XXI ҒАСЫРДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КАПИТАЛДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

20 Jan 2014

УДК 001:57.024:378

Т.Б. КИЛЫБАЕВ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

 

 

 

Ақпараттандыру күллі әлемде болып жатқан үдерістердің көлемін, белсенділігін, шынайылық-жалғандығын анықтайтын пост-индустриалды кезеңнің құралына айналды. Архаикалық заманда өмір сүрген адамның өмір бойы жинаған ақпаратына қазіргі заманның тұрғыны 24 сағаттың ішінде қол жеткізеді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде ақпарат қолмен жазудан баспаға, кейін сандық түрге алмасты. Шапшаң түрде бір сана иесінен екіншіге ауысатын ақпарат заманауи технология әсерінен білімнің, қоғамдық қарым-қатынастың түрлерін де өзгертті. Осыған орай адам капиталы ретінде анықталған білім, дәлірек айтқанда, интеллектуалды капитал заманауи технологияның дамуына қатысты дамып, қоғам санасын өзгертіп отыр. 1980-жылдары ойлап табылған интернет желісі адамның қарапайым өмірінен бастап, әлемдік бизнес өкілдерінің, мемлекеттердің тағдырларын байланыстырып отыр. Адам енді әлемде ұтқыр  жұмыс істеуіне, білімі мен еңбек өнімділігін шексіз арттыруына үлкен мүмкіндік алды.

Білім алу барысында адамдар кәсіпті меңгерген маманнан ақпарат алады, өңдейді, бағалайды және қолданады. Яғни, қазіргі заманның талабына сай жеке тұлға өзінің еркіне, қанағаттанған түрде өмір сүруіне қажетті игіліктерге ақпарат, білім арқылы жетеді [1]. Егер 18 ғасырға дейін мемлекет негізі күш болса, 19-20 ғғ. – ақша, 21 ғ. білім, интеллект болып отыр. Демек, мемлекет экономикасын, саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақтағы оң нәтижелі дамуын интеллектуады капитал анықтайды. Мысал ретінде біз екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шапшаң қайта қалпына келіп, өзге елдерде өз экономикасының басымдылығын танытқан Жапонияны алсақ болады. Оның көлік концерндері көптеген мемлекеттерде үстемдікке ие болған АҚШ көлік гиганттарын ығыстырып, өздерімен санасуды мойындатты. Яғни зорлық қарсы күресті, ал байлық жемқорлықты тудырса, тек білім ғана қоғам санасына оң әсер етіп, қоғам тарапынан сенімділікті арттырады. Демек, адам өзінің қара күші және қолданатын техникасы арқылы еңбек өнімділігіне жетсе, білім бұл көрсеткішті арттырады. Білімнің күш және байлықпен салыстырғанда артықшылығы келесіден көрінеді:

—   күш пен байлықтың шегі бар және олар таусылады, ал білім шексіз кеңейтіледі;

—   күш пен байлықты тек оларды иеленген адамдар ғана қолданады, ал білімді  қолдануға барлығының мүмкіндігі бар;

—   күш пен байлықты қоғамның жоғары тап өкілдері ғана пайдаланса, білімді — әлсіздер және кедейлер қолдана алады. Яғни бұл демократияға жеткізетін жолдың бір түрі [105].

Қазіргі таңда экономика интеллектуалды еңбекке негізделген экономика болып табылады. Еңбек күші өндіріс саласынан «ақпаратты еңбек күшіне» айналды. IT технология саласында қызмет етушілердің саны күннен күнге арту үстінде. Мемлекеттік мәселелер интернет желісі арқылы online режимде талқылану деңгейіне жетті. Қазақстан да бұл орайда артта қалмады. G-Global интернет-платформасы құрылып, онда әлемдік даму мәселелері талқыға салынады. Сонымен қатар үкімет тарапынан жасалып жатқан шараларды айтып кетуге болады. Келесі бағдарламалар адам капиталының дамуына ықпал етуші деп қарастырылады:

—   «Қазақстан-2050» даму стратегиясы;

—   «Қазақстан-2030» даму стратегиясы;

—   «Халықтың жұмыспен қамтылуы-2020»;

—   «Қол жетімді баспана-2020»;

—   «Болашақ»;

—   «Интеллектуалды ұлт 2020».

Мемлекеттік бағдардамалар арқылы адам капиталын дамыту Елбасының, үкіметтің ұтымды ұйымдастырылған бағытарының бірі. Қазақстан соңғы жылдары ұлттық капиталды нығайтуға көп көңіл бөліп отыр. Американ экономист-ғалымы Теодор Шульц еңбек өнімділігін арттыру мақсатында капиталға құйылатын инвестиция туралы 20 ғ. ортасында айтып кеткен болатын. Яғни ол «еңбек өнімінің жартысын жұмсалған жұмысшы күші құрса, жартысын оның кәсіптік дағдысы, білімі құрайды» деген [3]. Бұл теория кейіннен оның артынан еруші Гарри Бэккер еңбектерінен көрініс тапты. Ал қазір адамның интеллетуалды мүмкіндіктері оның еңбек нарығындағы тауарына айналды. Бұл «тауар» қаншалықты сапалы болса, соншалықты оның құны бағалы болады. Механикалық еңбекке қарағанда, интеллекуалды еңбектің шығындары аз және көп уақытты талап етпейді. Яғни индустриалды заманмен салыстырғанда, жалақыға кері әсерін тигізбейтіндей жұмыс уақыты қысқарды. Адамдар көбірек бос уақытқа ие болды және әлеуметтік еркіндіктері кеңейді. Қоғам мүшелері салауатты өмір салтын жүргізуге, уақыттарын ойын-сауыққа арнауға мүмкіндік алды. Демек, адам өз капиталын жоғарылатқан сайын, білімін арттырған сайын, жоғары дәрежедегі игіліктерге қол жеткізеді. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің әлеуметтік саласын дамытуда әрбір Қазақстандыққа өмір бойы білім алу концепциясын негізге алуды ұсынды. Әрбір жұмысшы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өз бетімен интеллектуалды ізденіс жүргізіп, дағдыларын жетілдіруі тиіс. 1990 жылдары Еуропада жүргізілген сауалнама бойынша респонденттер еңбек саласындағы кемшіліктер ретінде кәсіптік білімнің жетіспеушілігін көрсетті. Бұл мәселе тек Еуропада емес, біздің Қазақстанда да өзектілігін жоғалтпай тұр. Сапалы білім қай кезде болмасын ел экономикасына, саясатына, мәдениетіне қажетті анықтаушы фактор болып табылады. Жоғарыда айтылып кеткен бағдарламаларға қоса келесі ұсыныстар осы жұмыста көрсетіліп отыр:

—   халыққа бағытталған білімді қадағалау, сүзгіден өткізу. «Ақпарат» пен «білім» айырмашалағын түсіндіру;

—   сапалы білім жетіспеушілігін IT технологияларды қолдану және жаппай білім беру сапасын қатаң қадағалау арқылы азайтып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Қоғам санасын жүргізілетін ақпараттық саясат арқылы, яғни көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағыттау барлық елдерге тән құбылыс. Ал болашақ ұрпақтың санасын қажетсіз, пайдасыз ақпаратпен ластамау мемлекет үшін алғашқы міндеттерінің қатарынан табылғаны дұрыс.    Яғни қажетті білімді дұрыс саясатпен негізделген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алу қоғам мүшелерінің дұрыс әлеуметтік қарым-қатынасын қалыптастырады.

Интеллектуалды капитал адам капиталының түрі ретінде пайда болғанына көп уақыт болмады. Қазіргі өмірде көп көлемді ақпарат пен білімге ие болған адам өмірдің жақсы шыңдарынан көрінеді. Материалды өнім өндіру екінші кезекке қойылып, қызмет көрсету саласы алға шықты. Интеллектуалды капиталға бағытталған инвестиция өз ұтымдылығы мен жоғары нәтижелілігі арқасында кең тарады. Интеллектуалды капиталының көмегімен дарынды, жоғары кәсіпті мамандар, ғалымдар жақсы қаржылай пайда түсіреді. Яғни білімді кәсіпке, ақша табудың жолына айналдыру пост-индустриалды, ақпараттық заманның бір ерекшелігі. Бұл сала қазіргі таңда қарқынды түрде дамып, экономикалық жағынан мемлекеттер үшін табысты болып отыр. Қоғамда зияткерлік меншік (интеллектуалды меншік) деген ұғым пайда болды. Яғни интеллектуалды капитал мен зияткерлік меншік жаңа экономикамен тығыз байланысты. Индустриалды заманда экономика табиғи қорлар мен еңбекке сүйенсе, жаңа экономика білімге, білімді мамандардың жұмысына сүйенеді. Мысалға, бәсекеге қабілетті болу үшін өз мамандарының білімін, кәсіптік деңгейін арттырған қандай да бір мекеме әрқашан да еңбек өнімділігін оңай арттырады.

Қорыта келе, қазіргі кезде интеллектуалды капиталдың тек еңбек өнімділігін арттыруда емес, адамдардың қоғам мүшелері рөлінде қарым-қатынасын реттеуші деп қарастыруға болады. Себебі ойы, санасы жетілген, білімі жоғары азаматтар көп жағдайда мәдени, әлеуметтік және саяси тұрғыда дұрыс бағытта болады. Ал білім тек материалды және рухани табысқа жетудің құралы ғана емес, сонымен қатар капиталдың бір бөлшегі. Адам капиталы адамға қажетті деңгейде өмір сүруге, яғни мықты денсаулыққа ие болуға, қажеттіліктерін өтеуге қажетті қорларға еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       В.П. Колесов. «Человеческое развитие: новое измерение социально-экономического прогресса».– Мәскеу: 2008. – 59 б.

2       В.П. Колесов. «Человеческое развитие: новое измерение социально-экономического прогресса». – Мәскеу: 2008. – 105 б.

3       Корицкий А.В. «Введение в теорию человеческого капитала».– Новосибирск: 2000. -23 б.

4       «Интеллектуальный капитал. Новый источник богатства организации». Томас Стюарт. Перевод В. Ноздрина. «Поколение» баспасы. — 2007. — 14 б.

 

 

 

Т.Б. КИЛЫБАЕВ

ФОРМИРОАНИЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОГО КАПИТАЛА В XXI ВЕКЕ.

Резюме. В данной статье рассматривается интеллектуальный капитал как один из видов человеческого капитала и его формирование в условиях технического прогресса 21-го века. В качестве примера представлены программы и мероприятия, проводимые в Республике Казахстан по улучшению качества образования и формированию человеческого капитала.

 

 

 

 

 

T.B. KILYBAYEV

THE FORMATION OF INTELLECTUAL CAPITAL IN THE XXI CENTURY.

Resume. Intellectual capital as the human capital and its formation in the conditions of technical progress in the 21st century is discussed in this article. The state programs and events of the Republic of Kazakhstan for improving the education quality and formation of human capital were

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ