Интербелсенді әдістерді енгізу арқылы студенттерді педиатриялық пәнге оқытудағы алғашқы нәтижелер

26 Dec 2012

УДК 378.147:004.9

С.Е. Қайназарова, Г.М. Қанағатова

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,

№2 бала аурулары кафедрасы, Алматы

 

Интербелсенді әдістерді енгізу арқылы студенттерді педиатриялық пәнге оқытудағы алғашқы нәтижелер

 

Мақалада медициналық жоғарғы оқу орындарында оқытудың интербелсенді әдістерін енгізудің бірінші нәтижелері мен дағдылары берілген. Соңғының негізгі мақсаты мен мәні мамандар даярлау, жоғары біліктілік деңгейіне дейін мамандық бойынша дағдылар мен қолынан келуді дамыту және оларды жаттықтыру. Сонымен қатар, ойластырылған оқу ойындары жұмыс бағдарламасымен қарастыратын тақырыптар бойынша науқастардың болмауын білдіртпей, орнын толтырады. Медициналық жоғарғы оқу орындарында көптеген белсенді оқыту әдістерінің ішінде біздің ойымызша ең қолдануға тиімділері: рөльдік ойын, консилиум. Олар білім алушыларды нақты мамандығына шынайы жақындатады және студенттердің белсенділігіне, олардың бағасы мен рейтингтерінің жақсаруында объективті тұрғыда көрініс тапты.

Түйінді сөздер: Іскерлік ойын, рөльдік ойын, консилиум, оқытудың интербелсенді әдістері, медициналық білім

 

 

«Білім алу – өмір бойғы үздіксіз процесс». Жаңа жоғарғы оқу орнында оқыту жүйесін енгізгеннен бастап, яғни репродуктивтіден конструктивтіге, ағартушылықтан іс-әрекеттікке ауысуында білім берудің инновациялық әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды [1].

Оқыту үрдісінде студенттердің белсенді қатысуымен материалды меңгеру мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін интербелсенді әдістер перспективті болып табылады. Интербелсенді әдістеме – өзара әрекеттесу, әрекет арқылы үйрену/үйрету.

Бұрыңғы жоғарғы медициналық білім беру жүйесі жалпы оқытудың нозологиялық қағидасына негізделген болатын, онда дәріс пен практикалық сабақтың тақырыбы алдын ала белгілі, яғни диагноз нозологиялық бірліктің атауы анық жатыр [2]. Оқытудың бұл жүйесінде студенттердің тесттік тапсырмалар мен ситуациялық есептерді шешуі оңайлатылады және клиникалық ойлауда белсенділіктері төмендейді. Осыларды болдырмау үшін пәнді оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолданудың қажеттілігі туындайды. Бұл кезде клиникалық ойындар жетекші клиникалық синдром немесе синромдыкешен бойынша аталуы керек.

Клиникалық пәндерді оқытуда тақырыптар бойынша жиі жағдайлардың белгілі, оқу бағдарламасына, тақырыбына сәйкес аурулар сирек кездеседі және шынайы науқастарды студенттерге көрсету мүмкіндігі бола бермейді. Бұл жағдайда науқастың болмауын осы тақырыпқа алдын ала құрастырылған оқу ойыны оның орнын толтырады.

Көптеген белсенді оқыту әдістерінің ішінде медицинада қолдануға ыңғайлысы біздің ойымызша, іскерлік ойындар.

Іскерлік ойын – шешілетін ситуацияның, есептің немесе мәселенің даму барысының реттілігіне сәйкес кеңейтілген қозғалыстағы дамуы міндеттілігі сақталған, шынайы жағдайға модельдеу арқылы жақындатылған мамандық қызметіне үйрету тәсілі. Іскерлік ойындар студенттерді болашақ дәрігер-мамандығына жақын нақты жағдайдың моделіне кіргізеді және осы жағдайда диагноз қою мен емдеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі [3].

Іскерлік ойынның бірнеше түрі бар, олар — рөльдік ойын, консилиум және т.б.

«Консилиумда» емдеуші дәрігерден басқа консультанттар – әртүрлі маман-дәрігерлер қатысады, яғни сабақтардың әртүрлі клиникалық циклдарын өтіп қойған 5, 6 курс студенттері қолданғаны тиімді. Ойынның дәл осы түріне ҚР П және БХ ҒО клиникасында стационарда болған күрделі соматикалық, диагноз қойылуы қиын патологиялары бар науқастардың мәліметтерін пайдаланамыз. Талқылауға алғашында синдромалдық диагноз беріледі. Мысалы: белгісіз генезді қызба, гепатоспленомегалия синдромы, порталдық гипертензия синдромы, мальабсорбция синдромы, геморрагиялық синдром, дәнекер тінінің ажыратылмаған аурулары. Әр консультант өзінің ой-пікірін айтады және талқылау нәтижесінде науқасты жүргізу тактикасында (зерттеу және емеду) белгілі бір мәмлеге келеді.

Оқу үрдісінде жасалған консилиумдардың мысалдары:

1)30.03.2011ж. 6 курс студенттері, 005-1 топ, дәрігер-резиденттер.

Пациент Т.М., 7 жаста. Қан аралас диарея синдромы. Қорытынды диагноз: «Жаралы колит, тоқ ішектің тоталды зақымы, ауыр формасы». Крон ауруымен жаралы колит ауруы арасында ажырату диагнозын жүргіздік. Ойынға қатысқандар: пациент, емдеуші дәрігер-гастроэнтеролог, эндоскопист, морфолог, хирург, кардиолог, диетолог, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер.

2) 5.02.2011 ж. 6 курс студенттері, 003-2 тобы, дәрігер-резиденттер.

Пациент М.А. Талқылауда – 1 ж., 8 айлық баладағы гепатоспленомегалия синдромы.. Қорытынды диагнозы: «Созылмалы гепатит. Бауыр циррозы». Жоққа шығарылды: туберкулез (өкпелік және өкпеден тыс формалары), вирустық гепатиттер, іш қуысы ағзалары ісіктері, порталдық гипертензия, зооноздық инфекциялар, гемобластоздар. Ойынға қатысушылар: пациенттің ата-анасы, емдеуші дәрігер, кардиоревматолог, гастроэнтеролог,  морфолог, дәрігер-лаборант, хирург, кардиолог, диетолог, фтизиатр, инфекционист, гематолог, онколог, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер.

3) 13.10.2010 ж. 6 курс студенттері, 001-2 топ.

Пациент Р.Б., 5 жаста. Талқылауға – субфебрилитетпен жүрген гепатомегалия синдромы. Қорытынды диагноз: «Бауыр туберкулезі». Жоққа шығарылды: вирусты гепатиттер, гельминтоздар, іш қуысы ағзалары ісіктері, порталдық гипертензия, зооноздық инфекциялар, гемобластоздар, туберкулез (өкпелік және өкпеден тыс формалары). Ойынға қатысушылар: пациенттің ата-анасы, емдеуші дәрігер,  морфолог, функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері, дәрігер-лаборант, хирург, кардиолог, фтизиатр, инфекционист, гематолог, онколог, бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер.

Кафедрада сонымен қатар «кейс-стади», «милық штурмы» сияқты әдістерді қолданамыз. «Гастроэзофагалды рефлюкс ауруы», «Баладағы нефротикалық синдром», «Баладағы шашыранды қантамырішілік ұю синдромы», Жүректің туа пайда болған ақаулары», «Туа болған кардиттер», «Ревматикалық қызба», «Мальабсорбция синдромы», «Жүйелі қызыл ноқта» тақырыптарын жүргізудің сценарийлері жасалды. Кафедрада рөльдік ойынның 2 түріне жобалар құрастырылған:

1)     Студенттер шынайы пациенттің мәліметтерін пайдаланады. Рөльдер бөлінеді: пациент және/немесе пациенттің ата-анасы, емдеуші дәрігер, дәрігер-лаборант, функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері, бөлімше меңгерушісі, консультанттар. Оқытушы студент-«пациентке» шағымдар мен, ауру анамнезі туарлы «аңыздар» даярлайды. Ары қарай ойынның барысы рөльдерді орындаумен жалғасады: болжам диагнозын негіздеу, тексеру және емдеу жоспары жасалады. Лабораториялық-аспаптық нәтижелерді талқылау. Клиникалық диагнозды негіздеу. Ем тағайындау. Рөльдерді орындайтын студенттерге оқытушы лабораториялық-аспаптық зерттеу нәтижелерін сұрауы бойынша береді. Осындай сабақтарды біз 04.02.2011ж. педиатрия факультетінің 6 курс студенттерімен, 003-2 топта «Нефротикалық синдром» тақырыбына; 14.03.2011ж педиатрия факультетінің 5 курс студенттері, 507-1 топта «Тұқым қуалайтын Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы» тақырыбына өткіздік.

2)     Сабақ тақырыбы бойынша студенттер пациент «аңызын» өздері құрайды. Бұндай ойынды цикл соңында жүргізген ыңғайлы. Осы жағдайда да рөльдер бөлінеді: пациент және/немесе пациенттің ата-анасы, емдеуші дәрігер, дәрігер-лаборант,функционалдық диагностика бөлімінің дәрігері, бөлім меңгерушісі, консультанттар. Ары қарай ойынның өрбуі бөлінген рөльдер бойынша жүреді: болжам диагнозды негіздеу, тексеру және емдеу жоспары тағайындалады. Лабораториялық-аспаптық нәтижелерді талқылау. Клиникалық диагнозды негіздеу. Ем тағайындау. Зерттеу нәтижелері ойынға қатысушалрдың тапсырысы бойынша (құрастырылған) студенттердің өзі беріп отырады.

Бұндай сабақ 19.02.2011 ж. 4 курс студенттерімен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 07-053-3 топта «Жүйелі қызыл ноқта» тақырыбына жүргізілді.

Әрине, интербелсенді әдістерді ұйымдастыру мен қолдану ісінде әлі де көп нәрселерді жетілдіру қажет. Бірақ, іскерлік ойындардың дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда нәтижелері жоғары болды. Бұл жерде жағдайды профессионалдық жолмен шешуге мүмкіндіктер көбірек, сабаққа студенттердің қызығушылығы, білім алушылардың бір-бірімен ақылдасуы, тапсырманы талқылап орындауға ыңғайлар көп. Сабақты осылай өткізген аралық бақылау және пән мен практикалық дағдылардан емтихан нәтижелері біршама жоғарырақ болғанын айта аламыз.

 

 

 

әдебиеттер тізімі

1       Әлімов А., Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009 ж.

2       Наумов Л.Б. Учебные игры в медицине. М., 1986 г.

3       Наумов Л.Б. Деловые игры в высшем медицинском образовании. М., 1982 г.

 

С.Е. Кайназарова, Г.М. Канагатова

Результаты применения интерактивных методов обучения студентов

педиатрической дисциплине

 Резюме: В статье приводятся первые итоги и навыки внедрения методов интерактивного обучения в медицинском вузе. Главная цель и смысл последних подготовка специалистов, их тренировка и развитие профессиональных умений и навыков до уровня высокой квалификации. Кроме того учебные игры компенсируют отсутствие больного по теме, предусмотренной рабочей программой. Среди множества активных методов обучения в медицинском вузе, на наш взгляд, наиболее применимы: ролевая игра, консилиум. Они приближают обучающегося к реальной профессиональной деятельности, что объективно отразилось на активности студентов в освоении темы, улучшении их оценок и рейтинга.

Ключевые слова: Деловая игра, ролевая игра, консилиум, интерактивные методы обучения, медицинское образование

S.E. Kainazarova, G.M. Kanagatova

The results of the implementation of certain methods of interactive teaching students the discipline of pediatric

Resume: The article presents the first results of the skills and the introduction of interactive methods in medical universities. The main purpose and meaning of these methods – training of specialists, their training and development of professional skills to the high level of qualifications. In addition, educational games compensate  the lack of a patient on a subject under the work program. Among the set of active learning in medical school, in our opinion, the most applicable: Role playing game (RPG), consultation. They bring the student to a real professional work that is objectively reflected in the students’ activity in the development of themes to improve their ratings and rankings.

Keywords:  Business Game, RPG, consultation, interactive teaching methods, and health education

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ПӘНГЕ ОҚЫТУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ