ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕГІ ВИТАПРОСТТЫҢ ӘСЕРІ

27 Apr 2012

Түйін Қазіргі кезде қуықасты безінің созылмалы қабынуының кездесуі жасөспірімдер арасындада жиілеп отыр. Сондықтанда осы ауруды емдеудің тиімділігі мен сапасын жоғарылату өзекті мәселелердің біріне айналды.

Түйінді сөздер жасөспірімдер, қуықасты безінің созылмалы қабынуы, биореттеуші пептид, витапрост

Эффективность витапроста в лечении хронического простатита у подростков

Д.И. Сенгирбаев

Резюме В результате исследования отмечается эффективность препарата витапрост в  лечение хронического простатита. Восстановление микроциркуляции в предстательной железе у больных хроническим простатитом позволяет значительно улучшить качество жизни пациентов,  способствует большей длительности безрецидивного течения болезни после прекращения лечения.

Ключевые слова подростки, хронический простатит, биорегулирующий пептид, витапрост

 

Vitaprost efficiency in the treatment of chronic prostatitis in adolescents

D.I. Sengirbaev

Department of Urology and Surgical Nephrology, KazNMU

Abstract The study indicated the efficacy of vitaprost treatment of chronic prostatitis. Restoration of microcirculation in the prostate gland in patients with chronic prostatitis can significantly improve the quality of life of patients with longer duration of relapse-free promotes the disease after cessation of treatment.

Keywords adolescents, chronic prostatitis, bioregulatory peptides, vitaprost

 

Өзектілігі. Жасөспірімдер арасындағы жалпы сырқаттың кездесу жиілігі 1992 – 2000 жылдар арасында 66% артты. Бұл көрсеткіш ересектерге қарағанда 3,5 есеге жоғары.

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында қуықасты безінің қабынуының кең таралуы белең алып отыр. Созылмалы простатитте қуықасты безінің микроциркуляциясы мен оның ацинустарының босауының бұызылстары маңызды орын алатыны дәлелденген (Ткачук В.Н. және бірқатар авт., 1989; Михайличенко В.В., 1996; Лопаткин Н.А., 1998; Глыбочко П.В. және бірқатар авт., 2004; Nickel I., 1999). Қуықасты безіндегі қан айналысының бұзылысы тек қабыныу үрдісіне қолайлы жағдай жасап қоймай, оның қайталануына да әсерін тигізеді. Ұзақ мерзімді қабыну үрдісінің әсерінен болған веналық және артериялық іркіліс салдарынан қуықасты безінің микроциркулясы бұзылып, без тіні тыртықты тінге ауысады. Соның себебінен қуықасты безінің қызметі бұзылады. Қуықасты безінің қабынуы түрлі клиникалық белгілермен өтеді. Жиі аралықтағы жағымсыз жағдай, несеп шығуының бұзылысы, жыныстық белсенділіктің төмендеуі сияқты симптомдармен өтеді.

Жұмыстың мақсаты – жасөспірімдердегі  созылмалы простатит емінің тиімділігін бағалау

Материалдар және әдістер. Жұмыста қуықасты безінің абактериалды созылмалы қабынуы бар 21 жасөспірімдердің ем нәтижелері талқыланды. Бақыланған науқастардың жас ерекшелігі 16 жас пен 19 жас аралығын құрады. Бақылау тобын 10 дені сау жасөспірім құрады.

Зерттелген науқастар екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы абактериалды созылмалы қабынуы бар 10 (47,6%) науқас аңғарымы айқындалған соң тек фторхинолон қатарының антибиотиктерін қабылдады. Ал екінші топтағы 11(52,4%) науқастарға антибиотиктермен бірге биореттеуші пептид «Витапрост» тағайындалды.   Науқастардағы созылмалы простатит белгілерінің айқындығы 1999 жылы АҚШ – тың Ұлттық денсаулық институтымен ұсынылған NIH-CPSI созылмалы простатит белгілері индексі (National Institute of Health Chronic Prostatitis Symptom Index) шкаласымен  және 2001 жылы Ресей ғалымдары О.Б. Лоран және А.С. Сегалмен енгізілген өзгертулерді ескере отырып бағаланды.  Бұл шкала бойынша келесі белгілер қарастырылды: 1) ауру сезімі және дискомфорт; 2) несеп шығуының бұзылысы; 3) сырқаттың өмір сапасына әсер етуі; 4) белгілердің жалпы көрсеткіштері.

Нәтижелер мен талқылау. Созылмалы простатиттің барлық субьективті белгілері созылмалы бактериалды простатитке қарағанда, жиі созылмалы абактериалды простатитте анықталды.  Несеп шығуының бұзылысы созылмалы абактериалды простатитте (СБП) 61,3% науқаста, созылмалы абактериалды простатитте (САП) — 87,2%, ауру сезімі СБП — 63,2%, ал САП — 87,5%, ауру сезімі – 64,8% және 79,0% тиісінше, жыныстық бұзылыстар – 41,5% және 54,3% тиісінше, шәует бөлуінің бұзылысы – 28,4% және 50,1% тиісінше, ал психосоматикалық бұзылыстар СБП — 66,8% жағдайда, САП 97,4% жағдайда кездесті.  Сонымен қатар аурудыу обьективті белгілері (сперматогенездің бұзылысы, инфравезикалды обстркукцияның айқындығы, урофлоуметрия көрсеткіштерінің төмендеуі) жиі созылмалы бактериалды простатитте байқалды.

Қуықасты безіндегі қабыну үрдісінің дәрежесінің бір көрсеткіші болып шәует пен простата сөліндегі лейкоциттер санының мөлшері саналды. Бұл көрсеткіш созылмалы абактериалды простатиті бар науқастардың 12,5% жағдайында көру аймағында лейкоциттер саны 5 аспады, 62,7% — лейкоциттер саны 6 – 20, ал 24,8% науқаста лейкоциттер саны 21-ден 50 жетті.      Созылмалы бактериалды простатитпен сырқаттанған науқастардың 28,6% лейкоциттер саны 6-20 құрады, 19,7% – 21-50, ал 51,7% жағдайында бұл көрсеткіштер жоғары болды. СБП симптомдардың жалпы көрсеткіштері 29,8 балл, дизурия – 8,7 балл, өмір сапасы – 9,9 баллды құрады (1 кесте).

 

1 кесте Салыстырылған топтардағы емнің клиникалық тиімділігі

 

Емнің тиімділігі

I топ

II топ

Емге дейін Емнен кейін Емге дейін Емнен кейін
Симптомдардың жалпы көрсеткіштері

Өмір сапасы

Простата сөлі (лейкоциттер саны)

 

29,8

 

9,7

>10

15,1

 

5,1

<10

 

 

30,7

 

9,3

>10

 

 

16,4

 

5,6

<10

 

 

 

 

Емделген науқастардың қуықасты безіндегі қан айналымының сапасы қуықасты безі қантамырларының ультрадыбыстық доплерографиясымен (УДДГ) бағаланды. Созылмалы простатиттен қабылдаған емдеріне байланысты салыстырылған науқасытардың қуықасты безінің қан айналымының жақсаруы витапрост қабылдаған науқастарды айтарлықтай жақсарғаны айқындалды. Созылмалы абактериалды простатиттен тек витапрост қабылдаған науқастарды артерия қан тамырындағы ағыс жылдамдығы 5,51 см/с, ал витапростпен бірге фторхинолон қатарындағы аньибиотиктер қабылдаған науқастарда бұл көрсеткіш 2,53 см/с артқаны байқалды. Осындай өзгерістер қуықасты безінің вена қан тамырындағы ағыс жылдамдығын, қан тамырлар өрімінің тығыздығын және қан айналымының көлемін бағалауда да анықталды (2 кесте).

 

2 кесте  Қуықасты безінің қан айналымының ультрадыбыстық доплерография бойынша көрсеткішттері

 

 

Гемодинамика көрсеткіштері

I топ

II топ

 

Бақылау тобы

 

 

Емге дейін Емнен кейін Емге дейін Емнен кейін
 

Артериядағы жоғарғы систолалық жылдамдық (см/с)

 

9,24±0,49

 

 

10,12±0,51

 

 

8,96±0,51

 

 

11,49±0,76*

 

12,38±0,91

 

Венадағы қан ағысының сызықтық жылдамдығы (см/с) 3,63±0,2

 

3,88±0,16

 

3,55±0,19 4,57±0,16*

 

4,98±0,35

 

Қуықасты безінің қан тамырларының резистенттік индексі (шартты бірл.) 0,73±0,04

 

0,71±0,04

 

0,75±0,06

 

0,65±0,04*

 

0,64±0,07

 

Қан тамыр өрімдерінің тығыздығы (тамыр/см2) 1,29±0,16 1,34±0,19 1,27±0,23 2,04±0,35* 2,15±0,26

 

*P<0,005

 

 

 

Зерттеуде созылмалы простатитті емдеуде қабынуға қарсы антибиотиктермен шектелмей, қосымша қуықасты безінің қан айналымына әсер ететін заттарды тағайындау ем тиімділігін арттыратынын аңғартты.  Созылмалы бактериалды простатитпен сырқаттанған жасөспірімдерде қуықасты безінің артериясындағы жоғарғы систолалық жылдамдықтың төмендеуі, қан тамыр өрімдерінің тығыздығының азаюы және қан тамырлар резистенттілігі индексінің жоғарылауымен сипатталатын қуықасты безінің жергілікті қан айналымының бұзылысы орын алады. Жасөспірімдердегі созылмалы бактериалды простатиттті антибиотиктермен биореттеуші пептид – витапростпен  кешенді емдеуде қуықасты безінің қан айналымы жақсарып, қабыну ошағында антибиотиктердің шоғырлануының жоғарылауы салдарынан жергілікті тіннің ісінуі, ауру сезімі және несеп шығуы бұзылыстары төмендеп, науқастардың өмір сапасы жоғарылайды.

        Зерттеу нәтижесінде жасөспірімдердегі созылмалы простатитті емдеуде биореттеуші пептид – витапросттың тиімділігі анықталды. Созылмалы проститі бар науқастардың қуықасты безінің  қан айналымының жақсаруы науқастардың өмір сапасын жақсартып, аурудың қайталану жиілігін айтарлықтай төмендетті.

 

Литература:

  1. Арнольди Э.К. Хронический простатит.- Ростов-на-Дону,1999.-314 с.
  2. Приленский Б.Ю. Психические нарушения при простатите: Автореф. дис… канд. мед. наук: 14.00.18 / Новосиб. мед. инт. — Новосибирск, 1988.- 24 с.
  3. Молочков В.А., Ильин И.И. Хронический уретрогенный простатит. — М.: Медицина, 1998. — 304 с.
  4. Тиктинский О.Л., Михайличенко В.В. Андрология. — Медиа-Пресс, 1999.- 370 с.

Д.И. Сеңгірбаев

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

урология кафедрасы және нефрология курсы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ