МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІРІЗДЕНДІРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Apr 2012

Түйін Жоғарғы оқу орындарында, ауруханаларда мемлекеттік тілді енгізу, оны біріздендіру бүгінгі таңда өте қажетті және өзекті мәселе. Оны әлі де болса жетілдіру жолдарын қажетті деңгейге жеткізу жұмыла кірісуді қажет етеді.

Түйінді сөздер мемлекеттік тіл, медицина, медициналық терминология

 

Urgent problems of introduction of the state language to medicine

A.Zh.Nurmakov
Abstract The problem of the transition training of students to the state language in the medical schools of the country. The difficulties encountered as the implementation language and ways of overcoming them.

Keywords state language, medical terminology

 

Актуальные проблемы внедрения государственного языка в медицину

А.Ж.Нурмаков

Резюме Обсуждена проблема перехода обучения студентов на государственном языке в медицинских учебных заведениях страны. Изложены трудности, возникающие по мере внедрения языка  и  возможные пути их преодоления.

Ключевые слова государственный язык, медицинская терминология

 

Еліміздіңегеменді ел болғаннан бері жиырма жыл аралығында біз ұлттық дәстүр, мәдениет, білім, ғылым т.б. салаларында көптеген елеулі жетістіктерге жетіп отырмыз. Бүгінгі таңда жоғарғы дәрежелі дәрігерлік білім беру, медициналық ғылым мен тәжірибелік жұмыстарда мемлекеттік тілдің кеңінен орын алып келе жатқаны сол жетістіктердің бір көрінісі.   Кешегі кеңес үкметі дәуірінде аталған салаларда қазақ тілі мүлдем қолданылмайтын. Сол себептен сол дәуірде оқып, қызмет еткен біздің буындағы мамандарға аталмыш жетістіктердің маңызы өте түсінікті және олар аса бір жылы сезім тудырады. Әлбетте, шынын айту керек, медицинаға мемлекеттік тілді енгізу өте күрделі, қиындығы мол жұмыс және ол қысқа уақыт аралығында іске асатын іс-шара емес. Сол себептен бұл істе асығыстық білдіру өзінің теріс және зиянды  әсерлерін көрсетуі әбден мүмкін.

Тарихқа жүгінетін болсақ, талай ғасыр бұрын ауру адамды емдеу жолында римляндар мен гректер бірі медициналық терминдерді, алекіншілері аурулардың атын енгізген болатын. Осы негіздемедициналық қоғамға кеңінен тараған және бүгінгі таңға дейін күшін жоймаған халықаралық медициналық тіл (терминология, аурулардың аттары т.б.) қалыптасты. Сол замандардан бері алдыңғы қатарлы әрбір  ел, дами келе медициналық тілді (терминологияны)  өз тілдеріне бейімдеп алуға талпынғаны белгілі. Бірақ, олардың істері аса нәтижелі болды деп айту қиын.«Тілді өзгерту ойды өгертумен тең» дегендей тіл мәселесі аса жоғары жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Бұл пікірім медицина саласына ана тілімізді енгізу жолында мұқият ескерілгені дұрыс деп ойлаймын.Сөз жоқ, бүл әңгіме аталмышпроблемамен шұғылданудың қажеті жоқ деуден, әрине, өте аулақ. Керісінше, онымен кеңінен шұғылданып, оны дамытып, жетілдіру жолдарын түрақты іздеу өте қажет. Ондай әрекеттер біздің университетте  жылдан жылға өріс алуда.Оның дәлелі ретінде кейінгі 3-4 жылдарда тұрақты өткізілетін ғылыми конференциялар, ғылыми практикалық мақалалардың және қомақты ғылыми жинақтардың жарық көруін атап өтуге болады.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусын алғаннан бері еліміздегі медициналық  әр университеттер мен академиялар, колледж ғалымдары жеке немесе коллективті түрде әртүрлі сөздіктер мен терминология жинақтарын шығара бастады. Тіпті Республикамызда алғаш мемлекеттік тілде орындалған диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарық көрді. Оларға қоса Үкмет жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен сөздік те шығарылып, авторлары жоғары белгілермен марапатталды.Бұл өте қажетті бастамалар, әрине.  Дегенмен, ол әрекеттер бұл проблеманы  толық шешті деп айта алмаймыз. Керісінше, ілгері жылжыған сайын мәселенің әрқилы тың жағы және, сонымен қатар, қиындықтары білініп, баспадан шыққан туындыларда әрқилы ақаулықтар айқын көріне бастады. Оның себебі, әрине, түсінікті. Жоғарыда айтылғандай, бұрын дәрігерлік білім беру, емдеу құжаттарын жазып, толтыру т.б. іс-шаралар толық орыс тілінде жүргізілуімен байланысты ол салаларға мемлекеттік тілді енгізу тың іс болып табылады. Осыған орай, қайталап айта кету керек, медицинаға мемлекеттік тілді енгізу оңай жұмыс емес және оның соңын белгіленген бір уақытпен шектеуге болмайды. Ол көп уақытқа созылып, тұрақты толықтырылып,  жетілдіруді қажет ететді.Сонымен қатар ол,творчестволық тұрғыдан жақындайтындинамикалық құбылыс.  Қай сала болмасын мемлекеттік тілді енгізу барысында  көптеген белгісіз қырлар мен шешілмеген сырлар анықталады. Медицина саласында олар ерекше байқалады.Менің пайымдауымшабүгінгі таңда медицина саласында мемлекеттік тілді білікті түрде жетілдірудегі түпкі нысан, республика көлемінде барлық дәрігерлік оқу орындарында, емдеу мекемелерінде бірыңғай терминдерді қолдануға жету мақсаты болу керек. Себебі қазақ тілі бай тіл екені бәрімізге белгілі. Сондықтан болу керек байтақ еліміздің әр аймағында өмірдегі бір затты әртүрлі атайды, әлде біркөріністі немесе құбылысты әртүрлі сөзбен сипаттайды. Көркем әдебиетте құбылыстарды, әр заттарды әртүрлі атап, суреттеу үшін тіл байлығын қолдану жарасымды нәрсе. Олоқырманға біздің тіл байлығымызды анық аңғартады.Ал медицинада ондай политерминдердің пайдасы күмән тудырады. Бүгінгі күнде оқулықтар менәдістемелік құралдар жеткіліксіз болуымен байланысты, студент жастар жан жақты білім алу жолында мемлекеттік тілде әр аймақта жазылған оқулықтармен пайдалануы ықтимал және солай болғаны дұрыс. Біз болашақ мамандарды, ғалымдарды дайындау барысында олардың  бүгінгі күннің талабына жәнеелімізде жүргізіліп жатқан реформаларға  сай болуын көздеуіміз керек. Сонымен қатар,жоғары білімді түлектер тек белгілі бір аймақтарда ғана қызмет етеді деп дайындамайтынымыз бәрімізге белгілі. Сондықтан  мемлекеттік тілдегі медициналық терминдерді біріздендіріп, бір ыңғайға келтіру, сонымен бірге, олардың дүниежүзілік медициналық білім мен ғылымға сай болуын көздеу аса маңызды шара. Бүл пікірдің орын алу қажеттілігініңдәлелі ретінде бір, екі мысал келтірейін. Өздеріңізге белгілі, бір оқулық, сөздік немесе оқу-әдістемелік құралдарда құрт тәрізді өсіндіні «өскін», алоның қабынуын «соқыр ішек»,енді біреуінде «жіті аппендицит», ал үшіншісінде «жедел аппендицит»деп келтіріледі. Ал ендіөт қуығын бір авторлар «қап», екіншілері «қалта», «қалташық» деп атайды. Бұндай әртүрлі атау оқырмандар, әсіресе студенттер үшін өте қолайсыз. Осындай  мысалдарды шексіз келтіруге болады. Бізідің түсінігіміз бойынша «аппендицитті» соқыр ішек деп атау дұрыс емес сияқты. Ал  адам организмінде қалыпты физиологиялық сұйық бөлінділер жиналатын ағзаны аталған сүйықтықтың атын қоса қуық деген дұрыс деген ойдамын. Мысалы, «өт қуығы»,  «зәр қуығы», «шәует қуықшалары» т.с.с. Ал тығыз ағзаларды қоршайтын құралымды «қап», «қалта» деп атау керек. Мысалы буын қабы.Ал енді кейбір оқулықтарда ветеринарлық терминдер (бүйен, жемсау, талақ, көтеншек т.с.с.), немесе қалың қара қазақия,жабайы сөздер қолданылады. Менің түсінігімше өзара әңгімеде қолданылатын сөздер мен медициналық оқу құралдары, ғылыми мақалалар, монографияларда жазылатын әдеби сөздерде айырмашылық болу керек. Мысалы біз, дәрігерлер, ауру адам клиникадан шыққандағы құжаттарға остеохондроз, зоб т.б орнына  шорбуын, жемсау немесе сүле деген сөздерді қолдансақ, ол құжаттардың мәтіні басқа аймақтарда (шет елдерде) түсініксіз болуы мүмкін. Әрине, бұқара халыққа арналған туындыларда (газет, жорналдарда) ондай тілді қолдануға болады, өйткені олар, көбінесе, ауылды аймақтарда тұратын жерлестерімізге арналады. Міне осы айтылған жағдайлар, әрине, пікірталас тудырады. Ол дұрыс және түсінікті құбылыс.Олардың дұрыс-бұрысы әржақты терең талқыланып, дәрігерлік қауым арасында бір пікірге келуді қажет етеді. Өйткені медициналық тіл, басқа мамандықтармен салыстырғанда, өзіндік  ерекшеліктері бар тіл. Оны ескермеуге болмайды.  Сол себептен монография, оқулық, ғылыми мақала, сөздіктер дайындағанда жалпылама сөздерді арнайы терминдерден ажыратып, халықаралық және мамандықтарға орай,әдеби сөздерге жүгінген абзал. Ол үшін, менің ойымша, Республика көлемінде медициналық университет, академия аралық  медициналық тілге байланысты орталық ұжым құрып, оған білікті және белгілі ғалымдар, филологтер кірулері керек сияқты.  Одан соңбаспадан шығатын туындыларда тек сол ұжым отырыстарында бекіткен терминдер қолданылуы қажет деген пікірдемін. Өкінішке орай, еліміздегі оқу орындары қазіргі кезде арнайы әдебиет көздерінің сапасынан гөрі, санына көп көңіл бөлеміз. Осыған орай, медициналық оқулықтарды, арнайы әдебиеттерді, терминдерді жөнге келтіру үшін,әрине, аталмыш үжымның беделі өте жоғары болып, оның үкімін барлық медициналық мекемелер ұстануы қажет. Сонымен бірге, ондай үжым жұмысының әртүрлі сұраныстарына қажетбелгілі бір  қаржы бөлінуі керек.Айтылған шаралар, әрине, үкімет деңгейінде шешілетін мәселелер. Дегенмен олардың құлақтарына жеткізу біздің мақсат.

Келесі көңілде жүргенбір мәселе, ол аудармалық жұмыстар проблемасы.  Қазіргі туындылардың негізін, көбінесе, орыс тілінен аударылған жүмыстар құрайды. Ол, жоғарыда айтылған, кеңес заманына сайжағдайларды ескерсек, заңды құбылыс деп ойламын. Сонымен қатар, өкінішке орай, ондай аудармалардакөптеген жетіспеушіліктер байқалады.Олар, негізінен, сөйлем құрастырудағы ақаулықтар. Мысалы, аталмыш аударма жұмыстардааударманы қайтседеорыс тіліндегі текстебар сөздермен құрастыру көзделеді де, қазақ тіліне аударғанда сөйлем ұғымсыз, ал кейде тіпті дөрекі болып шығады.Аударманы олай құрастыру қажет емес деп ойлаймын. Көрнекті ағартушы А. Байтұрсынов айтқандай «… тілді қолдана білу  ол айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап,  оларды құрастыратын сөйлемде орын- орынына дұрыстап қоя білу» білімділік пен біліктілікті айқындайды. Аударма еңбектерде сөйлемнің сыртқы пішіні емес, оныңнегізгі мазмұны мен маңызына көңіл бөлініп,оқушы қауымға өз тілімізбен қысқа және түсінікті етіп жеткізу қажет.Аудармалық еңбектердегі ақаулықтар әсірісе алғашқы жарық көрген туындыларда көп кездескен болатын. Ол кезде өз тілімізде жазылған  оқулықтар мен әдістемелік құралдар жоқ болатын, сондықтан оқу құралдарын шығаруда «жоқтан жақсы деген» ой басым болды. Бүгінгі таңда, айта кетукерек, жылдан жылға баспадан шығып жатқан оқулықтар, сөздіктердің сапасы біршама жақсарып келе жатқаны байқалады.Дегенмен, олар мүлдем жоқ, жойылды десек шындыққа қарсы шығамыз.Кейінгі кезде жарық көрген арнайы әдебиет көздерінде сын көтермейтін ақаулықтардың әлі де болса орын алып келе жатқанын жасыруға болмайды. Сондықтан келешекте,әрбір автор немесе авторлар үжымы өздерінің жаңа туындыларында осындай жетіспеушіліктердіескерумен қатар, дүниежүзілік медицинаға әбден сіңгентерминдерден алшақ кетпеген дұрыс болар деген пікір айтқым келеді.

«Көш жүре түзеледі», «сын айтпай сапа түзелмейді» дегендей бәрімізге жалпы және белгілікемшіліктерді жұмыла жою жолдарын тауып, медициналық мемлекеттік тілді дамыту жұмысын жалғастыра беру бізді қажытпау керек.Бұл медициналық мамандыққа мемлекеттік тілді қажетті деңгейде жетілдіріп, оны күнделікті жұмыста толық пайдаланужолын кеңінен ашу шаралары деп түсінемін.Жазылып отырған мақала ондағы пікірлер түбегейлі қабылданулары керек деген оймен ұсынылып отырған жоқ. Керісінше,мамандырылған газет, журнал беттерінде, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда осы тақырып туралы пікірталас туса деген ықыласпен жазылып отыр. Әржақты, терең ойлы және принципиалды пікірталассыз қандай проблема болсын оң нәтижелі болуы күмәнді. Сондықтан, медициналық салаға мемлекеттік тілді енгізу мәселесінің дұрыс шешімдерін табу жолын жұмыла кірісіп іздестіру керек. Сонда ғана ол өзінің біліктілік деңгейіменөзіне сай орын алып, дәрігер мамандарын дайындаудауда оң нәтижелі болады.

профессор А.Ж.Нұрмақов

№1  хирургиялық  аурулар кафедрасы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ