МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЕТ ЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ, КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ

24 May 2012

Түйінді сөздер: Денсаулық сақтау жүйесінде нарықтық экономикалық қатынастарға көшу, реформалау және дамыту ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы салада көрсетілетін қызметтің сапасын және тиімділігін көтеру, бюджет шығындарын оңтайландыру, нарық элементтерінің негізгісінің  бірі бәсекелестікке елеулі септігін тигізетіні сөзсіз.

Кілттік сөздер: денсаулық сақтау, нарықтық, бәсекелестік, моделдеу

Қазіргі таңдағы экономикалық қатынастар жүйесі азаматтардың барлық стандарттарға сай сапалы әрі толық медициналық жәрдем алуына мүмкіндік бермей отыр. Сондықтанда  денсаулық сақтау саласын басқарудың жолдарын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда Ел басының  жолдауында да медицинаны басқару жүйесін жетілдіру, медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру, осы жүйенің құқықтық-нормативтік базасын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен осыған қатысты мемлекеттік сатып алу секілді мәселелерде елеулі өзгерістерді енгізу туралы баса айтқан болатын.

Денсаулық сақтау жүйесінде нарықтық экономикалық қатынастарға көшу, реформалау және дамыту ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы салада көрсетілетін қызметтің сапасын және тиімділігін көтеру, бюджет шығындарын оңтайландыру, нарық элементтерінің негізгісінің  бірі бәсекелестікке елеулі септігін тигізетіні сөзсіз.

Денсаулық сақтау қызметі – арнайы заңдармен реттелетін ерекше құқықтық статусқа ие.

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бұл салада медициналық субъект және медициналық қызметті өндіруші түсінігі пайда болады. Нарықтық қатынас жағдайындағы медициналық қызмет көрсету-экономикалық қатысушылардың, яғни тұтынушы мен өндірушінің мүдделерінің тоғысуы. Осы тұрғыда пациент өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мүдделі болса, дәрігер өз алдына қызмет көрсетіп өз еңбегі үшін ақы алуға қызығушылық танытады.  Осы тұста, нарықтық қатынасқа сай ақылық, төлемдік негізінде алынған игіліктің теңдігі орын алады.

Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу тәжірибесі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Бірақта посткеңестік елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты, дамыған елдердің денсаулық сақтау моделдерін түп нұсқасына дейін көшіріп алу біздің елдің әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктеріне байланысты орынсыз болып отыр.

Медициналық қызмет көрсетуде кәсіпкерліктің дамуы, денсаулық сақтауда нарықтық қатынастар дамуының маңызды аспектілерінің бірі. Жалпы кәсіпкерлік түсінігі бойынша медициналық қызмет көрсету — пайда табу мақсатындағы  экономикалық іс-әрекет.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастардың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік саясатымен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсету сферасындағы экономикалық қатынастар осы саладағы нарықтық іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтайды.  Ол қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық үрдістердің динамикасымен байланыста қарастырылады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік меншік формасындағы ұйымдарда медициналық қызмет көрсетіп отырған ұйым  мемлекеттің өзі болып отыр.

Осы күндері әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық дамыған мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелері (дәлірек айтсақ үлкен жетілікке кіретін елдер: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Алмания, Италия, Жапония) өзіне баса назар аудартады. Осы елдердің денсаулық сақтау жүйелерінде қызмет көрсетудің барлық формаларын кездестіруге болады. Олар: жеке медициналық тәжірибе, мемлекеттік территориялдық және ведомстволық медицина, сақтандыру медицинасы, қоғамдық ұйымдардың медициналық қызметі.

Егерде кейбір елдер үшін (АҚШ) нарықтық бастама алғы шарт болса, Батыс Еуропа елдері үшін жоспарлы реттеу жұмысы негізге алынып отыр, ал  Жапония үшін ұлттық дәстүр медицинада кеңінен пайдалануда. Сонымен қатар, жаңа индустриалды елдердің денсаулық сақтау жүйелері де өз ерекшеліктерімен көңіл аудартуда. Жалпы халықтық медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша кейбір елдер көбіне артта қалып келгенімен, соңғы жылдары өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде елеулі жетістіктерге жетуде. Соның ішінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен елдер: Азия-Тынық мұхит  бассейні мемлекеттері, Латын Америкасының Мексика, Бразилия, Аргентина елдері. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде денсаулық сақтауда елеулі проблемалары бар мемлекеттер де жоқ емес. Олар Африка материгінің біраз мемлекеттері және Ауғаныстан елдері. Бұл елдерде денсаулық сақтау үрдісі материалды өндірістің өзге салалары сияқты төмен деңгейде.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйелерін төрт модель тұрғысынан қарастыруға болады.

—                 біріншісі ұлттық, мемлекет бұл саланың іс шараларын өз мойнына алып, медициналық қызмет көрсетуді басқару жұмысын жүзеге асырады. Медицина қызметкерлерінің жалақысы медицина қызметін тұтынушылардың санына тікелей байланысты болады.

—                 екіншісі сақтандырушылық, бұл жерде қаржыландыру жұмыс берушімен жұмысшының жарнасының белгілі бір пайызы арқылы жүзеге асады. Қаржы мемлекеттік емес қорларға түсіп  және осы қорлар қаржыны басқару органы болып табылады. Қорлар мен емдеу мекемелері арасында экономикалық қатынастар келісім шарт негізінде жүзеге асады.

—                 үшіншісі төлемдік, яғни бұл жерде науқас пен медицина қызметкерлері арасында өзара келісім арқылы, ақылы түрде жүзеге асады.

—                 төртіншісі мемлекеттік немесе орталықтандырылған денсаулық сақтау жүйесі. Бұл жүйенің негізгі қағидасы – жалпы халықтық ақысыз және қолжетімділік. Бұл жерде медициналық қызметкерлер көрсеткен қызмет мөлшеріне байланысты емес, тұрақты жалақы мөлшерінде еңбекақы алады.

Қазіргі таңдағы әр елдің  медициналық     қызмет көрсету жүйесі әр түрлі. Олар қаржыландыру әдісі, төлемі, ұйымының құрылымы, медициналық жәрдем беруді қадағалау әдістерімен ерекшеленеді.  Бірақта айтылған моделдің біреуі де идеалды емес. Шет елдердің медициналық қызмет көрсету жүйелерін реформалау тәжірибесі, медициналық жәрдем көрсетуге қажетті экономикалық ресурстарды тарту әдістері әр елде өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты қалыптасқанын байқатады. Сонымен қатар, осы денсаулық сақтау саласының дамуы мен қалыптасуына ішкі экономикалық, саяси және өзге де күштер әсер ететіні сөзсіз. Мысалы бүгінгі күні Испания, Португалия елдері денсаулық сақтауды ұйымдастырудың сақтандыру жүйесінен ұлттық жүйеге ауыстыруды жөн көруде.

АҚШ, Корея, Кипр, Израил, Нидерланд секілді елдер ерікті сақтандырудан жалпы ұлттық міндетті медициналық сақтандыруға көшуде. Мәселен АҚШ-та жалпы халықтық сақтандыру бағдарламасы жоқ. Сондықтан да ол елдің денсаулық сақтау моделі жеке меншік медициналық сақтандыру жүйесімен ерекшеленеді. Жеке меншік сақтандыру тек мүмкіндігі мол ірі компаниялардың қызметкерлерін қамтиды.  Ал мүмкіндігі шектеулі, қаражаты аз азаматтарды (қарттар, мүгедектер) сақтандыру мемлекеттің мойнына жүктеліп отыр.

Бүгінгі күні Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде саяси және экономикалық дағдарыстың салдарынан денсаулық сақтау саласында мемлекеттік шығындар елеулі түрде қысқартылды. Мұндай әрекеттер осы елдерде тұрғындардың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырды. Соның әсерінен ұмыт болған дерттер мен жаңа пайда болған жұқпалы дерттердің ушығуы өрши түсті. Осының бәрі бұл елдерде денсаулық сақтау саласында жаңа стратегиялар мен реформалар жасауды және оны жүзеге асыруды талап етіп отыр.

Шығыс Еуропа елдері денсаулық сақтау жүйесін негізінен мемлекеттік қорлардан қаржыландыруды сақтай отырып, үлкен көлемді жеке меншік қаржыландыруды да қолдағанымен, бұл әрекеттің елеулі нәтижесі болған жоқ. Олар Батыс Еуропа елдерінің жолын таңдады. Бұл үлгіге сәйкес қаржыландырудың үштен бір бөлігі мемлекет есебінен жүргізулуде. Осыған орай бұл елдер осы мәселені жетілдіруде бірнеше механизмдерді ұсынды. Соның ішінде төрт негізгі бағытты атап өтсе болады. Олар: медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттің рөлінің өзгеруі; жеке меншік секторды осы салаға тарту; пациенттердің таңдау мүмкіндігін арттыру; қоғамдық денсаулықты қорғау жүйесін өзгерту болып табылады. Мысалы Польшада осындай түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде орталықтандырылған моделден бір жолата бас тартты. Соның нәтижесінде провинциялардың билік өкілдері денсаулық сақтау шаруашылығын жүргізуде кеңейтілген құқыққа ие болды.

Ұлыбритания, Алмания,Франция Белгия  және Солтүстік Еуропа елдері өздерінің қалыптасқан денсаулық сақтау жүйелерін сақтай отырып, белгілі бір өзгерістерді енгізуде. Мысалы, Швеция моделі бойынша денсаулық сақтау жұмысы мемлекеттік қаржыландыру нышандары негізінде жүзеге асырылады. Бұл моделге сәйкес  қаржыландыру жүйесі тікелей жергілікті медициналық жәрдем көрсету жүйесімен байланысты. Осылайша басқару жүйесінің тетіктері жергілікті әкімшілік құзыретінде болғанымен, жергілікті тұрғындар билік органдарының денсаулық сақтауға қатысты саясатын бақылау мүмкіндігіне ие. Бұл елдің денсаулық сақтау министірлігі көбіне осы жүйенің дамуының стратегиясын қарастырып, шығындар болжамы мен ұзақ мерзімді жоспарларды, кадр дайындау менен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен шектеледі.

Посткеңестік кеңістіктегі денсаулық сақтау жүйелерін реформалау проблемаларын қарастырғанда, өтпелі кезең тұсындағы әлеуметтік экономикалық қайшылықтарды ескерген жөн. Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласының елеулі проблемаларының бірі медициналық қызмет көрсету ақысының өсуі себебінен  тұрғындардың көпшілік бөлігінің бұл қызмет түріне қолы жетпей отыр. Өйткені, әртүрлі жұқпалы дерттермен, созылмалы дерттерді емдеу қымбат бағалы дәрі-дәрмектермен және емдеудің жаңа технологияларын  талап еткендіктен болып отыр.

Қорытындылай келе, медициналық қызмет көрсетудің әлемдік жүйесі тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің кең ауқымды моделдерді қарастыру мүмкіндігін беріп отыр. Денсаулық сақтау саласында реформаларды жүзеге асырудың әртүрлі жағдайына қарамастан, медициналық қызмет көрсетудің негізгі ұстанымы қоғамымыздағы барлық азаматтардың осы қызмет түрін тұтынуда жалпыға бірдей  теңдікпен қолжетімтілігі болуы тиіс.

Әдебиеттер:

1.А.М. Таранова, Н.А.Кравченко Менеджмент в системе обязательного медицинского страхования и здравоохранения Учебно-методическое пособие, Москва «Фомс» 1999г.

2.Р.Б.Солтман, Дж.Фигейрас Реформы системы здравоохранения в Европе. Анализ современных стратегии. /Пер. с англ. -Москва. «Геотар медицина» 2000г.

3.Шейман И.М. Реформа управления и финансирования здравоохранения. Москва. «Издатцентр», 1998г.

 

В развитии коммуникативной компитентности роль зарубежной практики в организиации и оказании медицинских услуг

Садыров Г.А

Р е з ю м е: В данной статье рассматриваются психологические особенности общения в профессиональном развитии специалиста.

The foreign experience in management of organization of medicine, development of communicative skill

G. A. Sadyrov

Abstract: In the article the  psychological peculiarities  of the communication  in the development of the specialists  professionalism are considered

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЕТ ЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ, КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ

Садыров Ғ.Ә. э.ғ.к.

Экономикадағы денсалық сақтау кафедрасының доценті

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ