ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БІЛІМНІҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ АЙҚЫНДАУШЫ РӨЛІ

24 May 2012

Түйін: Нарық, нарықтық қатынастар, медициналық қызмет атқарудың нарығы , нарықтық ресурс, медициналық қызмет атқаруларға деген сұрау, медициналық қызметке ұсыныс, медициналық сақтандыру, баға белгілеу, медициналық қызметке сұраныстың және ұсыныстың әрекеттестігі, медициналық қызметтің бағасына сұраныстың созылымдылығы.

Кілттік сөздер: инновациялық технология, инвестиция, элитарлық (дегдарлық) білім беру

Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш рөлін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, бір мезгілде бұл теория адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам капиталының теориясы — білімнің әлеуметтік қызметіне принципті және сапалық жаңа қөзқарас. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы,қөмекші роль берілетін еді.

Қоғамға білімді шындап бағалауға  оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті,әрі ол ең құнды және ең сенімді қапитал болады.

Адам капиталы теориясының мынандай ерекшеліктерін көрсетеміз.

  • Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.
  • Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден,  білімнің ескіруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірибе жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары(сапа,көлем,құндылық) жақсара түседі және өседі.
  • Адам капиталының  қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді.
  • Капиталды жасау кезінде екі жақты көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен бірінішісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді.
  • Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты  шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды.
  • Адамға жасалатын  жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.
  • Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмасалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы.    [9,173-181 б]

Адам капиталы-бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай-ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды. Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп жағдайда «Адам капиталы» теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық  шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде қең қолданып келеді. Адам капиталы теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына, жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды  мінез-құлқын микро экономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің, біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкеледі.

Адам капиталы теориясының пайда болу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек, оның тарихи түп-тамыры политэкономия классиктерімен байланысты екендігін көрсетеді. У.Петти, Д.Рикардо алғаш рет адамның қ ұндылығын ақшалай бағалауға талпыныс жасады, білімнің халық және тұтас алғанда ел үшін экономикалық маңыздылығын көрсетті, адамның өндіргіш қабілеттерін капитал элементтері ретінде қарастырды.

А.Смит еңбекті, әсіресе жұмысшы іскерлігін, оның біліктілігін, адам бойында қалыптасқан және дамытылған қабілеттерін ұлт байлығының негізгі көзі ретінде қарастырған. Оқумен, үйренумен қалыптасқан еңбек дағдысын,білімді,шеберлікті машина және құрылыстар қатарында негізгі капитал категориясына қосты.

Классикалық политэкономия өкілдерінің көзқарастарын талдай келе, мынандай қорытындыға келуге болады:

  • Олардың зерттеулерінде адамның сапасы — өндіріс тиімділігінің маңызды факторы екендігі;
  • Адамның маңызды сапалары білім беру мен тәрбие арқылы қалыптасатындығы;
    • Қабілеттілікті  қалыптастыру шығындарды қажет екендігі
    • Адамның қабілеттері капитал элементі екендігі;
    • Білім берудің экономикалық өсуге тікелей үлес қосатындығы негізделеді. [9,173-181 б]

«Адам капиталы» идеясының тұтас қонцепция ретінде қалыптасуы  XX ғасырдың 60-жылдарында  аяқталды. Сонымен, адам капиталы  идеясының тұтас қонцепция ретінде қалыптасуы стихиялы, өздігінше емес, керісінше, экономикалық  ғылымның әлеуметтік тапсырысты, белгілі бір қоғамдық қажеттілікті орындауы ретінде жүрді.

Ойымызды тұжырымдай келе, біз, адам капиталын инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің  және экономиқалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш  жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап қелді. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды. Анағұрлым дамыған мемлекеттерде жоғары білімнің барған сайын қеңейе түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе қойылды. Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлекет саясатына, нағыз революңиялық принціпті енгізуді дайындап берді: білім- мамандар даярлаудың ғана емес, сонымен бірге ол қоғамның жалпы парасаттық, технологиялық және мәдени деңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогресске қабілетін демеудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын)  қалыптастырудың құралы. Осыдан экономиқалық қажеттіліктерге қатаң қызықтаусыз білімді дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.

Халықаралық қоғамдастық ең алдымен БҰҰ мен оның құрылымдары әзірлеген, адам дамуының аса маңызды бөлігі ретіндегі білім дамуының стратегиясы білім беруді барлық деңгейлерде жетілдіруді жүзеге асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мүдделер бойынша оқу жүйелеріне реформалар жүргізуге барлық елдерге көмектеседі.

Елдегі білім жүйесінің бірнеше құрылымдық бөліктері бар, олар- деңгейлік, ұйымдық (ішкі ұйымдық пен сыртқы ықпалдары қосқанда), мазмұндық болып бөлінеді. Білім- күрделі және созылыңқы үдеріс, ол кәзіргі заманғы көз қарастар тұрғысынан, соның ішінде адам дамуының тұжырымдамасы тұрғысынан адам  өмірінің үлкен бөлігін қамтуы тиіс. Осыған байланысты, оның көп деңгейлік құрылымы бар.

БХСЖ сондай-ақ мынандай білім салаларын қамтиды:

  • Мұғалімдер даярлау және педагогикалық ғылым
  • Гуманитарлық ғылымдар мен өнер
  • әлеуметтіқ ғылымдар,бизнес және құқық
  • жаратылыс ғылымдары
  • инженерліқ салалар
  • ауыл шаруашылығы
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру
  • сервис

Негізгі немесе білім жүйелері келесі негіздер бойынша жіктеліне алады:

  • мемлекеттің рөлі
  • білімді басқару мен қаржыландыруды ұлттық және жергілікті   әкімшіліктер ролінің арақатынасы
  • ақылы және тегін білім алудың пропорциясы
  • элитарлық пен бұқаралықтың арақатынасы
  • жоғарғы білімнің құрылымы мен мазмұнындағы түбегейлік пен практикалық бағдарлық пропорциясы.

Осы белгілер бойынша білімнің екі жүйесін бөлуге болады-американдық және еуропалық жүйелер.

Американдық жүйе білімді қаржыландырудағы мемлекеттің елеулі рөлімен өзгешеленеді, бірақ жеке бизнес те сондай-ақ жоғары белсенділік танытады. Мектептер муниципалды  органдардың қарамағында болады, ал жеке және мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында шамамен алынған сандық паритет орын алады. Білімді жалпы қаржыландыруда жергілікті қаражат көздері ұлттық  қаржыландырудан басым болып келеді. Орта білім негізінен тегін, ал жоғары білім көбіне ақылы, бірақ студенттерге білім қызметтеріне көмек  көрсететін тармақталған жүйе бар.

Элитарлық (дегдарлық) және жай университеттер арасындағы білім беру саласында үлкен алшақтық бар. Білім мазмұнын белгілеуде дербестік дәрежесі өте жоғары, мемлекеттік мекемелер оған мүлде араласпайды.

Еуропалық жүйеде-мемлекеттік және тегін білім алу басым. Терең тарихи тамырлары бар университеттер автономиясы жұмыс істейді. Алайда, жалпы алғанда, білім мазмұнындағы  орталықтандыру деңгейі американдық жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Оқу орындарын басқаруда академиялық топтардың ролі жоғары, ал АҚШ-та осы міндеттер көбіне қамқоршылар қеңесіне жүктеледі. Американдық жүйеге қарағанда түбегейлі терең білім деңгейі анағұрлым жоғары.

Мемлекеттің білім беру қызметіне сұранысы оның шығындарының артуымен сипатталады. Өйткені білім деңгейлері жоғарылаған сайын білім беру қызметінің, оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі артады және білім беру қызметі өндірісіне жоғары білікті еңбек тартылады.

Отандық білім беру рыногында халықаралық ұйымдардың қатысуы келесідей бағытта жүзеге асырылуда:

• халықаралық ұйымдардың бағдарламалары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО, НАТО, МАГАТЭ және басқалар);

•               дамыған елдердің мемлекеттік бағарламалары (АҚШ-та USIA, ACCELS,IREX, Германияда-DAAD, Францияда-CNOUS);

•                 жеке қорлардың бағдарламалары (SOROS, FORD, MacArtur және т.б.) АҚШ-та 55%-ға жуық жоғары оқу орындары мемлекеттік болып табылады,

бipaқ, ең озықтары — жеке меншік жоғары оқу орындары. Құрама Штаттар қазір заңды түрде мақтан тұтатын алғашқы американдық университеттер жеке меншіктегі университеттер болды, ал анағұрым арзан ақымен оқытатын мемлекеттік жоғары оқу орындарын штаттағы өкіметтер жоғары білім алу мүмкіндігін арттыру үшін ашқан.

Енді білім беру методикасын индустриалды инновациялық даму аясында қарастырсақ, әлемдік банктің бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалы қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады.

Экономикада инновацияларды жүзеге асыру оқу мекемелерінде жаңа оқыту әдістеріне әкеледі. Экономикалық өсудің басты факторларының бірі білім потенциалы, кәсіби ілімі, біліктілігі бар адам болып отыр. Адамның да жағдайы өзгеруде — инвестиция түлғасынан негізгі нысанға айналып отыр. Адам капиталына инвестициялау бағыттарының бірі білім беруге салымдар болып табылады. Инновация — бұл жаңа немесе жетілдірілген өнім түріндегі жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түріндегі қызметтің соңғы нәтижесі.

Білімге деген қажеттілігі бұдан былай жаңа ақпараттық — коммуниациялық технологияларды пайдалану және білім беру қызметі сферасындағы онлайндық және коммерциялық ұйымдар жағынан бәсекелестікті кеңейту есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер компьютерлік желілерінің кеңеюімен және техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ірі жетістіктермен қамтамасыз етілген.

ТМД елдерінде қашықтықтан оқыту жүйесін ары қарай дамыту үшін келесі бірқатар мәселелерді шешу қажет:

—      инновациялық   технологияларды   қаржыландыру   мәселелері   әлемдік тәжірибе      көрсеткендей      жаңа      ақпараттық      технологиялар      өз қызметтерінің ақылы болуы есебінен өзін-өзі қаржыландыруға қабілетті;

—      алайда, жаңа технологияларға салынатын бастапқы капитал салымдары мен тәжірибелерді мемлекет жеңілдетілген салық салу жолымен және де
басқа шаралар арқылы қолдау қажет.

—      білім беру жүйесі ешқандай шектеусіз, ТМД елдерінің әрбір тұрғынына қол жететіндей әрі жоғары тиімді болуы тиіс. Бұл дистанциялық, соның ішінде виртуалдық, компьютерлік, ақпараттық және өзге қазіргі заман коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен бүкіл халыққа үздіксіз білім берумен тәрбиелеу үрдісі болуы тиіс.

Білім беру мен кәсіби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттік саясат мына міндеттерді шешуі тиіс:

— Білім      беруді      дамыту      басымдылықтарының      бірі      ретінде инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлауды айқындау;

— Халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу;

— Жоғары технологиялы өндірістер саласында кадрларды даярлау үшін аңа жоғары оқу орындарын (Халықаралық тәжірибе негізінде) құру немесе жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейімдеу;

— Құрылатын жаңа өндірістермен басқалары үшін жоғарғы білікті мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндірістеріндегі жұмыс үшін даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық; Мемлекеттің және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсіптік даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерімен айналысатын институттарды құру;

— Халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру стандарттарын әзірлеу мен енгізу.

Бірегей білім беру кеңістігінің барлық әрекеті және келісілген білім беру стандарты мына принциптерге негізделуі керек:

  • · барлық деңгейдегі білім беру субъектілерінің бастамасын қолдау, егер бұл бастама тиімділігі өте жоғары болып жүзеге асқанда;
  • · оқу-тәрбие қызметі саласындағы бірігіп қызмет ету және бірігу;
  • · бірікен білім беру жобаларын жасау;
  • · білім беру саласындағы мәселелерді интеграциялауды реттейтін, заңды-нормативті ақпаратты  базаны құрастыру туралы ұсынысты жасау және ғылыми негіздеу;
  • · ЕврАзЭС мүше елдердің әрбіреуінде білім берудің даму тенденциясына анықтау және біртіндеп қадағалау;
  • · білім беру стандарттарын түзетуді ғылыми педагогикалық және ұйымдастыру әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін және көрсетілген принциптер негізінде мыналар қажет:

—          білім беру саласындағы мемлекет аралық әлеуметтік-педагогикалық және ғылыми-ұйымдастыруышылық жүйесінің механизмін жасау;

—           білім беру саласын қолдаудың мемлекеттік қорын жасау, қаржылық көмек беру;

—          ЕврАзЭС елдеріндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарындағы  педагогикалық кадрларды аттестациялауға дайындықты ұйымдастыруға жәрдем ету;

—          Оқу мекемелерін аккредитациялау мен лицензиялау саласындағы әрекетті қадағалау;

—          Білім беру, ғылыми дәреже мен атақтар туралы құжаттарды тану саласындағы әрекетті қадағалау;

—      Бірегей ақпараттық кеңістік құру;

—          Білім беру саласындағы ЕврАзЭС елдеріндегі ақпараттық алмасу, ортақ сервер құру, және білім беруге қатысты қиындықтар бойынша біріккен бюллетень шығару.

ҚР инвестиция үшін тартымды ел болатындай және жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде шаралар қабылдауы керек. Бұл мыналарды қажет етеді;

  • өнеркәсіптің негізгі салалары мен қызмет көрсету сферасының инфра құрылымының кадрлық технологияларына барабар тезнологияны қалыптастыру кәсіби білім беруді жаңарту, оның сапасын арттыру жіне еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес болу; бастауыш және кәсіби орта білім берудің басып озатындай дамуы;
  • ақпараттық технологиялар саласында, фундаментальды және инженерлік білім берудегі ғылыми мектептердің; университеттік ғылымның басыңқылық дамуы мен соның негізінде-венчурлік бөлімдер мен мекемелердің дамуы үшін жағдайлар жасау;
  • экономика мен өндірісті басқару және салалас «белсенді әлеуметтік ғылымдар» (құқық, социология) саласындағы кәсіби білім берудің сапасын жақсарту, соның ішінде жалпы білім беруге тиісті мазмұнды енгізу арқылы да.

Сонымен, бүгінгі күнгі білім беру – бұл индивидумның да, бүкіл елдің де көркеюін қамтамасыз ететін, стратегиялық ресурс. Сонымен қатар, білім беру ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де көрінеді. Білім беру жекелеген өндірушілердің ғана емес, ұлттық экономиканың да бәсекелестікке қабілеттілігінің негізгі шарты. Соған сәйкес, білім беру жаңа жаһандану жолындағы әлемде икемді болып, өзгерістерге барабар жауап бере алатындай, ашық болуы керек.

Білім берудің мақсаты білім алу, дағдылану, тәжірибе жинақтау, шығармашылық қабілетінің дамуы, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерді алдын алу мен кешенді шешу процесінде, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмір сапасын тұрақты даму негізде жақсарту үшін, оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесу.

Әдебиеттер:

  1. А.М. Таранова, Н.А.Кравченко Менеджмент в системе обязательного медицинского страхования и здравоохранения Учебно-методическое пособие, Москва «Фомс» 1999г.
  2. Р.Б.Солтман, Дж.Фигейрас Реформы системы здравоохранения в Европе. Анализ современных стратегии. /Пер. с англ. -Москва. «Геотар медицина» 2000г.
  3. Шейман И.М. Реформа управления и финансирования здравоохранения. Москва. «Издатцентр», 1998г.

Роль знания в развитии общества и человека в сфере здравоохранения

Елжанова Р.К., Шайхина Л.Т.

Резюме:

 

Рынок, рыночные отношения, рынок медицинских услуг, рынок ресурсов, спрос на медицинские услуги, предложение медицинских услуг, медицинское страхование, ценообразование, взаимодействие спроса и предложения на медицинские услуги, эластичность спроса на медицинские услуги по цене.

Ключевые слова: инновационная  технология, инвестиция, элитарное образование

Role of knowledge in development of society and human in public health

Elzhanova R.K., Shaihina L.T.

Abstract: Market, market relations, the market of medical services, market resources, the demand for medical services, offer medical services, medical insurance, pricing, and the interaction of supply and demand for medical services, the elasticity of demand for medical services at a price.

Key words: innovation technology, investment, elitist education.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БІЛІМНІҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ДАМУЫНДАҒЫ АЙҚЫНДАУШЫ РӨЛІ

Елжанова Р.К.Шайхина Л.Т.  

С.Ж.Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті, Алматы

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ