БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

20 Jan 2014

УДК 371.4

Л.М. БЕГІМБЕКОВА, Ж.У. СУЛЕЙМЕНОВА

Акушерлік және гинекология кафедрасы, Қ.А.Ясауи атындағы

Халықаралық қазақүрік университеті, Шымкент қ.

 

 

Мақалада тәрбие жұмысының барысы, студент/интерн тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбие жұмысын жүргізудің технологиялары сипатталған. Топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің социометрикалық әдістері мен куратор-эдвайзеріне қойылатын талаптар қамтылған.

Түйінді сөздер: тәрбие жұмысы, тұлғалық даму, қалыптасу,куратор-эдвайзер.

 


Тәрбие саласы мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұнда студенттердің аса маңызды өзін-өзі тануы, қарым-қатынас, басқа тұлғаларды бағалау, тұлға ретінде өзіне баға беру сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір студенттің тұлғалық әлеуметтену үдерісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да топ университеттің бүкіл оқытушылар ұжымының жүзеге асыратын тәрбие жұмысының негізгі нысаны болуы тиіс [1].

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-клиникалық базасы акушерлік және гинекология кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттік топтарда оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысындағы басты тұлға ретінде топтағы білім алушылардың қызметін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарды үйлестіреді.

Куратор-эдвайзердің тәрбие қызметінің аса маңызды бағыттары жастардың әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты ұтымды өткізу мәселелерін шешу барысында көмек көрсету, студенттік топта достықты, қайырымдылықты, бірлікті, өзара қолдауды қалыптастыру, бірегей жоғары оқу орны қауымдастығының оқытушылары мен студенттеріне қатыстылығын сезіндіру, бірыңғай әрі біріктіріле ұйымдасқан мәдениетке, жүйеге және көзқарастар мен қиындылықтарға тиістілігін ұғындыру болып табылады [1].

Сондай-ақ кураторлар білім алушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерді, оқу-тәрбие материалын оңтайлы үйлестіре білу дағдыларын талап етеді. Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы шығармашылық жұмыс болып табылады, бірақ аталған жұмыстың креативтілігі тәрбие саласы қызметінің нақты негізгі бағыттарын және мазмұнын анықтайтын жүйеде көрініс табуы тиіс.

Оқу жылының барысында біздің кафедраның куратор-эдвайзерлері өзінің қызметін нақты жоспарлайды. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралады: жеке жұмыс; кураторлық сағаттар; ата-аналармен өзара қарым-қатынас; университеттің, факультеттің іс-шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-111 «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген ережеге сүйене отырып, акушерлік және гинекология кафедрасы 2012-2013 оқу жылында негізгі бағыттарда тәрбие жұмыстарын ұжым жоспарына сәйкес  жүргізді: салауатты өмір салты; адамгершілік рухани тәрбие; ұлттық рухани тәрбие және патриоттық тәрбие; рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Кафедрада жоспардан тыс мынадай іс-шаралар өткізілді: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауындағы «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай   20 қадам» атты мақаласын талдау; 5 қыркүйек 2012ж . Астана қаласында Назарбаев университетінде ел басының «Қазақстан білім  қоғамы жолында» атты тақырыптағы интербелсенді дәрісі талқылынды [2, 3].

Дәріс интерактивті тақта арқылы өткізілді. Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі бойынша 6 және 7 курс 54 интерн акушер-гинеколог дәрігерлері теледидар арқылы тыңдады.

—   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы баяндама талқыланды.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауы жастарға жалпы Қазақстан халқына берер тағлымдық — тәрбиелік мәнінің мол екенін білім алушылар айта келіп, жолдау жөнінде өз пікірін білдірді. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру қажеттілігі атап өілді. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екендігі айтылды. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен  айналысатындығы сөз етіліп, жастарды осы жаңа саяси бағыттың дамуына келешекте өз үлестерін қосуға үндедік.

Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен жүргізілді: елдің жаңа елордасы – Астанада еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін халықаралық қауымдастық таңдауымен ЭКСПО-2017  көрмесі өткізілетіні атап өтілді; 16.11.2012 жылғы «Жас  Отан» Жастар қанатының II съезінде қаралған мәселелері талқыланды; «Жана Қазақстандық патротизмнің консолидация, яғни, бірігу, нығайту, шоғырлау, ықпалдары» атты тақырыпта тәлімгерлік топтармен семинар ұйымдастырылды; «Этносаралық саладағы ахуал және ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шаралар өткізу барысында студент/интерндер көптеген сұрақтарға зейін қойып, ерекше көзқарас танытты. Жеке тұлға ретінде ой-пікірлерін ортаға салып, ұлы ақын атамыз айтпақшы бір кірпіш болып қоғамда өз орындарын дұрыс таңдай біліу маңыздылықтарын сезінді.   Сонымен қатар, куратор-эдвайзер топтың тізімін жасақтап, студенттің/интерннің ақпараттық және диагностикалық картасын толтырған. Студенттің ақпараттық картасы студент туралы толық мәліметтен тұрады: аты-жөні, жасы, орта білім алған жері, ата- анасы (кім болып жұмыс істейді), отбасы құрамы, материалдық жағдайы, денсаулығы, студенттің, ата-анасының байланыс телефондары, мекен жайлары, студенттерді сипаттайтын басқа да маңызды мәліметтер. Диагностикалық картаны толтыру барысында куратор-эдвайзер студенттің мінез-құлқының белгілі бір сипаттарының көрініс табу деңгейін бағалайды (1-кесте).

 

 

Кесте-1 — Студенттің/интерннің диагностикалық картасы

Сипаттама Айқындалу дәрежесі

(қажетін белгілеу )

Ескерту

төмен

орташа

жоғары

Тіл табысу

+

Ұйымдастыру

шылық және

көшбасшылыққа ұмтылу қабілеттерін дамытуға ықпал ету

Топтағыларымен қарым- қатынас

+

Ұйымдастырушылық

+

Тәртібі

+

Бастамашылдық

+

Көшбасшылыққа ұмтылу

+

Өзін-өзі ұстауы

+

Ескерту: қажетін «+» таңдау.

 

 

Ақпараттық және диагностикалық мәліметтерді алу үшін тәлімгерлер жазбаша сауалнама, оқытушылармен, ата-аналармен, студенттермен әңгімелесу, студенттердің құжаттарын талдау, қадағалау, социометрия, сауалнамалар сияқты әдістердің кешенін пайдаланады. Сондықтан, куратор-эдвайзерлер топтардағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеудің  социометрикалық әдісін қолданып, мүмкіндігінше жеткіліксіз қабілеттерін арттыруға тырысады.

Куратор-эдвайзерлер топтарда жағымды әлеуметтік-психологиялық орта (климат) қалыптастыруға тырысады. Бұл бағытта Дж. Морено әзірлеген социометрикалық техниканы тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастарды айқындап, оларды өзгерту, жақсарту және жетілдіру үшін қолдануда. Социметрияның көмегімен студенттік топ мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық сәйкестілігі туралы мәлімет алып, оңтайлы орта және жеке тұлғалардың жан-жақты өркениетті жетілуіне ықпал етуге тырысуда.

Социометрикалық үдеріс, біріншіден, топтың қаншалықты деңгейде ұйымшыл екендігін көрсетеді. Екіншіден, «социометрикалық ұстанымдарды» анықтау, яғни симпатия-антипатия белгілері бойынша топ мүшелерінің беделін анықтау, мұнда «аластатылған» немесе топтың «көшбасшысы» оңтайлы нәтижелерге ие болады. Үшіншіден, топ ішіндегі бірлескен жүйеішілік кұрылымдарды анықтап тұруы мүмкін.

Социометрикалық үдеріс бойынша топ мүшелеріне олардың симпатиялары мен антипатияларын анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарға (социометрикалық шарттар) жауап беру ұсынылады. Куратор-эдвайзер алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша студенттердің жауап беруін өтінеді. Іскери қатынастарды зерттеуге арналған сұрақтардың үлгісі жасалған.

Нәтижелерді өңдеу. Жауаптарын математикалық өңдеуден өткізеді. Сандық өңдеудің қарапайым тәсілі кестелік- социоматрица бойынша талдау жасайды. Таңдау нәтижелері матрица бойынша шартты белгілердің көмегімен таратылады. Нәтижелер кестесі бірінші толтырылады, іскери және жеке қатынастар бойынша жеке толтырылады. 702 АГҚ тобының социоматрицасы төменде көрсетілген.

 

Кесте-2 — Студенттік/интерн тобының социоматрицасы

Фамилиясы

1

2

3

4

5

6

7

1

Айымбаева А.

+1

+2

+1

+1

2

Дауренбекова Ж.

+1

+3

+2

3

Еркінбек Р.

-1

+1

-1

+3

4

Есболаева Ж.

+1

-1

+2

+3

5

Кадырбердиева Г.

+2

+1

-2

6

Қырықбаева Р.

+2

+3

+2

-1

7

Ордабекова М.

+1

+1

+3

-1

Таңдау саны

4

4

2

5

4

3

3

  Жалпы сомасы

3

5

0

11

6

5

1

Ескерту: + оң таңдау; — теріс таңдау.

 

 

Көлденеңінен барлық топ мүшелерінің фамилиялары нөмерленіп жазылған, тігінен — олардың тек нөмерлері жазылған. Сәйкес орындарға сандармен бірінші, екінші, үшінші сыналғандар +1, +2, +3 белгіленген, одан кейін тәжірибеге қатысушы бірінші, екінші, үшінші болып тандамаған сандар -1, -2, -3 қойылған. Содан кейін оңтайлы және теріс таңдалымдар кестеге салынған (таңдалымның кезегіне тәуелсіз). Оңтайлы және теріс таңдалымдар кестеге салынып, әрбір топ мүшесінен алынған (таңдалым сомасы) барлық алгебралық сома көлденеңінен есептелген. Содан кейін топтың әр мүшесі үшін ұпай саны есептеліп, бірінші кезекте +3 ұпайға (-3), екінші — +2 (-2), үшінші — +1(-1) теңестірілгендігі ескерілген. Кейін жалпы алгебралық саны есептеліп, ол топтың мәртебесін анықтап отыр.

Әрбір шарт бойынша социоматрицаны талдау барысында топтағы өзара қарым-қатынас туралы толыққанды мәлімет аламыз. Социматрицаның басты ерекшелігі тандауды сандық түрде көрсетуінде болып табылады, ол өз кезегінде топтағы тәртіпті бекітуге, алынған таңдаулардың саны бойынша топ мүшелерін жіктеуге мүмкіндік береді. Социоматрицаның негізінде социаграмма немесе социометрикалық таңдаулардың картасы (социометрикалық карта) құрылады .

Куратор-эдвайзер жұмысы тиімді жүргізілсе сандық және сапалық көрсеткіштер жақсарады: топ үлгерімінің оңтайлы қарқыны; топ студенттерінің арасында кұқық бұзушылықтың болмауы; түрлі деңгейдегі әлеуметтік-дамытушы іс-шараларға студенттердің қатысуы; топ студенттерінің арасында марапатталғандардың, сертификат алушылар санының көп болуы; топпен және нақты студентпен жұмыс жасау барысында шығармашылық тұрғыдан әрекет ету; кураторлық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеу; республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және т.б.

Жоғары оқу орнының оқытушысы, тәлімгері ретінде басты мақсатымыз жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту болып отыр. Сонымен қатар, оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді/интерндерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне белсенді қатысуға ықпал ету және оқу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Студенттік топтарда тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ.

 

Түркістан. – 2011. — 26 б.

2       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы.

3       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-111 «Білім туралы» Заңы.

 

 

Л.М.БЕГИМБЕКОВА, Ж.У.СУЛЕЙМЕНОВА

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРОВЕДЕНИЯ ВОСПИТАТЕЛЬНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ В СТАНОВЛЕНИИ ЛИЧНОСТНОГО

РОСТА ОБУЧАЮЩИХСЯ

Резюме: мероприятия воспитательного процесса и воспитательная работа проводимая в становлении личниостного роста обучающегося описаны в данной статье. Продемонстрированы социометрические методы исследования меж-личностных отношений в группе и требования к куратору-эдвайзеру.

Ключевые слова: воспитательная работа, становление личностного роста, куратор-эдвайзер

 

 

L.M.BEGIMBEKOVA, J.U.SULEIMENOVA

THE EFFECTIVENESS CARRYING OUT EDUCATIONAL MEASURES IN A FORMATION

OF THE PERSONAL GROWTH AMONG THE LEARNERS

 

Resume: The measures of the character building process and educational work lead in making personal growth of the learners are described in this article. Demonstrate analysis border-personal attitude in the student/intern group and the requirements for curator-adviser.

Keywords: character building process, personal growth, curator-adviser.

 

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ