«АЗҒЫР» ПОЛИГОНЫНДА СУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУДАН ҚАУІП-ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ

27 Apr 2012

ТүйінМақалада «Азғыр» ядролық полигон аймағындағы шахталық құдықтардың суын химиялық ластанудан канцерогенді және бейканцерогенді қауіп-қатерлерге баға берілген.

Түйінді сөздер ядролық полигон, қауіп-қатер, химиялық ластану.

 

Risk assessment from chemical contamination of water in base area “Azgir”

U. Kenesaryiev, M. Amrin, A. Dosmukhametov, A. Erzhanova, R. Bayalieva

Abstract The article showed an estimation of carcinogenic and non-carcinogenic risks to the health from chemical contamination of mine wells water in the nuclear test base area “Azgyr”.

Keywords nuclear test base area, water of mine wells, real loading, risk, health of population.

 

Оценка риска от химического загрязнения воды в регионе полигона «Азгыр»

У.И. Кенесариев, М.К. Амрин, А.Т.Досмухаметов,

А.Е. Ержанова, Р.А. Баялиева

Резюме В статье дана оценка канцерогенным и неканцерогенным  рискам здоровью населения от химического загрязнения воды шахтных колодцев в регионе ядерного полигона «Азгыр».

Ключевые слова ядерный полигон, риски, химическое загрязнение.

 

«Азгыр» ядролық полигоны Атырау облысының аумағында орналастырған. Оның алаңшаларында 1966-1979 жылдар аралығында 17 жер асты жарылыс жүргізілді [1]. Тұзды күмбездердегi көптеген жерасты ядролық жарылыстары шахталық құдықтардағы ауыз судың кермектігін нормадан 2 есеге, қорғасын концентрациясын — 3,0-6,3 ШРЕК-ке дейiн, кадмий — 9,8 ШРЕК-ке дейiн жоғарылауына әкелді.

Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты шахталық құдықтардың химиялық ластануы тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау болып табылады, өйткені аймақтағы ауыз судың негізгі көзі орталықтандырылмаған (шахталық құдықтар мен басқа жақтан әкелетін су).

Қауiп-қатердi бағалаудың әдiстемесі әлем елдерiнің көпшiлiгiнде қоршаған орта және тұрғынның денсаулығын қорғау жүйесiндегi басым әдістердің бірі ретінде қаралады.

Қауiп-қатердi бағалаудың әдiстемесі қоршаған ортада болатын зиянды заттардың керi әсерлерiнiң табандатқан спектрiнiң арасында басымдылығын анықтау үшiн арналған [2, 3].

Қауіптілікті теңестіру кезеңінде қауiп-қатердi бағалау үшiн зерттелетiн заттардың спектрiнен темiр, мыс, кадмий, қорғасын, кальций, нитриттер, магний, фтор алынды және шахталық құдықтар суындағы шоғырландыруы референт дозаларынан асатыны байқалды (1-шi кесте).

Канцерогендiк эффекттiң арасындалары қорғасын және кадмий жеке қауіп- қатері 3, 8*10-4 және 1, 5*10-4 құраған.

Анықталған жеке канцерогенді қауіп-қатер үшінші диапазоға жатады (1*10-4 жоғары, 1*10-3 төмен), өйткені ол кәсіби топтарға қолайлы тұрғындар үшін қолайсыз болып табылады.

Жеке канцерогенді емес қауіп-қатерді бағалау шахталық құдықтар және ауыз сумен бірге кадмий — 0,8, фтор – 1,1, қорғасын – 2,3 қауіп-қатерін құрайды. Бұл коэфициенттер 1,0-ден асып түседі де ретсіз деңгейімен сипатталады және басқарушылық шешімдерді талап етеді.

Қанға (қорғасын, цинк, темiр, марганец, кобальт, никел, нитраттар, нитриттер) заттардың әсерінің бағыттылығы канцерогенді емес қауіп-қатер 4, 1деңгейі қолайсыз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

1 кесте — «Азгыр» ядролық полигон аумағындағы шахталық құдықтар суынының химиялық ластанудан қауіп-қатерлерді бағалау

 

Заттар атауы

Канцерогенді емес қауіп-қатердің деңгейі

Канцерогенді қауіп-қатердің деңгейі

Әсерді бағыттылығы

Темір

0,34

Шырышты қабат, тері, қан, иммунды жүйе
Сынап

0,2

АІТ, бауыр
Никель

0,0005

Бауыр, жүрек қантамыр жүйесі, АІТ, қан, дене массасы
Цинк

0,02

Қан, биохимиялық өзгерістер
Марганец

0,0006

ОЖЖ, қан
Кобальт

0,003

Қан
Мыс

0,04

Иммунды жүйе, бауыр, ОЖЖ, репродуктивті жүйе
Кадмий

1,5

1,5*10-4

Бауыр, гормонды жүйе
Қорғасын

3,8

3,8*10-4

ОЖЖ, ЖЖ, қан, биохимиялық өзгерістер, даму, репродуктивті жүйе, гормонды жүйе
Аммиак

0,03

 
Нитриттар

0,2

Қан
Нитраттер

0,03

Қан
Кальций

0,3

Бауыр, биохимиялық өзгерістер
Магний

0,5

 
Фтор

1,1

Тіс, сүйек ұлпасы

 

 

Аймақтағы анықталған қауіп-қатер өңдеу және сауықтыру шараларының өткiзулерi талап етеді. Олардың жоспарлануы қазiргi мәселелердiң басымдылығы мен деңгейі аталған территориядағы гигиеналық-экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiне негізделуі қажет.

 

Әдебиеттер:

  1. Часников И.Я., Поляков А.И., Гайтинов А.Ш. и др. Радиоэкологические исследования в зоне действия ракетно-ядерного полигона Капустин Яр и ядерного полигона Азгыр. // Материалы Первого Межд. Конгресса «Экологическая методология возрождения человека и Планеты Земля». — Алматы, 1997. — С. 47-59.
  2. Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду (Р 2.1.10.1920-04), утв. Главным государственным санитарным врачом РФ 05.03.2004 (Guidelines for Human).
  3. Авалиани С.Л., Ревич Б.А., Балтер Б.М., Гильденскиольд С.Р., Мишина А.Л., Кликушина Е.Г. Оценка риска загрязнения окружающей среды для здоровья населения как инструмент муниципальной политики в Московской области. М., 2010. с.309.

Ү.И.Кенесариев, М.Қ. Амрин, А.Т. Досмұхаметов, А.Е. Ержанова, Р.А. Баялиева

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Жалпы гигиена және экология кафедрасындағы тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ