БІР ҚАТАРЛЫ ЖӘНЕ EKI ҚАТАРЛЫ ТІГІСПЕН ОРЫНДАЛҒАН АСҚАЗАН – ¥ЛТАБАР АНАСТОМОЗЫНЬҢ ЖАЗЫЛУЫНА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТУРДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒА БЕРУ

19 Jul 2012

БІР ҚАТАРЛЫ ЖӘНЕ EKI ҚАТАРЛЫ ТІГІСПЕН ОРЫНДАЛҒАН

АСҚАЗАН – ¥ЛТАБАР АНАСТОМОЗЫНЬҢ ЖАЗЫЛУЫНА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТУРДЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒА БЕРУ

А.М.Якубов

 

Асқазан – ұлтабар анастомозы зонасындағы, тканьдар регенерациясының мерзімі мен сипатын, морфологиялық тұрғыдан зерттеу барысында негізгі және бақылау топтарында, бір қатарлы анастомоздың артықшылығы байқалған: оның қабыну реакциясы төмен, пролиферативті фаза ерте басталып, реперативті кезең, қысқа мерзімде басталумен сипатталатын асептикалы продуктивті қабынумен өтеді.

    Түйінді сөздер: Сірі-бұлшық ет-шырыш асты тігіс, асқазан-ұлтабар анастомозы, регенерация.

Жарақат процессі мен оған ықпал етуші факторлар барлық жарақаттар үшін, соның ішінде асқазан-ішек анастомоз үшін де, бірдей. Сондықтан асказан-ішек анастомозын құру тәсілін таңдауда, жарақат барысына регенерация үшін қолайлы жағдай жасау арқылы әсер ету керектігін ескерген жөн.

Бұл зерттеулердің максаты: бip катарлы cipi-бұлшық ет-шырыш асты үзіліссіз айналмалы тігіспен және дәстурлі екі қатарлы Альберт-Шмиден- Ламбер тігісімен  құрылған анастомоздардың жазылу процестерін салыстырмалы түрде зерттеу. Тәжірибелік зерттеу массасы 200-250 г. 30 ақ егеукұйрыққа жасалынды. Тәжірибенің барлык сатылары, жануарларға, адамгершік қағидаларға сәйкес өткізілді. Дені сау еркек жынысты егеуқұйрықтар таңдалып алынып, 10 күн карантиннен сон, жануарлар екі теңдей, негізгі (I) және бақылау (II), топтарына бөлінді. Операцияға дейінгі ішек жолдарын дайындау екі топта бірдей болды: 12 сағат бойы егеукұйрықтарға тамақ берілмеді. Операциялар асептикалы жағдайда наркозбен (шыны қалпақ астындағы эфир наркозы 3 минут бойы 0,03 мл арнайы ветеринарлық «Рометар» наркозымен қоса бұлшық етке егу аркылы толықтырылып) жасалынды. Операция жасалатын аймақты қырып , тазалағаннан кейін, кең орталык кесікпен iш қуысын ашып, асқазан шығарып алынды. Асказанға резекция жасалынып, асқазан-ұлтабар анастомоз құрылды.

Heгізгі (I) топтагы 15 егеуқұйрыққа,  асқазанның кіші иіні, 6ip катарлы cipi-бұлшық ет-шырыш асты үзіліссіз тігіспен, шырыш қабыршағын қоспай құралды, сол жіппен жалғастыра асқазан-ұлтабар  анастамозы, бip қатарлы cipi-бұлшық ет-шырыш асты тігіспен жасалынды.

Бакылау (ІІ) тобындагы 15 егеуқұйрықтың асқазан-ұлтабар анастомоздары дәстурлі eкi қатарлы Альберт- Шмиден-Ламбер тігісімен құрастырылды:  ішкі үзіліссіз тігіс, викрилмен, сыртқы түйін тігістері, атравматикалық инедегі жібек жіппен орындалды. Антибиотиктік профилактика eкi топта да цефамизиннің (0,004г.) ерітіндісін iш куысына енгізу жолымен интероперациялы түрде жасалынды. Іш қуысының алдыңғы қабаты,  үзіліссіз тігіспен айналдыра қабат-қабатымен тігілді. Операциядан кейінгі кезеңде жануарларға жүйелі түрде бақылау жүргізілді. Жазылу барысын зерттеу мерзімдеріне қарай (2,5,7,14,30) жануарлар 3 егеуқұйрықтан тұратын 5 серияға бөлінді. Осыған сәйкес, операциядан кейінгі (2,5,7,14,30) тәуліктерде екі топта да адекватты наркоз (рометармен аралас эфир наркозы) беріліп, релапаротомия жасалынып, асқазан-ұлтабар аностомозынан, сегментті ұзындығы 20, см етіп кесілді. Эвтаназия рометарды мөлшерінен артық беріліп орындалды.

Макропрепарат зерттеліп болған соң, оны формалиннің 10%-тік ерітіндісіне фиксировать етіп, морфологиялық зерттеуге жібердік.

(І) негізгі топтағы морфологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, бір қатарлы тігіс асқазан-ұлтабар анастомозының жазылуына қажетті жағдай жасайды.

Анастомоз аймағын макроскопиялық зерттеу барысында тканьды валик және шырыш пен сірі қабыршақтар қабырғасындағы жарақат беттерінің жанасуында диастаза болған жоқ; операциядан кейінгі 7 тәулікте, сірі қабыршақ жағындағы анастомоз аймағы әрең байқалды, жаңадан құрылған сірі жамылғы тігіс сызығын толығымен білдірмей жіберді.

Гистологиялық тұрғыдан қарағанда ішек қабырғасының аттас қабаттарын адекватты салыстыру, тканьдердің түйісу аймағында некробиоз құбылыстарының жоқтығы байқалды; жазылу процессі кезінде қабыну реакциясы ұзақтығы мен көрінісі жағынан өте аз мөлшерде болып, асептикалық продкутивті қабынумен сипатталды. Себебі мұнда нейтрофильді инфильтрация болмай, фибробластикалық клеткалары ерте белсенділік танытып, ерте эпителизация басталды. Мысалы, 2 тәулікте  макрофагальды реакция аяқталып, фибробласттар басымдылығымен грануляционды тканьдер айқындала бастады, анастомоз бойында шырышты эпителии  регенерациясының сызығы анық байқалды. 7 тәулікте анастомоз зонасы фибробласстарға бай айқын көрінетін қан тамырлар торының грануляционды тканьдермен толып, сірі қабыршақ толығымен қалпына келді. 14 тәулікте шырыш эпителизделініп, регенерация аяқталды. Бақылау жүргізілген мерзім ішінде құрсақ қуысында іріңдік, массивті жабысу процессі байқапмады. Бұл  анастомоздың биологиялық тұрғыдан герметикалы екендігін растайды.

(ІІ) бақылау тобындағы морфологиялық зерттеулер барысында белгілі болғандай, дәстүрлі екі қатарлы  анастомоздың жазылуы, айқын көрінетін қабыну-деструктивті құбылыстармен өтеді. Анастомоз зонасын макроскопиялы зерттеу барысында ішек үстіне шығып тұрған тканьды валиктің бар екендігі, 2 тәулікте тігісітің ішкі қатарында некроз учаскелері мен жалақтардың пайда болуы, бір жағдайда – анастомоз дефектісінің болу анықталды. Гистологиялық зерттеу барысында екі қатарлы тігіспен құралған анастомоздың жазылуы микроциркуляцияның бұзылуы мен ісік бүкіл ішек қабырғасының қабаттарына жайылады, некробиоз құбылыстарымен,  некроз учаскелері,  ішек үстіне қарай бет бұрған нейтрофильді лейкоциттер инфильтрациясы барлық тканьдерде табылған. Тек 7 тәулікте регенерация белгілері  – жекеленген фиброблассттар, гистиоциттер байқалып, 14 тәулікте шырыш эпителизациясы басталды. 30 тәулікте анастомоз бойында нүктелік эрозиялар мен қабынудың жекеленген элементтері сақталып отырды. Негізгі және бақылау топтарындағы асқазан-ұлтабар аралық қосылыс аймағындағы тканьдер регенерациясының мерзімдері мен сипатын салыстырмалы түрде морфологиялық зерттеу, бір қатарлы  анастомоздың артықшылығын көрсетті. Бұл жағдайда  жазылу аздаған қабыну реакциясымен, пролиферативті фазаның ерте белсенділігімен және реперативті фазаның қысқа мерзімде басталуымен сипатталған асептикалық продуктивті қабынумен өтеді.

Сонымен, бір қатарлы сірі-бұлшық ет-шырыш асты үзіліссіз тігісті, асқазан резекциясына, асқазан-ұлтабар, асқазан – ащы ішек анастомозына қолданудың тәжірибе жүзіндегі негіздемесі алынды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Аничков Н.Н., Волкова К.Г., Гарин В.Г. Морфология заживления ран. Москва.,1951г.
  2. Саркисов Д.С. Регенерация и ее клиническое значение. – Москва.,1970г.
  3. Козлов В.И., Гурова О.А. Развитие системы микроциркуляций в онтогенезе / Успехи соврем. Биологии. – 1989. – Т.108, № 3/6- С.460-475

 

СРАВНИТЕЛЬНАЯ ОЦЕНКА ЗАЖИЛЕНИЯ ОДНОРЯДНОГО И ДВУХРЯДНОГО ЖЕЛУДОЧНО-КИШЕЧНОГО АНАСТОМОЗА В ЭКСПЕРИМЕНТЕ

А.М.Якубов

 

Резюме: При сравнительном морфологическом изучении характера и сроков регенерации тканей в зоне желудочно-кишечного соустья в основной и контрольной группе было обноружено преимущество однорядного анастомоза, он заживает с меньшей воспитательной реакцией, имеет характер асептического продуктивного восполения и ранней активизацией пролиферативной фазы, а репаративная фаза наступает в минимальные сроки.

 

COMPARATIVE ESTIMATION OF HEALING BY SINGLE-ROW ARID DOUBLE-ROW GASTROENTERIC ANASTOMOSIS IN AN EXPERIMENT

A. M. Jakubov

 

Summary: At comparative morphological studying character and terms of regeneration of tissues in a gastroenteric zone in the basic and control group the advantage of single-row anastomosis was revealed, it heals with smaller inflammatory reaction, has character of aseptic productive inflammation with early activization of proliferation phases, and the reparative phase comes in the minimal terms.

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ