ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР ЖӘНЕ МҰНАЙГАЗ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫ

27 Apr 2012

Түйін Мақалада Қарашаған мұнайгазконденсатты кен орындары аймағындағы денсаулық және денсаулық сақтау жағдайына сипаттама берілген.

Түйінді сөздер мұнайгаз аймағы, халық денсаулығы, медико-санитарлық көмек

 

Social aspects and population health are in oil and gas region

Abstract M. Amrin, D. Kenesary, А. Dosmukhametov, A. Erzhanova, R. Shaihidinova

In the article presented description to the state of health and health protection in the region of Karachaganak Oil and Gas Condensate Field.

Keywords oil and gas region, health of population, medical-sanitary help

 

Социальные аспекты и здоровье населения в нефтегазовом регионе

М.К. Амрин, Д.У. Кенесары, А.Т. Досмухаметов, А.Е. Ержанова, Р.А. Шайхидинова

Резюме В статье дана характеристика состоянию здоровья и здравоохранения в регионе Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения.

Ключевые слова нефтегазовый регион, здоровье населения, медико-санитарная помощь

 

Бәрімізге мәлім болғандай, БДҰ сарапшыларының анықтамасы бойынша халық денсаулығының 50-55% тұрмыс қалпы мен жағдайына, 20-25% қоршаған орта жағдайына, 15-20% генетикалық факторларға және 10-15% медициналық жәрдем көрсету деңгейіне байланысты.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жолдаған «Қазақстан-2030» атты ұзақ мерзімді стратегиясында халық денсаулығы приоритетті бағыт және ХХI ғасырда мемлекет саясаты деп мойындалған. Халық денсаулығын сақтау жүйесінде ауруханалық көмек ерекше маңызды орын алатындығы даусыз. БДҰ анықтамасы бойынша қазіргі заман ауруханалары халықты емдік және алдын алу көмегімен толық көлемде қамтамасыз ететін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсететін жүйенің интегралды бөлігі болып табылады.

ҚР денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық  дамудың және реформалаудың жаңа кезеңі халыққа стационарлық қызмет көрсетуі приоритеттік орын алатын қоғам денсаулығын нығайту және қорғау мәселелерін кешенді түрде шешуді аймақтық ету қажеттілігін ұсынады.

Мамандандырылған көмектің дамуы және оның ауыл тұрғындарына жақындауы ауылда денсаулық сақтауды дамытудың барлық жолымен дайындалған, және бірінші кезекте ауылдық денсаулық сақтаудың материалды-техникалық базасын нығайтумен, медициналық көмек сапасын жақсартумен, халыққа дәрігерлік көмек көрсетудің жүйелі үш кезеңді жүйе ұйымымен: ауруханасы немесе амбулаториясы бар ауылдық дәрігерлік бөлімше, орталық аудандық, облыстық ауруханалар және мамандандырылған диспансерлер.

Мамандандырылған медициналық көмектің ауылдық елді мекенге жақындау сұрақтарын шешуде денсаулық сақтаудың біріншілік бөлімдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Облыстағы біріншілік медико-санитарлық көмектің негізгі бөлімі, ол ауруханасы және амбулаториясы бар ауылдық дәрігерлік бөлімше болып табылады.

Бәрімізге мәлім болғандай, денсаулық сақтау ұйымы халық денсаулығын нығайтудың шешуші факторы болып табылады. Денсаулық сақтау саясатының мақсаты мен міндеттерін анықтау және оған қол жеткізу үшін, денсаулық сақтауды жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейде басқару қажет.

Мұнай саласының жедел дамуы көптеген мұнай шығаратын аудандарының экологиялық жағдайын қатты қиындатты. Осындай аймақтардың бірі Батыс Қазақстан облысының (БҚО) Бұрлы ауданында орналасқан Қарашаған мұнайгазконденсатты кен орындары (ҚМГКК) болып табылады. Кен орындарында көмірсутекті шикізат өндірудің көлемін ұлғайту тұрақты түрде жүргізіледі, ол қоршаған ортаның ластану көздерінің ұлғаюына апарып соғады. Мұның барлығы табиғи ортаның ластану индикаторы болып табылып, халық денсаулығының жағдайына негативті әсер етеді.

Солай болғандықтан, демографиялық және экологиялық саясаттың органикалық байланысы болады, халық санының мемлекеттік саясатының жалпы стратегиясы мен тактикасын өңдеу тап осы аймақтың экономикалық, медико-әлеуметтік, экологиялық өзара байланысының әділ заңдылықтарын есепке алғанда ғана мүмкін болады.

Осы үшін, біздермен ҚМГКК (Березовский, Приуральный, Жарсуатский,  Успенский, Кызылталский ауылдық округтері, Ақсай қаласы және қорытынды пункт Александровка ) аймағында халық денсаулығының кейбір көрсеткіштері (халық саны, қаралуы бойынша аурулар ), денсаулық сақтаудың әлеуметтік жағдайы ( бір тұрғынның қатысу саны, төсек орынмен қамсыздандырылғандығы, дәрігерлер мен жоғары дәрежелі медициналық мамандар саны ) зерттелген.

Бұрлы ауданы территориясында Қазақстандағы ірі мұнайгаз кешені орналасуымен байланысты, осы жерде қарқынды миграциялық процесстер болып жатыр. Зерттеу уақытында тұрғындар саны ұлғайды, ал кіші және орташа елді мекендерде тұрғындар саны ұлғаюмен қатар кеміп те отырды, оның себебі ауданішілік миграция.

Успенский, Жарсуатский және Приуральный ауылдық округтерінде 2008 – 2010жж. аралығындағы тұрғындардың орташа жылдық санының төмендеу (25,9%, 3,9% және 15,5% сәйкес) тенденциясы болса, Березовский және Кызылталский ауылдық округтерінде тұрғындар саны ұлғайды (6,5%және 57,7% ға ), ал жалпы алғанда Бұрлы ауданы және Ақсай қаласы бойынша айқындалған тенденция жоқ.

БҚО Бұрлы ауданының елді мекендерінде тұрғындар тығыздығы біркелкі емес: Ақсай қ. (2010ж) бір шаршы шақырымға 8,66 адамнан, Кызылталский ауылдық округінде 133,33 адамға дейін. 2008-2010жж. мәліметтер бойынша тұрғындар тығыздығы қорытынды пункт Александровкада Березовка ауылынан 1,73-1,82 есеге кем. БҚО бойынша тұрғындар тығыздығы 2008-2010жж. бір шаршы шақырымға 4,0 адамды, ҚР- бойынша соған сәйкес бір шаршы шақырымға 9,75; 9.84; және 9.99 адамды құрады.

Қалаларда және ауылдық елді мекендерде емдеу-алдын алу көмегінің жоспарлық-нормативтік және ұйымдастыру сұрақтарын өңдеу және мамандандыру  кезінде тұрғындардың аурушаңдық мәліметтерінің орасан зор мәні бар.

Халықтың біріншілік аурушаңдығы медициналық ұйымдарда «Ведомстволық есеп беру. 12 жылдық форма. 2008-2010 жж.», статистикалық жинақтар «ҚР халық  денсаулығы және 2008-2010 жж. денсаулық сақтау ұйымдарының әрекеті» мәліметтері бойынша зерттелген.

Елді мекендердегі тұрғындардың біріншілік аурушаңдығы Республика бойынша, БҚО, Бұрлы ауданы және қорытынды пункт Александровкаға (100000 тұрғынға шаққанда, 48967,2ден 113012,0ге дейін) қарағанда ҚМГКК аймағында (Березовский, Приуральный, Жарсуатский, Успенский және Кызылталский ауылдық округтарында) айтарлықтай төмен болған (100000 тұрғынға шаққанда, 27794,1ден 35300,7ге дейін). 2008 жылда қорытынды пункт Александровкада Березовка ауылына қарағанда 2 есе жоғары болды. Ақсай қаласында аурушаңдық ауылдық елді мекендерге жоғары болды, бірақ республикалық және облыстықтан төмен болды.

ҚМГКК СБЗ шекараларына жақын жатқан көптеген елді мекендердегі барлық жас топтары арасындағы барлық ауру түрімен ауыратын аурушаңдықты зерттеу кезеңінде өсуге немесе төмендеуге анық тенденциясы болған жоқ. Березовский ауылдық округіндегі ересектердің және балалардың біріншілік аурушаңдығы төмен, облыс және республика бойыншаға қарағанда.

Халықтың әлеуметтік өмір сүру жағдайының көрсеткіштерін талдау куәландыратындай, аймақтың өндірістік-экономикалық дамуының қатынасу мәселелерін шешу үшін, халықтың демографиялық көрсеткіштерін және экологиялық сипаттамасын зерттеу үшін әлеуметтік, медико-санитарлық және экологиялық қажеттілікке белгілі бір мақсатқа бағытталған инвестициялар мен демографиялық саясаттың мемлекеттік концепциясының аса маңызды мәні бар.

Осы мақсатта кен орындарының контурларына анағұрлым жақын орналасқан Березовка ауылының, сондай-ақ қорытынды пункт Александровканың ересек тұрғындарына біздермен әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Барлығы Березовка ауылында 499 респондент, ал қорытынды ауыл Александровкада 123 респондент сұралды, осыған сәйкес ол барлық ересектердің 38,8 % және 21,8 % құрады.

Әлеуметтік сұрау көрсеткіштерінің нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің жартысынан көбі (49,6-66,7%) емді ауылдық дәрігерлік амбулатория жағдайында, 23,1% отбасылық амбулаторияда қабылдайды.

Сұралғандардың жартысынан көбісі (66,9-50,0%) медициналық қызмет сапасына қанағаттанарлық болып шықты.

Медициналық қызметтен бас тарту себебін зерттеу анықтағандай, Березовка ауылында сұралғандардың көп бөлігі — 29,0% респондент емделудің бағасы өте қымбаттығын және төлейтін қаражаттың жоқтығын атап көрсетті, екінші орындағы себеп нашар емдеу. Бірақ Александровка ауылының тұрғындары ең басты себептердің бірі уақыттың жоқтығын (66,7%) және емделуге қажеттіліктің жоқтығын (33,3%) атап көрсетті.

Медициналық қызметтің қанағаттанарлықсыздығын респонденттер құрал-жабдықтың жоқтығымен — 35,7%, қымбат баға — 34,8%, дәреженің төмендігі — 27,1%  және медикаменттердің жоқтығымен — 23,3% байланыстырады.

Осыған байланысты біздермен аймақтағы тұрғындарға біріншілік медико-санитарлық көмек көрсетудің сұрақтары зерттелген.

Зерттелетін елді мекендерде амбулаторлы-емханалық ұйымдарға бір адамның бір жылда баратын реті 2,4-4,3 құрады, бұл Ақсай қаласының, Бұрлы ауданының, БҚО, ҚР және қорытынды ауыл Александровканың көрсеткіштерінен де төмен. Халықтың төсек орындарымен қамсыздандырылуы республика, облыс және аудан бойынша алғандағыдан айтарлықтай төмен (2 және одан да көп есе ).

Зерттелетін елді мекендерде төсек орындарының, жоғары дәрежелі мамандардың жеткіліксіздігі (1-3 сурет) белең алып келеді, ал кейбір елді мекендерде медициналық көмектің жоқтығынан аудан орталығына баруға тура келеді, бұл медициналық есеп берудің және науқастардың тіркелуінің кемшілігіне алып келеді.

1 сурет – ҚМГКК аймағындағы тұрғындардың төсек орындарымен қамтамасыз етілуі (10000 тұрғынға шаққанда)
2 сурет – ҚМГКК аймағындағы ауыл дәрігерлерінің саны (10000 тұрғынға шаққанда)

 

3 сурет – ҚМГКК аймағындағы орта медициналық маман қызметкерінің саны (10000 тұрғынға шаққанда)

Осындай қалып, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту: медициналық кадрлармен қамтамасыз ету; медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін.

Қорытынды:

  1. Соңғы жылдарда халық санының өсу динамикасында оң нәтижесі Березовский а.о. бойынша (+6,5%), Кызылталский а.о. бойынша (+57,7%), Бұрлы ауданы бойынша  (+1,8%) және ҚР бойынша (+4,1%)     бақыланып жатыр. Сондай-ақ халық санының төмендеуі Приуральный а.о. бойынша (-2,2%), Жарсуатский а.о. бойынша (- 3,9%), Успенский а.о. бойынша (-25,9%), БҚО бойынша (-1,8%), Ақсай қ. бойынша (-2,0%) және Қорытынды ауыл Александровка бойынша   (-13,3%)  байқалады.
  2. ҚМГКК СБЗ шекараларына жақын жатқан көптеген елді мекендердегі тұрғындардың біріншілік аурушаңдық деңгейі 2008-2010жж.  Республика бойынша, БҚО, Бұрлы ауданы және қорытынды пункт Александровкаға қарағанда ҚМГКК аймағында (Березовский, Приуральный, Жарсуатский, Успенский және Кызылталский ауылдық округтарында) айтарлықтай төмен болған.
  3. Медициналық қызметтен бас тарту себептерінің бірі  зерттеу анықтағандай, сұралғандардың көп бөлігі емделудің бағасы өте қымбаттығын және төлейтін қаражаттың жоқтығын атап көрсетті, екінші орындағы себеп нашар емдеу.
  4.  ҚМГКК СБЗ шекараларына жақын жатқан көптеген ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау жағдайы БҚО және ҚР салыстырғанда өте төмен амбулаторлы-емханалық көмекпен, медициналық кадрлармен және төсек орындарымен  сипатталады.
  5. ҚМГКК аймағының халқына медициналық көмекті жақсарту үшін медициналық кадрлармен, медициналық  құрал-жабдықтармен, қажетті және қолжетімді медикаменттер қамтамасыз ету қажет.

 

М.К. Амрин, Д.У. Кенесары, А.Т. Досмухаметов,  А.Е. Ержанова, Р.А. Шайхидинова

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы

Жалпы гигиена және экология кафедрасындағы тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ