ҚАЗАҚСТАНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРУДІҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ

27 Apr 2012

Түйін Әлемде қазіргі таңда халықаралық статистика деректеріне сүйенсек 60 жастан асқандар саны 1 миллирдтан асқан. 2050жылы дамыған елдерде 65 жастан асқандардың саны арта түспек. Егде жастағылардың Қазақстандағы саны соңғы жылдары біршама өсе түскен. Сондықтан да әлеуметтік-зкономикалық реформа жүргізу кезінде осы кәрі адамдардың жағдайын қарастыру керек.

Қазақстандағы кәрі адамдарға медициналық көмек берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Халқымыздың өз денсаулығына қажетті деңгейде көңіл бөлмеуі, және кәрі адамдардың өз ауруларының  себебін кәрліктен көруі, сонымен қатар, ауылдық жерлерде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсетудің  дұрыс жолға қойылмауы да өз себебін тигізіп отыр.

Түйінді сөздер: геронтология, егде адамдарға медициналық көмек, себептер, әлеуметтік жағдай.

 

Some aspects of medical aid for elderly persons in Republic of Kazakhstan

Turdalieva B.S., Igissenova A.I., Каnashaeva Y.Е., Nurmanova J.A.

Abstract This article contains some crucial aspects of medical and social help for elderly people. Based on the experience of other international authors, it can be concluded that organizing and implementation of new methods and approaches, improves the work of rehabilitationary and medical centres which are aimed to provide medical help for elderly people.

Keywords gerontology, medical care for older people, social statuses.

 

Некоторые аспекты медицинский помощи лицам пожилого возраста в РК

Тұрдалиева Б.С., Игисенова А.И., Аимбетова Г.Е., Канашаева Ы.Е., Нурманова Ж.А.

Резюме В данной статье представлены некоторые аспекты  медицинской и социальной помощи людям пожилого возраста.  Опираясь  на опыт авторов зарубежных стран  можно заключить,  что организация и внедрение новых методов  и подходов усовершенствует  работу реабилитационных и медицинских центров  оказания  медицинской помощи  людям пожилого возраста.

Ключевые слова геронтология, медицинская помощь пожилым людям, социальное положение.

Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтауға ерекше көңіл аударып отыр. Елбасымыз өзінің халыққа жолдауында былай деді «Бізде денсаулық  сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар сапалы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет».  Сонымен  халыққа соның ішінде кәрі адамдарға көмек көрсету өзекті екені шындық.

Елімізде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсету еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі ұстанымдардың бірі. Кәрі адамдар елімізде халқымыздың едәуір бөлігін құрап отырған әлеуметтік топ болып табылады. Халқымызда  кәрліктің емі жоқ ауру деген даналық сөзі бар. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін жасау маңызды. Осы бағытта кәрілерге медицналық көмек беруді жоспарлы түрде жүргізу үшін ғылыми әдістемелік негізде жасау керек. Сонымен, кәрлік бұл әлеуметтік психологиялық және жас ерекшелік психологиясымен байланысты мәселе болып отыр.

Адамдар кәрлік жасқа жеткенде бұрынғы жас жағдайларында елемеген және көңіл бөлмеген сырқаттары көріне бастайды. Бұл жас ерекшелікке сай ағзада болатын өзгерістер, ағзалардың ауруға қарсы тұруының төмендеуі және дұрыс тамақтанбау зейнетақының  толық қанды өмір сүруге жетпеуі, кәрі адамдардың жүріп тұруындағы қиыншылықтарына байланысты  уақытында емханаларға көріне алмауының салдарынан оларға сапалы деңгейде медициналық көмек берілмейді. Біріншіден өтпелі  экономикалық жағдайларға сәйкес әл-ауқат пен халықтың денсаулық деңгейі арасында нақты байланыс бар екенін ескере кеткен жөн.

Кәрі адамдарға медициналық және әлеуметтік  қызмет көрсетудің кейбір жетімсіздігі экологиялық факторлардың әсері, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын — алуға байланысты жүргізілетін іс-шаралардың шалғай ауылдарда дұрыс жүргізілмеуі  кәрі адамдардың сапалы медициналық тұрғыдан толық қамтылуына өз әсерін тигізіп отыр. Шалғай ауылдардың тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан әлсіздігі және жұмыссыздық кейбір жанұяларға толыққанды құнарлы тамақтануына да әсер етеді. Үйішілік тұрмыстық жағдай кәрі адамдарға өз өмірін толыққанды өткізуіне әсерін тигізеді.

Кәрлік – бұл әлеуметтік және медициналық мәселе болып табылады. Шалғай ауылдарда кәрі адамдарға көмек көрсету үшін ең алдымен арнайы дайындаған білікті мамандарды дайындау қажет. Ауылдық және аудандық емханаларда арнайы жасақталған емдік бөлмелер ашқан жөн. Сондай – ақ медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін кәрілердің толыққанды медициналық жәрдем алуын ұйымдастыратын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы медициналық білім деңгейінде қалыптастыра кеткен жөн. Сондықтан әлеуметтік қызметкерлерге медициналық тұрғыдан білімдерін жоғарылату үшін арнайы курстар ашу керек.

Геронтология бойынша арнайы білім беру курстарын аудандық, облыстық, қалалық деңгейінде үйрету өз нәтижесін береді деп ойлаймын.    Кәрі адамдарға медициналық көмек беру үшін оларды арнайы тізімге алып, оларға медициналық кітапша ашу қажет. Кәрі адамдарға медициналық тұрғыдан өз жастарына қатысты ағарту жұмыстарын жүргізу, және медициналық кеңестер беру, денсаулық күйін үнемі тексеріп отыру маңызды. Сондықтан медициналық мейірбикелер олардың үйішілік әлеуметтік жағдайымен танысып, оларға тұрақты түрде дәрігерлікке дейін көмек беру және кәрілер мен олардың жақындарына аурудың алдын-алу туралы кеңестер беруге ләзім. Сондай-ақ оларға гигиеналық заттар мен кейбір дәрі-дәрмектерді тегін тарату керек. Сырқат кәрі адамдарға үй ішінде қажетті медициналық көмек беріп, оларды емдеу үшін арнайы стационарларда реаблитациялық іс-шараларды үйрету қажет. Жапонияда  әлемдегі ең ұзақ өмір сүрушілер басым. Бұл елде кәрі адамдардың үлес салмағы 20 пайызды құрап отыр.

Жапонияда демографиялық жағдайдың ерекшелігіне сай медициналық көмек беру жүйесі жетілдірілген. 65-70 жас және одан үлкен жастардағы медициналық көмек беруді жергілікті мемлекеттік билік органдары мен қамсыздандыру жүйесін қамтамасыз етеді. Голландияда кәрілерге әлеуметтік көмек беруді территориялды қағида бойынша жүргізіледі. Кәрілерге медициналық көмек беру, үйінде, жеке және ерікті адамдар мен ұйымдар іске асырылады.

Голлондияда 500 ден аса күндізгі пансионаттар жұмыс жасайды. Бұл пансионаттарда курстар, үйірмелер, кітапхана және тағы басқа да түрлері ойын-сауықтар ұйымдастырылған.

Францияда кәрі адамдарға медициналық көмек беру көбіне үй жағдайларында көрсетіледі. Мұнда медициналық көмек берудің екі түрі, үйде көмек беріп, азық-түлікті алып келу, үйішін жинау, тамақ жасау, тағы басқалар. Бұл мемлекеттік қамсыздандыру немесе жеке қамсыздандыру компониялар есебінен жүргізіледі. Екіншіден, медициналық мейірбикелер дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек беру және гигиеналық сипаттағы қызметтер жасайды. Мұнда емдік шараларды іске асырушы дәрігер болып табылады, ал мейірбикелер дәрігер тағайындаған емді іске асырады.             Франция қалаларында зейнеткерлер үшін көптеген клубтар жұмыс жасайды. Бұл кәрі адамдардың  белсенді өмір сүруіне көмектеседі.

Германияда кәрі адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді қайырымдылық қорлары және Қызыл Крест және ерікті ұйымдар жүргізеді. Кейінгі жылдары бұл қызметтің кейбір түрлерін мемлекет өз мойнына алған.

Кәрі адамдарған арналған түрлі клубтар, күндізгі амбулаториялық орталықтар және үйде берілетін әлеуметтік медициналық көмектерде ұйымдастырыла бастаған.  Бұл  Европалық елдерде кәрі адамдарға көрсететін медициналық көмектің жағдайы.

Қазақстанда «Денсаулық сақтау жүйесі» және азаматтардың денсаулық қорғау» туралы заңдарында  егде адамдарға берілетін дәрілердің 50 пайызы төмен бағамен берілуі көрсетілген. Ол қазақ үкіметінің 2005 жылы 28 желтоқсанда қабылданған қаулысында  анық көрсетілген.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасын арттыруға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізіліп отыр.

Елімізде кәрі адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ай сайын ұйымдастырылатын іс-шаралар бар. Бірқатар аймақтарда кәрі адамдарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған комиссиялар құрылған. Стационарлық ауруханаларда  Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған теңестірілген адамдар үшін арнайы палаталар бар.

Халықаралық Веналық конвенция жоспарына сәйкес кәрлік мәселесі бойынша тиісті емдік іс-шаралар жүргізу және алдын-алу қызметтері кәрілер арасындағы сырқаттанушылықтыңи төмендеуіне байланысты іс-шараларды атқару көрсетілген.

Қазақстанда кәрілерге қызмет көрсету негізінен медициналық санитарлық көмек аясында іске асырылады. Бізде арнайы мамандандырылған гериатр дәрігерлері жоқ десе де болады. Кәрі адамдарға медико-әлеуметтік көмек көрсету үшін көп профилді емханалар ашу қажет. Кәрі адамдар арасында сырқаттың алдын-алу шаралар қызметін кешенді түрде жүргізілуі үшін түрлі арнайы мамандарды жұмысқа тарта білу керек.

Медициналық көмек берудің арасында сабақтастықты сақтау мақсатында кәрі адамдарға қызмет көрсетуді күндізгі стационарда, үйде жанұялық дәрігерлер ұйымдастыру керек. Сонда кәрі адамдар үй ішінде, ағайын-туыстарының ортасында, дәрігердің медициналық көмегін ала алады. Кәрі адамдарды қадағалау үшін олардың денсаулық жағдайын тұрақты түрде елімізде қадағалап отыру қажет. Кәрі адамдарға арналған хоспистерде осы категориядаға адамдарға түрлі медициналық көмектер ұйымдастырылады. Деректерге сүйенсек, хоспистер Павлодар, Өскемен, Қарағанды Алматы, Қостанай Семей қалаларында ұйымдастырылған.

Хоспистер көбінесе ауыр жағдайдағы науқастарға арналған. Ірі қалаларда және аудан орталықтарында кәрілерге арналған түрлі клубтар ұйымдастыруды жергілікті әкімдіктер өз мойнына алғаны жөн. Кәрілер үшін осындай клубтар олардың өз уақыттарын тиімді және қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен кәрілердің жалпы денсаулығына игі ықпал етеді.

Қорытындылай келе мынадай тұжырымға келдік, егде жастағы адамдарға медициналық көмек беруде заманауи әдістерді басшылыққа алу керек. Ол үшін дамыған елдердің оң тәжірбиесін тиімді қолдану керек.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Н.Ә. Назарбаев Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты// Ана тілі 2-8 ақпан 2012ж.
  2. Березнев В.Я., Хромов А.С. К вопросу организации медико-социальной помощи престарелым в стационаре // Материалы Консульт. междун. семин. ― М.: МЗМП РФ, 2001.
  3. Гехт И.А. Некоторые проблемы организации медико-социальной помощи пожилым и старым людям в сельской местности // Матер. Консульт. межд. сем. ― М.: МЗМП РФ, 2001.
  4. Здоровье пожилых//  Женева, 1992.
  5. Отчет уполномоченного по правам человека в республике Казахстан: Медицинское обслуживание и право на уход за пожилыми людьми.- Астана , 2007.
  6. Ларионова Т. Социальное обслуживание пожилых — дело творческое./ Социальное обеспечение. — 1999. — № 9 Международный год пожилых людей//Социальное обслуживание. – 2001.
  7. Старшее поколение в Японии: Современная ситуация. // Япония и современный мир.2000.№2(27)

Тұрдалиева Б.С., Игисенова А.И., Аимбетова Г.Е., Канашаева Ы.Е., Нурманова Ж.А.

Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ