумақты ошақтар 1/3 және 2/3 көлемге кішірейіп, 6-7 күндері толық жазылды.

Емдеу курсынан кейін 2 айдан соң жүргізілген ИФА-лық зерттеу IgG титрінің 2,5-3 есе азайғанын көрсетті және 3-4 ай аралығында бұл науқастарда аурудың қайталану белгілері орын алған жоқ. Ауыздың қайталамалы герпестік қабынулары бар науқастарды зерттеу жұмыстары әрі де жалғастырыла береді. Алғашқы зерттеу нәтижелері ауыздың герпестік қабынуларын кешенді емдеуде “неовир” препаратын герпестік инфекция белгілері білінген уақыттан бастап кең қолдану мүмкіндігі бар  деп қорытуға болады

 

Әдебиеттер:

  1. Банченко Г.В. Вирусные заболевания слизистой оболочки рта. Метод рекомендации. М., 1986,
  2. Боровский Е.В., Иванов В.С.  и д.р.         Терапевтическая стоматология М. 2007.
  3. Дмитриева Л.А. и д.р.    Терапевтическая стоматология М. 2003.
  4. Коломнец А.Г., Маревич Ю.К., Коломнец Н.Д., Многоликий герпес: клинико-патогенетический полиморфизм герпетической инфекции. Минск, 1988.
  5. Мезгильбаева Д.М. Осложнения хронической герпетической инфекции, Проблемы стоматологии, 2009, №2 Алматы
  6. Мезгильбаева Д.М., Бакбаев Б.Б. Осложнения хронической вирусной инфекции. Проблемы стоматологии. 2001, №2 (12), стр 27-30

 

ПРИМЕНЕНИЕ НЕОВИРА В КОМПЛЕКСНОМ ЛЕЧЕНИИ РЕЦИДИВИРУЮЩЕГО ГЕРПЕС 

Резюме  Установлено, что 90-97% жителей земного шара заражены вирусом простого герпеса, а у 25-30% герпетическая инфекция проявляется в форме острого и рецидивирующего герпетического стоматита, рецедивирующего герпеса губ.

Несвоевременная диагностика и отсутствие рациональной терапии герпетической инфекции приводит  к хронической сенсибилизации организма, на что указывает увеличение в крови у этих больных титра антител против вируса простого герпеса 5-6 раз. Включение в состав комплексного лечения герпетического стоматита у больных положительно влияет на течение заболевания, предупреждает новые рецидивы.

 

NEOVIR APPLICATION IN COMPLEX TREATMENT OF RECURRENT HERPES

Mezgilbayeva D.M. – candidate of the medical sciences, professor,  Phazylov Dj. A. – 5th city clinical hospitals, Bakbayev B.B., Mukhamedyarova M.М.,  Jhetpisova N.N.

Abstract  About 90% of population in the world are established to be infected with herpes simplex virus, and 20-30% of them are infected with herpes infection in from of acute and herpes recidivicus stomatitis as well as herpes of lips.

If herpes infection is not treated in time this disease will contribute to chronic sensibilization of the organism.

To diagnose chronic virul sensibilization of the organism it is necessary to use IEA.It is the method of titer of G-yipe immunoglobulin in peripheral blood. The high titer of the antibody was fixed in 10 patients with CRHS increasing 7-9 times. On  the base of these data the patients underwent a cure with Neovir it has immune-delirating and interferongenous property. The patient’s condition responded to treatment.


Мезгильбаева Д.М.­. Фазылов Ж.А., Бақбаев Б.Б.. Мухамедиярова М.М,.Жетпісова Н.Н.

Қазақ  Ұлттық медицина университеті. Қалалық 5-і  клиникалық аурухана.

АУЫЗДЫҢ ҚАЙТАЛАМАЛЫ ГЕРПЕСТІ ҚАБЫНУЫН НЕОВИРДІ ҚОЛДАНЫП КЕШЕНДІ ЕМДЕУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ