ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРДІҢ ТӘСІЛДЕРІ

20 Jan 2014

УДК 616.9:378.147-057.875

 

К.Т.БАЙЕКЕЕВА, А.К.ДУЙСЕНОВА, Л.Б.СЕЙДУЛАЕВА,

А.М. САДЫКОВА

ҚазҰМУ, жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы

 Алматы қаласы

 

 

«Жұқпалы аурулар» циклын өту кезінде  оқытудың интерактивті тәсілдері тиімді және нәтижелі болды.  Қимылмен және қимыл арқылы студенттер өз қолдарымен жасағандарын жақсырақ есте сақтайды және меңгереді.

Түйінді сөздер: жұқпалы аурулар, интерактивті әдістер.

 

 

Медициналық оқу орындарында студенттердің білімді іс-әрекет арқылы игеруі интербелсенді оқытудың тиімділігін көрсетеді [1]. Тәжірибелік сабақтарда студенттер өз қолымен жасаған әрекеттерін, жазбаларын есінде жақсы сақтап, үйренген дағдыларын келешекте қолдана алады.

Жұқпалы аурулар пәнін өту кезінде белсенді әрекеттер жасау нәтижесінде  студенттер ойлауға, пікір таластыруға, талқылауға, шешім қабылдауға, өз көзқарастарын дәлелдеуге үйренеді.

Дидактикалық тәсілдерден тәжірибелік сабақта кіші топтар, Т-кестесі, кластерлер, ми шабуылы, пікірталастар, үш қадамды сұхбат, Жигсо және т.б. әдістерді қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.

Кластерлер – әртүрлі ой-пікірлер мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Жұқпалы аурулар «Жалпы медицина» факультетінің 6 курс интерндерінде синдромалді салыстырмалы диагностика түрінде жүргізіледі.  Кластерлер сияқты жазба кестелерді қолдану кезінде интерндер дәптердің немесе тақтаның ортасына бір клиникалық синдромның (мысалы, диарея, гепатит, лимфаденит, менингит, энцефалит) атауын жазып, оның жан-жағына шеңбер түрінде клиникасында осы синдром кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға қатысты мәліметтерді таңдап, олардың өзара байланыстары туралы ауызша жариялайды. Кластерді интерн алдымен жекеше, сосын жұпта немесе шағын топта жалғастырады.

6-7 курс интерндердің тәжірибелік сабақтарында салыстырмалы диагностика жасағанда көлемді ақпараттарды өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған «Жигсо» сияқты тиімді тәсіл қолданылады. Ол үшін оқытушы екі топ құрады: «бастапқы топ» және «сарапшылар тобы». Алғашында интерндер көлемді мәліметті әрқайсысы жеке-жеке шағын топ («бастапқы топ» құрамында №1, №2, №3 студенттер бар, барлығы 3 топ) ішінде оқып шығады. Сосын оқытушы топтар құрамын өзгертіп, «сарапшылар тобын» (1-і топ құрамында тек №1, 2 топта — тек №2, 3 топта — тек №3 студенттер бар) құрайды.            Бұл топтарда олар берілген тақырыптың қиын жерлерін бірігіп талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. Үйрету барысында студенттердің осы тақырып бойынша білімі басқалармен салыстырғанда жоғарылайды, «сарапшы» болады. Ойынның үшінші кезеңінде сарапшылар бастапқы топтарына қайта оралады, басқа студенттерді өз бөлімдеріне үйретеді.

Заманауи өзекті мәселелердің бірі — АИВ-инфекциясы тақырыбын талқылау үшін барлық студенттерді төрт топқа бөліп, пікір алмасуға келесі сұрақтар беріледі: осы аурулар нәтижесінде туындайтын медициналық, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, оқыту мәселелері.  Топтағы жұмыс  қатысушы студенттердің белсенділігін арттырып, өз ойымен қатар өзгелердің де ортаға салған ой-пікірлерін тыңдап, пікір алмасуға ықпал етеді. Тапсырма уақыты біткенде әрбір топтан өздері сайлаған бір студент (шешен) топ тұжырымдарын ауызша жария етеді.

Өткізілген топтық пікірталастар студенттердің жұқпалы аурулар пәніне деген қызығушылығын арттырып,   талқылау барысында айтылған ұтымды пікірлерге жасалынған талдаулардың тиімділігін жақсы түсініп, жоғары бағаланады.

«Вирусты гепатиттер» тақырыбына арналған  тәжірибелік сабақта рөлдік ойын қолданылады. Алдымен оқытушы ойынның мақсаттарын (науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынастағы коммуникативтік дағдыларды көрсету; науқасты тексеру дағдыларын және анықталған клиникалық белгілерді талдау; лабораторлық-инструментальдық тексеру нәтижелерін дұрыс талдай білу және емдеу тактикасы ) түсіндіріп, ойын орнын анықтап, рөлдерді бөледі (науқас, оның туысқаны, учаскелік дәрігер, жедел жәрдем дәрігері, жұқпалы аурухананың қабылдау бөлімшесінің дәрігері, эксперттік топ). Бұл әдістің артықшылығы, ойынға қатысушы әр студент өзін ұсынылған мән-жайға бейімдеуге, ойын барысында әртүрлі жағдайларды нақты сезінуіне және шешім қабылдауына мүмкіндігі бар [2]. Ойын аяқталғаннан кейін бірігіп талқылау болашақ дәрігерлердің клиникалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Қорыта айтқанда, жұқпалы аурулар пәнін оқыту барысында қолданылатын әртүрлі интербелсенді оқыту әдістері студенттер мен интерндердің мамандығына деген қызығушылығын арттырады, нақты ситуациялық жағдайда қатысушы рөлінде болған әрбір студенттің өзінің жасаған іс-әрекеттері, қолымен жазған жазбалары әрқашан есінде қалады және   жақсы нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе ретінде саналынады.

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Әлімов А.. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында  қолдану. – Алматы: 2009. – 327 б.

2       Муминов Т.А., Даулетбакова М.И.. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских  ВУЗов. – Алматы: 2003.  –144 с.

 

 

 

 

К.Т.БАЙЕКЕЕВА, А.К.ДУЙСЕНОВА, Л.Б.СЕЙДУЛАЕВА,

А.М.САДЫКОВА

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЕ В ОБУЧЕНИИ ДИСЦИПЛИНЫ ИНФЕКЦИОННЫХ БОЛЕЗНЕЙ

 

Резюме: Интерактивные методы обучения, применяемые во время прохождения цикла «Инфекционные болезни» оказались эффективными и результативными. Обучение действием и посредством действия студенты лучше запоминают и усваивают то, что они делали своми руками.

Ключевые слова: инфекционные болезни, интерактивные методы

 

           

 

 

 

 

 

K.T.BAYEKEEVA, A.K.DUISENOVA, L.B. SEIDULAEVA,

A.M.SADYKOVA

THE USE OF INTERACTIVE METHODS OF TEACHING IN THE DISCIPLINE OF INFECTIOUS DISEASES

                              

Resume: Interactive methods of teaching, that used in «Infectious diseases» were effective and resultative. This method helps students to remember better that they done by self.

Keywords: infectious diseases, interactive methods

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ