«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕМТИХАН НӘТИЖЕСІН ЕСЕПТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

28 Apr 2012

Түйін Қазіргі   кезеңде  медициналық  жоғары оқу орындарында (ЖОО)  051301- «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша қорытынды  бақылау интегралды емтихан түрінде өткізілуде, яғни  студент үш не одан да көп пәннен  емтиханды бір мезгілде  тапсырады. ЖОО арасында бұл проблема төңірегінде бір  ізділік жоқ, әр түрлі  әдістерді қолдануда. Бұл жағдай ЖОО  студенттерінің үлгерім рейтинг балының сан мәні бірдей болғанымен, олардың  бір- біріне эквиваленті  болмауына алып келеді. Осыған  байланысты рейтингті есептеуді  стандарттау және бір жүйеге келтіру қажет. Мақалада пәннің маңыздылы көрсеткіші арқылы рейтинг балын есептеу жолы қарастырылған.

Түйінді сөздер интегралды емтихан, рейтинг, пәннің маңыздылық көрсеткіші.

 

THE TECHNOLOGY OF CALCULATION OF THE INTEGRATED EXAMINATION ON «GENERAL MEDICAL FACULTY»

U.Bayzak

International Kazakh-Turkish University. A.Yasawi, Turkestan

Abstract At this time in the medical schools  the Republic of Kazakhstan on a speciality 051301-«General medicine» final control is held in the form of integrated examination, i.e. the student passes the exam in three or more subjects at the same time. Methods of calculation of rating points higher education institutions of Kazakhstan are different, there is no uniform approach, hence the same indicators of academic achievement of students from different universities are not equivalent. In this connection there arises the need to standardize and unify the calculation of rating of the students. This article is considered one of the methods of calculating the rating, based on the indicator of the importance of disciplines.

Key words: integrated exams, rating, indication of the importance of discipline

 

ТЕХНОЛОГИЯ   РАСЧЕТА   ИНТЕГРИРОВАННОГО  ЭКЗАМЕНА НА  ФАКУЛЬТЕТЕ «ОБЩАЯ   МЕДИЦИНА» 

д.п.н., к.ф.-м.н.,доц., Байзак У.А.

Международный Казахско-Турецкий университет им.Х.А.Ясави

г. Туркестан. (E-mail:[email protected])

Резюме В данное время в медицинских вузах РК по специальности  051301-«Общая медицина»  итоговый контроль проводится в виде интегрированных экзаменов, т.е. студент  сдает  экзамен  по трем  и  более предметам одновременно. Методы расчета рейтинговых баллов вузами РК различны, нет единого подхода,   следовательно одинаковые показатели успеваемости студентов  разных вузов  не эквивалентны. В связи  этим возникает  необходимость  стандартизировать и унифицировать  расчеты  рейтинга студентов.  В данной статье рассматривается один из таких методов расчета рейтинга, основанный  на  показателе  значимости  дисциплины.

Ключевые слова интегрированные экзамены, рейтинг, показатель значимости дисциплины.

 

2006 жылы қабылданған  ҚР жалпы мемлекеттік медициналық білім стандарты талабы бойынша 051301-«Жалпы медицина» факультетіндегі  студенттердің үлгерімін  анықтаудың  соңғы этапы, яғни  емтихандары   интегралды  түрде  өткізілуі тиіс, яғни студент  бір мезгілде  3-6 пән  сұрақтарына  бірден  жауап  беруі  міндеттелген. Осы жағдайға байланысты студенттердің рейтинг балын есептеуде туындаған проблеманы шешудің бір жолын ұсынып отырмын.

Қазіргі кезеңде  ҚР жоғары оқу орындары арасында(ЖОО) бұл проблема төңірегінде бір  ізділік жоқ, әр ЖОО өз жағдайларына байланысты әр түрлі  әдістерді қолдануда. Мысалы, бір  ЖОО студенттің кафедра бойынша ағымдық үлгерімінің көрсеткші ретінде интегралдық емтиханға енетін барлық пәндердің арифметикалық орташа мәнін қолданса, бірі  керісінше әр пән бойынша ағамдық үлгерімді жеке жеке қарастыруда, яғни қанша ЖОО бар болса сонша әдіс қолданылуда. Бұл өз кезегінде студенттің үлгерім рейтинг балының сан мәні бірдей болғанымен, олардың  бір- біріне эквиваленті  емес, яғни бір біріне  тең болмайтындығына   алып келеді.

Осы жағдайларды ескеріп, барлық медициналық ЖОО интегралдық емтихан нәтижесін есептеуді бір жүйеге  келтіру  қажеттігі туындады.

Мемлекеттік медициналық  білім  стандартының  талабы  бойынша студент рейтинг балы оның күнделікті дәрістер (ағымдық үлгерім-60 балл)  мен  емтихан  нәтижесі (40 балл) бойынша жинаған балының қосындысынан тұратыны белгілі. Жаңа талапқа сәйкес студенттің рейтинг балын есептеу бұрыңғы әдістерден өзгеше жүргізіледі.  Медициналық  пәндердің типтік бағдарламаларында емтиханның 2 этаптан: тест тапсыру және практикалық  дағдыларды анықтаудан тұруы тиіс делінген. Осыған байланысты  қорытынды емтиханға бөлінген 40 балдың: 20 балын тестке және 20 балын  практикалық дағдыларға  тиісті деп бөлеміз (бұл көрсеткіш әр ЖОО әр түрлі болуы мүмкін).

Біз, студент  рейтинг балын  есептеуде  интегралдық емтиханға енетін әр  пәннің  маңыздылығы ескерілуі тиіс екендігіге көз жеткіздік. Ал пәннің маңыздылық  көрсеткіші  ретінде оның стандарттағы   жалпы  сағаттағы проценттік  үлесін алған жөн. Осындай  мәліметтерді ескере отырып анықталған рейтингтік  балы  студенттің  білім деңгейінің  дәл көрсеткіші болады. Бұл тұжырымның дұрыс екендігін мына мысал арқылы дәлелдейік.

Мысалы, 4 курс студенті 3 пән бойынша: терапия (мемлекеттік білім стандартындағы 270 сағаттың 73% осы пән үлесінде), фтизиатрия (сағаттық үлесі-14%)  және  жұқпалы аурулар (сағаттық үлесі-13%)  интегралды емтихан тапсыруы тиіс делік. Осындай жағдайда студенттің рейтинг балы  қалай есептелінеді, осы мәселені  қарастырайық.

Студенттің  рейтинг  балын  есептеу мынадай  5  этаптан тұрады:

1   этапӘр кафедра(пән) бойынша студенттің ағымдық (текущий) рейтинг балын есептеу. Бұл жұмысты  әр кафедра  жеке  есептейді. Кафедра бұл мәліметті тізбеге ендіріп,деканатқа цикл аяқталған күні  өткізеді. Ол 100 балдан артық  болмайды.

2   этап. Үш пән бойынша студенттің интегралдық  ағымдық  балын есептеу. Бұл жұмысты  тіркеуші менеджер  ұйымдастырады, ол деканаттан  терапия, фтизиатрия және жұқпалы аурулар бойынша студенттің ағымдық рейтинг балы енгізілген тізбені алып, студенттің интегралдық  рейтинг балын есептейді (есептеу төменде көрсетілген).Ол 60 балдан артық  болмайды.

3   этап.  Студенттің тест  балын анықтау. Бұл тест орталығында  жүргізіледі. Ол 20 балдан артпауы керек.

4   этап. Студенттің  меңгерген практикалық  дағдылары  бойынша балын   есептеу. Бұл жұмысты үш  кафедра (3 пән) бірге ұйымдастырады. Оның максимум мәні 20 балл.

5   этап. Студенттің  қорытынды рейтинг балын  есептеу. Тіркеуші менеджер студенттің  екінші  этапта  анықталған интегралдық  рейтинг  балынүшінші этаптан тест нәтижесін және төртінші  этапта  анықталған практикалық дағдылары туралы мәліметтердің қосындысын анықтап, оны  тиісті тізбеге (ведомость)  енгізіп деканатқа  өткізеді.

Енді  әр этапты  жеке — жеке  қарастырайық.

1. Әр кафедра (пән) бойынша  студенттің ағымдық  рейтинг балын есептеу.

Студенттің  кафедрада оқыған пәні бойынша  күнделікті жинаған балының орташа арифметикалық  мәнін анықтаймыз. Мысалы студент 5 күндік жұқпалы аурулар пәні бойынша (60+85+75+90+70)/5 =76 балл жинады делік. Аталған студент  терапия пәні бойынша -70 балл, фтизиатрия  бойынша -65 балл жинады делік. Мұндай мәліметтер әр кафедра(пән) бойынша жеке дайындалып, тізбеге ендіріледі. Оқытушы циклдың соңғы  күні тізбені толтырып, деканатқа немесе  тіркеуші менеджерге  өткізеді.

2.  Үш  пән бойынша студенттің интегралдық  ағымдық  балын  есептеу.

Тіркеуші менеджер  студенттің терапия, фтизиатрия, жұқпалы аурулар пәндері бойынша  ағымдық  рейтинг балын жинап, оның интегралдық  ағымдық  сан  мәнін былайша анықтайды. Мысалы, студент  терапия  пәні бойынша-70  балл,  фтизиатрия  пәні бойынша  -65 балл, ал   жұқпалы аурулар пәні бойынша — 76 балл   жинасын. Мемлекеттік медициналық білім стандарты бойынша, жоғарыдағы әдіспен  бұл пәндердің  маңыздылығын анықтаймыз, ол  мынаған тең болады:  терапия -73% (0,73), фтизиатрия -14% (0,14)  және  жұқпалы аурулар -13% (0,13).

Осы мәліметті пайдаланып  «терапия» пәні бойынша ағымдық балды мына түрде  есептейміз: 0,73·70=51,1 балл. Осындай әдіспен «фтизиатрия» пәні үшін 0,14·65=9,1 балл,  «жұқпалы аурулар» үшін  0,13·76=9,9 балл  екендігін анықтаймыз.  Бұл шамалардың қосындысы  51,1+ 9,1+9,9 =70,1 балл тең. Ағымдық  балл  бүкіл рейтинг  балдың  60 пайызына тең, олай  болса  студенттің ағымдық интегралдық  балы мынаған тең: 70,1 · 0,6= 42 балл.  Анықталған интегралдық рейтинг балл мәні  тізбеге  ендіріледі.

Осы тұста мынадай заңды сұрақ туындайды. Неге  үш пәннің рейтинг  балының  арифметикалық орташа мәнін алмасқа, бұл әрі жылдам және әрі оңай есептелінеді  ғой ?  Бұл  ұсыныстың  қате, оны мына мысал арқылы дәлелдеуге болады. Екі  студенттің  үш пән  бойынша ағымдық   үлгерімін салыстырайық. Мысалы, «А» студент  терапия бойынша -80 балл, фтизиатрия- 60, жұқпалы аурулар-70  балл жинасын, ал «В» студент сәйкесінше терапия бойынша -60, фтизиатрия-80, жұқпалы аурулар- 70 балл жинасын. Екі студенттің де арифметикалық орташа балы бірдей, бірінші студенттің орташа балы  80+60+70/3= 70 балл, екініш студенттің орташа балы 60+80+70/3= 70 балл. Мұнан студенттердің интегралдық рейтинг балы бірдей болатындығы келіп шығады  70· 0,6=42 балл.

Бұл есептеуде пәннің маңыздылығы ескерілмеген, сол себепті  үлесі үлкен терапия пәнінен 80 бал жинаған студент және сол пәннен 60 балл жинаған екінші студенттің  рейтинг көрсеткіштері  бірдей, бұл қисынсыз. Сол себепті  пәннің  маңыздылығы  ескеріле отырып,   студент рейтинг балын есептеу қажет.

Осы ойды қолданып, жоғарыдағы мысалды қайта қарастырайық. «А» студент үшін: (80·0,73) + (60·0,14) + (70·0,13)=75,9 балл, оны 60 пайызға көбейтіп, интегралдық рейтинг балын анықтаймыз: 75,9·0,6 = 45,6  балл.      «B» студент үшін:  (60·0,73) + (80·0,14) + (70·0,13)=64,1балл, мұнан 64,1·0,6 = 38,5 балл. Негізгі пән бойынша көп балл жинаған студентің рейтинг балы жоғары болып шықты, бұл шындыққа жақын.

Біз, бұл мысалда 3 пәннен тұратын интегралдық емтиханды қарастырдық, ал пән сан мен оның маңыздылық үлесі басқаша болған жағдайларды есептеу қалай жүогізіледі деген сұрақ туыы әбден мүмкін. Мұндай  сұраққа жауап беру үшін біз  мынандай жағдайды қарастырайық: интегралдық емтихандағы пән саны «n», ал  пәндердің маңыздылы ai  болсын  делік. Сонда ағымдық интегралдық бал RA-дың  сан мәні мына өрнекпен анықталынар еді:

 

 

(1),

мұндағы R1,R2, … және Ri -студенттің бірінші, екінші, …. және  «n –ші» пәндер бойынша  жинаған ағымдық рейтинг бал көрсеткіші, алa1, a2, … және ai — бірінші, екінші, ….  және  «n –ші» пәндердің  маңыздылық көрсеткіштері.  

3. Студенттің  тест  балын  анықтау.

Ағымдық интегралдық  балының мәні  50 пайыз немесе  одан жоғары студент тест тапсыруға жіберіледі. Біздің мысалымызда студенттің интегралдық балы  42 тең, яғни студентті  тест тапсыруға жібеуге болады.

Бұл жолы да  әр пән бойынша студентке берілетін  тест сұрақтарының саны пәннің маңыздылығына  байланысты анықталынады, яғни студентке терапия бойынша-73 тест сұрағы беріледі, фтизиатрия бойынша-14 тест, ал жұқпалы аурулар пәні бойынша -13 тест сұрағы ұсынылады, барлығы 100 тест. Жоғарыда біз тестің  үлесі  20 балл болсын дедік, сондықтан дұрыс тест  жауабы 0,2 балл болатынды  келіп шығады. Тест нәтижесін тест орталығы анықтайды.

Біз мысал ретінде қарыстып отырған студент тест нәтижесі  бойынша RT = 17 балл  жинады  делік.

Егер тест сұрақтарының саны мен оған бөлінген балдың үлес саны басқаша болса, яғни 20 балдан өзгеше болса, тест нәтижесін есептеу қалай жүргізіледі.

Алдымен  40 балдың  қаншасы тестке бөлінгендігін  келісіп алу қажет. Мысалы, тестің  үлесі  τ =40 — p  тең болсын делік, мұндағы  τ — тестің үлесі,  p- практикалық дағдылардың үлесі. Барлық тест сұрағының саны  «N» болсын делік, егер студент оның «n» дұрыс жауап берген болса, онда студенттің тест нәтижесі бойынша жинаған  рейтинг  балы  RT  мына өрнекпен анықталынады:

(2),

Мұндағы: N- барлық тест сұрағының саны,  n- дұрыс жауап саны, τ- тесттің үлесі,  p- практикалық дағды үлесі.

Көп жағдайларда  тест орталығы арнаулы бағдарламамен студент рейтинг балын  есептеу  өздері  орындап, дайын  мәліметті  береді.

 

4. Студенттің  меңгерген практикалық  дағдылары  бойынша балын есептеу.

Тест нәтижесі бойынша 50 пайыз балл жинаған студент (біздің мысалымызда ол 17 балға тең, 50 пайыздан жоғары) қорытынды бақылаудың екінші этабына жіберіледі. Бұл  этапта  студенттің 3 пәннің типтік бағдарламасында көрсетілген  практикалық  дағдыларды  меңгеру  деңгейі   анықталынады.

Бұл этапты ұйымдастыру үшін 3 кафедра әр пәннің маңыздылығын ескере отырып, типтік бағдарламалардағы  көрсетілген  практикалық  дағдылардан  құралған тапсырмаларды алдын ала дайындап, оны  студентке ұсынуы тиіс. Тапсырмаларды студентке  беру түрін (билет, манекен, клиникалық есеп, аралас т.б.)  кафедралар бірлесе отырып шешеді. Әр пәннің маңыздылығына сәйкес студенттің орындайтын іс әрекетіне берілетін балдың сандық мәнін алдын ала келісіп  алаған жөн. Мысалы, тапсырма 10 түрлі  іс әрекеттен тұрсын делік, оның  6-ын  терапия кафедрасы, ал  қалған екі кафедраның  әр қайсысы  2 тапсырмадан  дайындасын.  Әр тапсырма үшін берілетін балдың сан мәні алдын ала  белгіленіп, ол студенттерге хабарлануы тиіс. Біз мысал ретінде қарастырған студентіміз терапия  бойынша — 9 балл (әр тапсырма бағасы 2 балл болсын делік), фтизиатрия бойынша – 3 балл, ал жұқпалы аурулар бойынша 4 балл жинасын  делік. Сонда студенттің  3 пән бойынша  практикалық дағдылар бойынша   жинаған балы RПД = 16 болды. Осылайша  анықталған  рейтинг мәні  тізбеге ендіріледі.

5. Студенттің  қорытынды рейтинг балын  есептеу.

Студенттің интегралдық емтихан бойынша  қорытынды  бағасы, оның  «интегралдық ағымдық» + «тест» + «практикалық  дағды»  балдарының  қосындысы  түрінде  есептелінеді.  Біздің мысалымыздағы студенттің  қорытынды балы:  42+ 17+16 = 75 балға тең.

Студент  рейтинг балын есептеудің  универсал  өрнегі мына түрде  болады:

R =  + RПД                    (3)

Бұл мақала  студент рейтингін  жаңа әдіспен есептеуге байланысты  барлық  проблемаларды шешті деуден аулақпын, әлі де болса оны толықтыратын ұсыныстар жасауға немесе жаңаша  тұрғыдан қарап, рейтингті анықтаудың мұнан да басқа жолдарын ұсынуға толығымен болады деп санаймын.

Байзак Ү.А., п.ғ.д.,ф.-м.ғ.к.,доц.

Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық Қазақ-Түрік университеті.

Түркістан қ. (E-mail:[email protected])

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ