ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРСІЗ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫН МОНО – , ЖӘНЕ БИПОЛЯРЛЫ ТРАНСУРЕТРАЛДЫ РЕЗЕКЦИЯ ӘДІСТЕРІМЕН ЕМДЕУ

27 Jan 2012

Өзектілігі. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ) бүгінгі күнге дейін егде жастағы ер адамдарда жиі кедесетін сырқат болып табылады. ҚАБҚГ-ның кездесу жиілігі ер адамдар арасында 100 мың тұрғынға 186 адамды құрайды.

Қазіргі кезде ҚАБҚГ дәстүрлік емдерге қарағанда шағын инвазивті әдістермен емдеу кеңінен қолданылып жүр. Шағын инвазивті емдердің ішінен трансуретралды резекцияның тиімділігі басым екені дәлелденіп, соңғы уақыттарда «Алтын стандарт» деген атаққа ие болды. Бірақ осыған қарамастан трансуретралды резекциядан кейінде қанағаттанарлықсыз жағдайларда көп кездесуде. Бұл жағдай тек науқастардың жас ерекшеліктері мен қосалқы ауруларына ғана емес, трансуретралды резекция әдісінің еренкшеліктеріне байланысты болып отыр. Осы мәселелер ҚАБҚГ емдеудің жаңа және тиімді шағын инвазивті әдістерін іздестіруге бағыттайды. Осындай әдістердің біріне биполярлы трансуретралды резекция жатады.

ҚАБҚГ- ның биполярлы трансуретралды резекциясы – монополярлы трансуретралды резекцияның жоғары жетістіктерімен негізделген  өте тиімді элкрохирургиялық әдіс болып табылады.  Биполярлы   трансуретралды   резекция кезінде радиожиілікті энергияның әсерінен ирригант плазмалық алаңға жоғары озондалған бөлшектер түрінде жеткізіліп, гиерплазияланған тін  қауіпсіз және жағымсыз әсрсіз кесіледі. Электродтар арасында плазмалық алаң түзу үшін злектр қуатын өткізетін сұйықтық — 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі қолданылады.

Зерттеудің мақсаты – қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарды ҚАБҚГ моно – және биполярлы трансуретралды резекция әдістерімен емдеудің клиникалық нәтижелерін салыстыру.

Материалдар мен әдістер

Жұмыста 2009 – 2010 жылдар аралығында урология ҒО қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан биполярлы трансуретралды резекция әдісімен емделген 51 науқастың кешенді зертеулері мен емінің нәтижелері зерттелді.

Бақылау тобын 2007 – 2008 жылдары қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан монополярлы трансуретралды резекциясы әдісімен емделген 53 науқас құрады.  Жалпы алғанда қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан ем алған 104 науқастың емінің нәтижелері зерттелді. Науқастардың жасы 42 – 84 жасты қамтыды. Қуықасты безінің қатарсіз гиперплазиясының көлемі 20 – 120 см³ құрады.

Науқастарды тексеру анамнез жинаудан басталып, бұл кезде науқастың шағымдарына, төменгі несеп жолдарының обструкциясының клиникалық көрінуіне аса көңіл бөлінді. Өйткені осыған байланысты науқасты тексерудің жоспары мен көлемі анықталды.  Науқасты тексеру кезінде несеп жолдарының жағдайы, гематурия және несептің жедел тоқтауын, несеп жолдарының инфекциясы және несеп жүйесі мен іш қуысы ағзаларына жасалған хирургиялық емдер толығымен ескерілді. Тексеру барысында науқастардың қосалқы аурулары, емге дейін дәрі-дәрмекпен емделгені немесе емделмегені анықталды. Емделген жағдайда қуық бұлшық еттерінің жиырылу қызметіне әсер ететін дәрілер қабылдағандығына көңіл бөлінді.

Барлық науқастардың шағымы мен клиникалық жағдайларын айқындау мақсатында науқастардан халықаралық өлшем бойынша простаталық симптомдар (I-PSS) және өмір сапасы (QoL) сұрастырылып  балл жүйесінде бағаланды.  I-PSS бойынша 37 (35,58%) науқаста айқын симптомдар (8-19 балл), ал 67 (64,42%) науқаста басым симптомдар   (20-35 балл) тіркелді.   Өмір сапасы бойынша (QoL) 9 науқаста «жайсыздық сезімі», 48 науқаста «қанағаттанарлықсыз» жағдай және 44 — «нашар» жағдай анықталды.

Науқастарды қарап тексеруде қуықасты безін тік ішек арқылы зерттеуге аса көңіл бөлінді.   Тексеру барысында қуықасты безінің мөлшері, пішіні, консистенциясы, бетінің тегістігі, бөлік аралық жүлгесі және без тінінің ауру сезімді немесе қатайған ошақтарына баға берілді.

Лабораториялық зерттеу жалпы әдістер бойынша жүргізілді.  Несеп тұнбасының қалыптан тыс өзгерістері болған жағдайда несеп бактериологоиялық тексеріліп, қоздырғыш сандары мен олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталды. Операция кезіндегі жоғалтқан қан мөлшері шайынды суды жинап, ондағы гемоглобиннің құрамын фотоэлектроколориметриялық әдісімен анықтау арқылы өлшенді.

Барлық науқастарда операция алдында простата спецификалық антиген (ПСА) деңгейі мен арақатынасы анықталды. ПСА деңгейі 81,15% науқаста қалыпты, ал 18,85% науқаста жоғары болды. ПСА деңгейі жоғары науқастардың қуықасты безінің 6 аймағынан биопсия алынды. Тексерілген 103 науқаста ҚАБҚГ аңғарымы нақтыланып, 1 науқаста аденокарцинома ошақтары анықталды.

Рентгенологиялық знттеуде шолу және экскреторлы урография қолданылды..

Науқастардың барлығына ультрадыбыстық зеерттеу жүргізілді. Қуықасты безінің көлемдері 17 (16,35%) науқаста — 40 см3, 34 (32,69%) — 40 — 60 см3, 39 (37,5%) — 60 — 100 см3, ал 14 (13,46%) науқаста 100 смжоғары болды.

Сонымен қатар төменгі несеп жолдарына уродинамикалық зерттеулер (урофлоуметрия) жасалды. Қуықтан несеп шығуына кедергі болмаған жағдайда Q 17 мл/сек құрады.  Несеп шығуының жеңіл бұзылысы Q 15 — 10 мл/сек 17 науқаста, орташа ауырлықтағы бұзылысы Q 10 — 5 мл/сек – 85, ауыр бұзылысы Q 5 мл/ сек – 2 науқаста тіркелді. Науқасты кешенді тексеру несеп шығару жолдарының функционалдық жағдайын анықтап, олардың емінің нәтижелері мен болжамын бағалауға мүмкіндік туғызды.

ҚАБҚГ шағын инвазивті емдері трансуретралды моно – және биполярлы резекциясын салыстыру операциядан кейінгі төсек күндері, төменгі несеп жолдарын кәріздеу уақыты, операция кезіндегі жоғалтқан қан мөлшері мен бір сағатта кесіп алынған қатерсіз гиперплазия тінінің мөлшері, операциядан кейінгі кезеңдегі қабыну процесінің жиілігі мен сипаты және өмір сапасының (IPSS) деңгейлеріне байланысты жүргізілді.

Нәтижелер мен талқылаулар

Негізгі топты қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан биполярлы трансуретралды резекция әдісімен емделген 51 науқас, бақылау тобын қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясынан монополярлы трансуретралды резекциясы әдісімен емделген 53 науқас құрады.

Салыстырудың бірінші белгісі ретінде науқастардың ауруханада болу мерзімі саналды. Бақылау тобында ауруханада болу мерзімі 6 – 15 күнге созылып, орташа 10,5 күнді құрады. Ал негізгі топта орташа төсек күндері 7,4 күнді құрады, яғни бақылау тобына қарағанда 3 күнге қысқарды.

Екінші белгі бойынша операциядан кейінгі ерте кезеңде қуықты кәріздеу мерзімінің ұзақтығы бағаланды. Бақылау тобында осы мерзім 3,2 тәулікті, ал негізгі топта – 1,7 тәулікті құрап, тиісінше негізгі топта 1,5 тәулікке қысқарды.

Келесі белгі болып операция кезіндегі жоғалтқан қан және 1 сағатта кесіп алынған қатерсіз гиперплазия тінінің мөлшері болып саналды. Бақылау тобында операцияның бір сағат ұзақтығы кезінде  жоғалтқан қанның орташа көлемі 326,54 мл, бұл белгі негізгі топта 153,64 мл құрады.    Осы белгінің нәтижесі биполярлы трансуретралды резекция (Б-ТУР) кезінде гемостаз жақсы болып, жоғалтқан қан мөлшерінің 2 есеге азайғанын нақтылады. Монополярлы ТУР-дан кейін операциядан кейінгі қан кету 53 науқастың 6 (11,32%) жағдайында кездесіп, 4 науқасқа жаңа тоңазытылған плазма құйылды. Қуық ішіне қан кету операциядан кейінгі бірінші тәулікте байқалды.  Операциядан кейінгі қан кетуден 2 науқаста қуықтың қан ұйындыларымен толуы (тампонада) анықталып, қан кету эндоскопиялық әдістермен тоқтатылды. Б-ТУР кейін 51 науқастың 2(3,92%) жағдайында қан кету байқалып, қан тоқтататын препараттар көмегімен тоқтатылды.

 

ҚАБҚГ ТУР-дан кейін дамыған қабынулардың кездесу жиілігі мен сипаты

 

Асқынулар

Бақылау тобы

Негізгі топ

 

абс.

%

абс.

%

Қызба

4

7,54

1

1,96

Созылмалы пиелонефриттің өршуі

3

5,66

2

3,92

Созылмалы простатиттің өршуі

2

3,77

2

3,92

Операциядан кейін дамыған эпидидимоорхит

Операциядан кейін дамыған фуникулит

Іріңді уретрит

1

1,88

Жара қабыршағының  қабынуы

2

3,77

Басқада қабынусыз асқынулар

4

7,54

2

3,92

Асқынбаған

37

69,84

44

86,28

Барлығы

53

100

51

100

 

 

Б-ТУР-дан кейін гемоглобин және гематокрит деңгейлері айтарлықтай өзгермеді, ал монополярлы ТУР кейін аталмыш көрсеткіштер төмендеді. Б-ТУР кезінде гемоглобин деңгейі орташа 0,15 г/дл төмендеді, ал монополярлы ТУР кейін бұл көрсеткіш 1,93 г/дл жетті.

Ал бір сағат мерзімінде кесілген гиперплазияланған тіннің көлеміне байланысты белгі өзгеше нәтиже берді. Бақылау тобында бұл көрсеткіш 61,8 г құрап, негізгі топқа (49,6 г) қарағанда 12,2 г артық болды.

Ерекше зейін «өмір сапасы» (QoL) белгісіне бөлінді. Бұл көрсеткіште айырмашылық болмады.  Екі топ науқастарының өмір сапасыда операциядан кейін бір айдан соң жақсарды.

Операцияға дейінгі және одан кейінгі I-PSS өзгерісін салыстырғанда Б-ТУР-дан кейін 21,1 деңгейінен 2,5, монополярлы ТУР-дан соң 22,3-тен 3,5 төмендеді.   Екі топтада науқастардың жағдайының жақсаруы бір айдан соң байқалды.

ҚАБҚГ ТУР операциясынан кейін кездесетін жиі және қауіпті асқынуға инфекциялық-қабыну жатады. Бақылау тобында бұл асқыну 22,6% жағдайда, негізгі топта тек 9,8% науқаста кездесті. Қуықты және қуықасты безінің хирур-гиялық капсуласын тесу, ТУР-синдром сияқты асқынулар кездеспеді.

     

Тұжырым

1. Биполярлы трансуретралды резекцияның тиімділігі науқастардың операциядан бір айдан соң I-PSS және өмір сапасының жақсаруымен дәлелденді. Сонымен қатар қан кету мен электролит бұзылыстарының даму қауіптілігі төмен болғандықтан жүрек-қантамыр жүйесінің айқын патологиясы бар науқастарға қолдану көрсеткіштерін кеңейтуге мүмкіндік туғызды.

2. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының биполярлы трансуретралды резекциясының монополярлы трансуретралды резекциядан жетістіктері:  операция кезіндегі қан кету 2 есе аз, қуықты кәріздеу уақыты 1,7 тәулік, Тур-синдром кездеспейді, ауруханада болу мерзімі (төсек күндері 7,4) қысқа, жалпы жағдайы ауыр науқастарға қолдану мүмкіндігі.

3. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының биполярлы трансуретралды резекциясымен емдеуден кейін қабыну асқынулары 22,6 пайыздан 9,8%  төмендеді.

 

Әдебиеттер

1. Мартов А. Г., Лопаткин Н. А. Эффективность и перспективы современной  эндоурологии. X Российский Съезд Урологов. Материалы. Москва 2002. С 655-84.

2. Аляев Ю. Г., Рапопорт JI. М., Григорьев Н. А., Цариченко Д. Г., Осадчинская О. А., Фролова Е. А., Еготе А. Новое направление электрохирургии простаты- Биполярная Трансуретральная Резекция. Журнал Здравоохранения Башкортостана 2005; № 3:265-6.

3. Джавад-Заде С. М., Насибов С. Я. Сравнительная оценка различных видов трансуретральных вмешательств при доброкачественной гиперплазии проста-ты. Х Российский Сьезд Урологов. Материалы. Москва 2002: С. 717 — 718

4. Винаров А. 3., Асламазов Э. Г. Гиперплазия предстательной железы. Совре-менное лечение. X Российский Съезд Урологов. Материалы. Москва 2002. С 33-42.

5. Еготе А. К., Рапопорт Л. М., Цариченко Д. Г. Биполярная резекция в лечении гиперплазии простаты( 2 года наблюдения). Журнал мужское здоровье. Материалы 3-ой всероссийской конференции. 18-20 Октября 2006 г. Москва 2006. С. 104-105. Д18.

 

Лечение доброкачественной гиперплазии предстательной железы методами моно —  и биполярной трансуретральной резекцией

 

Алчинбаев М.К., Малих М.А., Сенгирбаев Д.И., Омаров Е.С., Каимбаев А.И.

КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова,

НЦ урологии им. Б.У. Джарбусынова

Резюме  В работе изучены данные комплексного обследова­ния и анализ результатов лечения 51 больного, перенесших биполярную трансуретральную резекцию доброкачественной гиперплазии предстательной железы ( ТУР ДГПЖ). Контрольную группу составили 53 больных, перенесших монополяр­ную ТУР ДГПЖ.

Таким образом, доказано, что биполярная ТУР эффективна при лечении ДГПЖ, что подтверждается нормализацией показателей I-PSS и качества жизни уже через 1 мес. после операции. Преимуществами биполярной ТУР, по сравнению с монополярной ТУР ДГПЖ, являются в 2 раза меньшая интраоперационная кровопотеря; на 1,7 сут более короткий период дренирования мочевого пузыря после операции; отсутствие ТУР-синдрома; более короткий пери­од пребывания в стационаре после операции (7,4 койко-дня); возможность использования метода у больных с тяжелыми интеркуррентными заболе­ваниями. Применение биполярной ТУР в лечении больных ДГПЖ позволи­ло снизить частоту воспалительных осложнений с 22,6 до 9,8%.


 

Treatment of benign prostatic hyperplasia BY MONO — and Bipolar Transurethral Resection

Alchinbaev M.K., Malih M.A., Sengirbaev D.I., Omarov E.S., Kaimbaev A.I.

KazNMU after S.J. Asfendiyarov,

Scientific Urology Center
Abstract  We studied the complex survey data and analysis of — the results of treatment 51 patients who underwent bipolar transurethral resection of benign prostatic hyperplasia (BPH TUR). The control group consisted of 53 patients who underwent TUR monopolyar of benign prostatic hyperplasia.
Thus, it is shown that the bipolar TUR is effective in the treatment of BPH, as evidenced by normalization of the I-PSS and quality of life after 1 month. after surgery. The advantages of the bipolar TUR, compared with monopolar TURP BPH are 2 times less intraoperative blood loss, a 1.7 day shorter period of bladder drainage after surgery, the absence of TUR syndrome, a shorter peri ¬ one hospital stay after surgery (7, 4 bed-days) method can be used in patients with severe intercurrent disease vaniyami. The use of bipolar TURP in the treatment of  BPH will reduce the frequency of lo inflammatory complications from 22.6 to 9.8%


Алшынбаев М.К., Малих М.А., Сеңгірбаев Д.И., Омаров Е.С., Қайымбаев А.И.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

Б.О. Жарбосынов атындағы урология Ғылыми Орталығы АҚ

ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРСІЗ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫН МОНО – , ЖӘНЕ БИПОЛЯРЛЫ ТРАНСУРЕТРАЛДЫ РЕЗЕКЦИЯ ӘДІСТЕРІМЕН ЕМДЕУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ