БАЛАЛАР ПУЛЬМОНОЛОГИЯСЫНДА БИОПРЕПАРАТ — ПИОБАКТЕРИОФАГТЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

27 Apr 2012

Тұжырым Ерте жастағы балалар ағзасының морфофункционалдық ерекшеліктеріне, оның ішінде иммундық жүйесінің жетілмеуіне байланысты бұл жастағы балалардың пневмониямен ауруы өте жоғары дәрежеде. Бақылауда 40 бала болды. Ауруханажағдайында бақылауда қан анализінде қабыну өзгерістерібар және ошақты – қосылған жедел пневмонияның рентгенологиялық тексерумен дәлелденген 6 айлық жастан  3 жасқа дейінгі балалар болды. Ерте жастағы балаларда ауруханадан тыс жедел пневмонияны кешенді емдеуде Пиобактериофаг қолдану стационарда емдеу және клиникалық –рентгенологиялық белгілерін және көріністері ұзақтығын қысқартады.

 

Experience of piobakteriofag application in out –patient treatment of pneumonia in young children

Shakim G.A., Yeszhanova E.D., Musabekova R.K., Sagimova R.Sh, Dosmetov A.E, Umbetova L.J.

Kazakh National Medical University n.a. S.D. Asfendiyarov (Almaty, Kazakhstan).

Abstract Study of  the clinical effectiveness of piobakteriofag application in out –patient treatment of pneumonia in young children a comprehensive survey of 40 children aged 6 months to 3 years was carried out. As a result of treatment patients who were treated with piobakteriofag was allowed to reduce the duration and severity of clinical and radiological signs, marked shortened hospital stay and prevented in-patient infection. These results indicate a high efficacy and safety in the treatment of respiratory piobakteriofaga pathology.

Keywords pneumonia, piobaktertofag

 

Опыт применения  пиобактериофага   в лечении  внебольничных пневмоний  у  детей раннего возраста

Г.А.Шаким, Э.Д. Есжанова, Р.К.Мусабекова, Р.Ш.Сагимова, А.Е.Досметов, Л.Ж.Умбетова.

Казахский Национальный Медицинский Университет им.С.Д. Асфендиярова (г. Алматы, Республика Казахстан)

Резюме Для  изучения клинической эффективности применения пиобактериофага в лечении внебольничной пневмонии у детей раннего возраста было проведено комплексное обследование 40 детей в возрасте от 6 месяцев до 3 лет. В результате проведенноt лечения пиобактериофагом позволило   сократить длительность и выраженность клинико-рентгенологических признаков у больных, отмечено  сокращение сроков пребывания в стационаре и  предотвращение  внутрибольничного инфицирования.  Результаты исследования свидетельствуют о высокой эффективности и безопасности пиобактериофага  при лечении респираторной патологии.

Ключевые слова пневмония,  пиобактериофаг

 

Кіріспе — мәселе өзектілігі. Ерте жастағы балалар ағзасының морфофункционалдық ерекшеліктеріне, оның ішінде иммундық жүйесінің жетілмеуіне байланысты бұл жастағы балалардың пневмониямен ауруы өте жоғары дәрежеде. Өкпе қабынуы ауруының ағымы және даму ерекшеліктері туралы білімі қалыптаспай, пневмонияның ерте диагностикасы мүмкін емес. Қазіргі заманғы потенциалы жоғары жаңа әдістермен қатар, пневмония ауруының диагностикасында клиникалық – анемнездік мәліметтер жинақтау мен рентгенологиялық зерттеу нәтижелері маңызын жойған жоқ.Негізгі клиникалық көріністері: қызба, интоксикация, тыныс жетіспеушілігі, өкпеде ошақты (фокалды) өзгерістер. Жалпыға белгілі, пневмонияның болжамы оның ерте диагностикасына тікелей байланысты. Ерте жастағы балаларда жедел пневмонияны, тұқым қуалайтын аурулар мен туа біткен бронх-өкпе ақаулары және бронх демікпесі фонында өкпелік инфекцияларды емдеуде антибиотиктер мол жетістіктермен қолданылуда. Адекватты антибактериялық ем жедел қабыну реакциясын жоюмен қатар, қоздырғышты да жояды [1].

Антибактериялық ем этиотропты ем ретінде ауруды ең тиімді емдеу түріне жатады. Соңғы онжылдықта аурудың этиологиялық құрылымы өзгеріп, жаңа жұқпалы қоздырғыштарының пайда болуы кеңеюде, бұл жаңа микробтарға қарсы заттарды жасауға ізденістерді қажет етеді. Бірақ, жаңа антибиотиктерді жасау өте қымбат және ұзақ уақытты талап ететін үрдістер, сондай-ақ бактериялардың әсер ету механизмінде оларға қорғаныс қасиеттері дамуы мүмкін. Антибактериялық заттарды үнемі жетілдіруіне қарамастан, көп жағдайда пневмонияның асқынулары және өлімге әкелуі, қазіргі таңда кездесу жиілігі төмендеген жоқ. Олардың негізгі себебі: микроорганизмдердің көпшілігінің антибиотиктерге тұрақтылық дамыған түрлерінің көбеюінде. Тұрақтылық дамыған резистентті штаммдардың қалыптасуына антибиотиктерді өте көп тағайындағанмен қатар, антибиотиктерге қоздырғыштардың сезімталдығын ескермей  негізсіз тағайындағанның да маңызы зор.  Тұрақтылықтың пайда болуына антибиотиктерді шектеусіз қолданумен қатар, дозалары және қолдану ұзақтығының да ерекше маңызы бар. Жоғары дозада қысқа  мерзімге тағайындағанға қарағанда, аз дозамен ұзақ уақыт емдеу жүргізгенде тұрақтылық (резистенттік) дамуына көбірек әсер етеді.  Балаларда тұрақтылық жылдам дамиды. Бұл жағдайға көптеген факторлар ықпал етеді: перинаталогия және ерте жаста антибиотиктермен емдеудің көп қолданылуы, транзиторлы иммундық жүйенің тапшылығы, ЖРВИ кезінде кеңінен антибиотиктерді тиімсіз тағайындаужатады. Тұрақтылықты жою үшін негізгі бағыттары: бұл препараттарды сол науқасты емдеуден алып тастау, дозасын жоғарылату және емдеу курсын ұзарту, емдеу бастағанға дейін әртүрлі препараттарға ауру қоздырғыштарының сезімталдығын анықтау. Іс жүзінде бұл нұсқауларды барлық уақытта орындауға мүмкіндік болмайды, себебі жанама әсерлері  өте жоғары болуы мүмкін, әсіресе балаларда жылдам дамиды. Жалпыға белгілі жағымсыз реакциялардан басқа, антибиотиктермен емдеу адам ағзасына қажетті иммунитетке антигендік тітіркендіру ықпалын болдырмауы мүмкін, нәтижесінде ағзаның иммундық жауабы төмендейді  (иммундық супрессия). Бұл клиникалық тұрғыда реинфекция және суперинфекция белгілерімен көрінеді, антибиотиктерге тұрақты микрорганизмдермен және (госпиталды) ауруханаішілік жұқтырылған қоздырғыштармен шақырылады.  Антибиотиктерге тұрақтылық  медицинада өзекті мәселеге айналды, ол көптеген жағдайда микробқа қарсы препаратты таңдауды анықтайды. ДДҰ есебіндегі мәліметтері бойынша соңғы 60 жыл ішінде антибиотиктерді қолдану барысында барлық белгілі ауру қоздырғыштарының антибиотиктерге сезімталдығы біртіндеп азайды,  ал кейбір жұқпалы түрлеріне тіпті сезімталдығы жойылды. ДДҰ осындай жағдайларда микрорганизмердің антибиотиктерге тұрақтылық дамуын және оның таралуын денсаулық сақтаудың жақындап келе жатқан дағдарысы деп мәселе көтерді. Өзгеріске толы қоршаған ортада микроорганизмдердің өмір сүруі, антибиотиктерге тұрақтылық қалыптасуы тиімді әсер механизмдерінің әрқилы түрде жетілуі арқылы жүзеге асады. Препараттардың биологиялық белсенділігін жоққа шығаратын, оларға қоздырғыш штаммдарының тұрақтылығы пайда болуы түрінде бактериялардың адекватты жауабымен және жаңа антибактериялық дәрілерді  жасауымен қатар жүреді. ДДҰ тұрақтылықты таратудың алдан алу үшін іс- әрекеттердің негізгі бағыттарын ұсынады: қолдануға сенімсіз жағдайда немесе күдік тудыратын жағдайда антибиотиктерді тағайындамау керек. Антибиотиктерді қолдануда мемлекеттік реттеу жүргізу, антибиотиктерді ауыл шаруашылығында қолдануға шектеу қою, госпиталды штаммдардың таралуына бақылау орнату. Жалпы тұрғылықты халықпен түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізу, инфекцияларды емдеуде халықаралық және ұлттық формулярды қолдану [2].

Осындай жағдайда емдеудің тиімділігін жоғарылату үшін және антибактериялық препарттармен кешенді қолданғанда олардың әсерін күшейтетін жаңа дәрілік заттарды іздестіруге қажеттілік туады. Аталған талаптарға жауап беретін бұл биобактериофагтар. Биобактериофагтар – бактериялық вирустар, бактериялық жасушасын таңдап зақымдайды. Олардың әсері кезеңдермен жүреді: арнайы жасушаның сыртқы бетіне адсорбциясы, ішке енуі және бактерия жасушасы геномына өзінің геномын ендіруі, соңынан жаңа биобактериофаг өндірілуімен және жұқтырылған қоздырғыш жасушасының өлуімен аяқталады.  Қоршаған ортаға шығарылған лизис нәтижесінде биобактериофагтар қайтадан басқа жасушасын зақымдайды және барлық микроорганиздерді лизиске ұшыратады, кейіннен қабыну ошағында барлық патогенді толық жояды.

Биобактериофагтар уытты емес, жанама әсер шақырмайды, қалыпты микрофлораны тежемейді, қолдануға қарсы көрсетулері жоқ, барлық дәрілермен  қосып қолдануға болады. Микробиоценозды қалыпқа келтіруіне байланысты және иммундық жүйеге тежегіш әсері жоқтығымен сипатталады. Биобактериофагтар гуморалды және жасушалық иммунитетке ынталандырғыш әсер көрсетеді. Құрамына байланысты биобактериофагтар бөлінеді: поливалентті биобактериофагтар (бір қоздырғыштың әртүрлі сероварларына белсенділігі бар)және жұптастырылған биобактериофагтар    (әртүрлі қоздырғыштарға қарсы белсенділігі бар).

Микробтық ассоциациялары бар жағдайда емдік әсер көрсетеді. Қазіргі таңда медицинада биобактериофагтардың мынадай түрлері қолданылады: селективті стафилакокктық, клебсиеллалық, колипротейлік, көкіріңтаяқшасына қарсы, сондай–ақ Интести   биобактериофагтар және Пио биобактериофагтар. Пиобиобактериофагтар құрамында бірнеше биобактериофагтар бар, көкірің таяқшасы, ішек таяқшасы, клебсиелла, стрептококк, стафилококк, стрептококк қоздырғыштарына қарсы белсенді емдік әсер көрсетеді. Пиобиобактериофагтар ішек инфекцияларында, хирургиялық патологиясында, урогениталды инфекциясында және жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабынуларында (оның ішінде пневмония, плевритте), құлақтың іріңді қабыну ауруларында қолданылады.

Пиобиобактериофагтардың негізгі басымдылығына мынадай мәліметтерді жатқызуға болады:

  • адам ағзасының ішкі ортасының табиғи балансын бұзбайды және қалыпты микрофлораны тежемейді, инфекцияны емдеуде жоғары спецификалық әсер көрсетеді;
  • қолдануға қарсы көрсетулері жоқ: жүкті әйелдерге, емшектегі баласы бар аналарға, барлық жастағы балаларға, тіпті шала туылған нәрестелерге де қолдануға болады;
  • гуморалды және жасушалық иммунитетке ынталандырғыш қасиет көрсетеді;
  • тератогендік, аллергиялық, уытты әсерлері жоқ;
  • монотерапияда тиімділігі жоғары, бірақ басқа препараттармен бірге жұптастырып қолдануға болады, оның ішінде антибиотиктермен және пробиотиктермен бірге;
  • микроорганизмдердің биобактериофагтарға тұрақтылығы дамымайды, керісінше  антибиотиктерге қарағанда олардың клиникалық штаммдарының биобактериофагтарға  сезімталдық қасиеті бірқалыпты және өзгермейді, дәрілік преапараттарды жаңа түрлерімен байытуымен түсіндіріледі [3].

Бұл талаптарға толық жауап беретін препарат: Пиобиобактериофаг «БИОХИМФАРМ» АҚ, Грузияда өндірілген. Препарат құрамы: Streptococcus,  Staphylococcus, Escherichia coli,  стерильді фаголизаттар фильтраттары. Арнайы антибактериялық зат. Пиобактериофаг сұйық. Ауыз арқылы ішке, емдік клизма ретінде, жергілікті және сыртқа қабылдауға арналған. Жас ерекшеліктеріне қарай жедел пневмонияда 2 рет ішкежәне 1 рет емдік клизмаретінде тағайындауға болады.Шығару қалпы флаконда 20,0мл- ден, №4 данасы бар. Тіркеу нөмірі № R-002284.

Зерттеу мақсаты:  Ерте жастағы балалардағы жедел пневмонияны кешенді емдеуде Пиобиобактериофагтың клиникалық тиімділігін бағалау болып табылады.

 

Зерттеу әдістері мен материалдары: Бақылауда 40 бала болды. Ауруханажағдайында бақылауда қан анализінде қабыну өзгерістерібар және ошақты – қосылған жедел пневмонияның рентгенологиялық тексерумен дәлелденген 6 айлық жастан  3 жасқа дейінгі балалар болды. Көпшілік балалардың (72,5%) 5-6  күні ауруханаға түскен, қалғаны  11 бала (28,5%) 7 күні түскен. Амбулаториялық жағдайында    3-4 күн антибиотик тағайындалған. Ауруханаға түскен күні антибиотик ем алғандары орташа4 күннен аспайды.  32 бала (80%)  антибиотиктерден макролидтер (рокситромицин, ровамицин) және цефалоспориндердің 1 – ұрпағы  (цефазолин) бұлшықетке 5-6 күннен, қалғандары (20%) симптомдық ем ғана қабылдаған. Күткен оң әсердің болмауы, препараттардың адекватты емес дозасымен болуы мүмкін (сырқаттамада қабылданған антибиотиктер дозасы көбіне көрсетілмеген).  Барлық балаларда интоксикация баланың жалпы жағдайының бұзылуымен, әлсіздік, енжарлық, тәбеттің төмендеуі және тамақтан бас тартуы, ұйқы бұзылыстарымен, терінің бозғылттығымен көрінеді. Ауру клиникасында гипертермия 38,50   С- тан жоғары 72,5% жағдайда, ал жөтел барлық балаларда байқалды, тахипноэ 80% науқаста болды. Өкпедегі физикалық өзгерістер (перкуторлы дыбыстың локалды тұйықталуы, тыныстың әлсіреуі және фокалды сырылдар)  барлық науқастарда көрінді. Бронхообструктивті синдром 15 балада (37,5%) анықталды. Бұл симптомдармен қатар тыныс жетіспеушілігі (тахипноэ, периоралды цианоз, ентігу, көмекші мускулатураның тынысқа қатысуы) 85% жағдайда кездесті. Барлық бақылауда болған балалардың рентгенографиясында ошақты қосылған инфильтрация байқалды. Оң жақты ортаңғы және төменгі бөліктерде, 5 балада қосылған ошақ өкпенің жоғарғы бөлігінде анықталды. Клиникалық көріністері мен рентгенологиялық пневмония белгілері ұқсас 2 топқа бөлінді. Барлық балаларға антибактериялық ем 2 препараттармен (цефалоспориндердің 2-3 ұрпағы және аминогликозидте), муколитиктер, бронхолитик заттармен бірге тағайындалды. Бірінші негізгі топқа 25 бала бөлінді, антибиотиктерге қосымша бақылаудың 1- күнінен бастап (госпитализацияның 2 күнінен)  Пиобактериофаг   № 7 күн бойы жасына қарай дозасы белгіленді.  Екінші бақылау тобындағы балалар (15) 2 антибиотик және  симптомды ем тағайындалды, кешенді емдеу жоспарына пиобактериофаг қосылмады. Күнделікті емдеу тиімділігі клиникалық симптомдардың динамикасымен (интоксикация, ентігу, жөтел, аускультативті мәліметтер бағаланды) және рентгенологиялық көріністер және қан анализінің нәтижелері 5 күннен кейін қайта тексерілді.

Зерттеу нәтижелері және талқылау. Негізгі топтағы барлық балалар Пиобактериофагпен емдеудің 3 тәулігінде симптомдардың интоксикация, жоғары температураның қалыпты жағдайға түсуі, өнімді жөтелдің пайда болуы көрінді. 5 тәулігінде локалды тыныстың әлсіреуі қатаң дыбысқа өзгерді, сырылдар азайды. Оң рентгенологиялық динамика байқалды 20 балада  ошақты – қосылған өзгерістер азайымен және 5 балада емдеудің 6 тәулігінде ошақты – қосылған инфильтрация толық жойылуымен анықталды. Өкпе түбірінің инфильтрациясы, бронх-тамырлардың суретінің күшеюі сақталды. Екінші бақылау тобында рентген көрінісі осы көрсетілген мерзімде өкпенің инфильтрациясының өзгерістері баяу, ошақты – қосылған инфильтрация толық жойылған жоқ. Бұл топта ауру симптомдарының динамикасы да өте баяу жүрді. Интоксикация, өнімсіз жөтел, бронхообструктивті синдром  7 тәулікте сақталды, аускультативті өзгерістер ұзақтығы үлкенірек. Қан анализіндегі қабыну үрдістерінің өзгерістері, стерильді фаголизат фильтратты алған науқастарда ерте мерзімде байқалды. Негізгі топтағы балалар  орташа 9 тәулігінде стационардан жақсаруымен шығарылды, ал  пиобактериофаг алмаған балалар орташа 3-4 күн кешеуілдеп шығарылды. Оларда шығару күні жөтел және ылғалды орташа калибрлы сырылдар, ылғалды өнімсіз жөтел болды. Пиобактериофаг  толық емдеу курсын қабылдаған барлық балаларда пиобактериофаг қабылдағанда жанама әсерлер тіркелген жоқ.

 

Қорытынды:

1. Ерте жастағы балаларда ауруханадан тыс жедел пневмонияны кешенді емдеуде Пиобактериофаг қолдану стационарда емдеу және клиникалық –рентгенологиялық белгілерін және көріністері ұзақтығын қысқартады;

2.  Стационарда емдеу ұзақтығы мерзімін қысқартады;

3.  Ауруханаішілік инфекцияны жұқтырудың алдан алады;

4.  Зерттеу нәтижелері респираторлы патологияларын емдеуде қауіпсіз және жоғары тиімді;

5.   Балалардағы жедел пневмонияны емдеу үрдісінде антибактериялық емдеудегі оптимизациялауға ықпал етеді.

 

Литература:

1. Зосимов А.Н., Ходзицкая В.К., Черкасов С.А. Детская пульмонология. Принципы терапии. 2008.-С. 46-65.

2. Папаян А.В., Петрова С.И., Никитина М.А., Умеркулова Т.Ф., Витчак З.А.  Антибактериальная терапиям острой внебольничной пневмонии у детей// Российский вестник перинатологии и педиатрии.  – 2007.-№ 2.-С. 34-37.

3. Красильников И.В., Лобастова А.К., Лыско К.А. Некоторые аспекты современного состояния и перспективных направлений развития производства и применения лечебно-профилактических препаратов бактериофагов// Научно-практический журнал «Биопрепараты». – 2010.-№ 2.-С.13-16.

Г.А.Шаким, Э.Д.Есжанова, Р.К.Мусабекова, Р.Ш.Сагимова, А.Е.Досметов, Л.Ж.Умбетова

№1 бала аурулары кафедрасы

ҚазҰМУ

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ