CТУДЕНТТЕРДІҢ ДҰРЫС СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

19 Sep 2012

Сулейменова О.Я., Алпаров Т.Т., Шаихова М.А., Бижанова А.А.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

 

Түйін   Бұл мақалада  студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жайлы айтылған.

 

Резюме  В статье рассматриваются вопросы формирования качеств устной речи студентов при изучении иностранного языка.

 

Abstrakct This article is about formation of the qualities in oral speech and studying of foreign languages.

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында шетел тілдерін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар қоюда.  Ел басымыздың жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі тиіс. Сондықтан да шет тілін үйрететін жоғары оқу орындарында қойылатын талаптар көп.

Ол үшін:

– Студенттерге шет тілін үйретіп- мәдениетіне, өнеріне деген көзқарастарын қалыптастыру.

– Өздерінің қабілеттеріне қарай шет тілі арқылы қарым- қатынасты ары қарай жалғастырып,  дұрыс жауап беруге үйрету.

– Студенттердің рухани жан- дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, халықаралық қарым- қатынасқа мәдениетке тәрбиелеу.

Студенттің зиялы, сезімтал жан болып өсуіне көмектесу.

Қоғамдағы соңғы кезеңде  болып жатқан өзгерістер шет тілін оқып-үйренуге мәжбүрлігін туғызып отырғаны жасырын емес. Компьютер арқылы әлемдік ақпараттар  кеңістігіне шығу, әлемдегі озық технологияларды жаңалықтарды меңгеру, өмір ағымына ілесу. Студенттерге ана тілінің негізінде шет тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін, келістіре баяндай білуге дағдыландыру.Оқулықтарды, сөздікпен жұмыс жасауда өздігінен пайдалана бәлу сияқты әскерләк дағдыларын қалыптастыру, ғасырлар бойы жазған рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру және егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін шет тілі арқылы таныту. Қазақ тілін жан-жақты білгенде ғана өзге тілдердің мән-мағынасына қасиетіне терең үңілуге болады. Онда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі, ал халықаралық тіл- ағылшын тілі болып саналады.

Осыған байланысты, қазіргі таңда шет тіліне деген үлкен сұраныс болуына, елімізде сөйлеу мәселесі қолға алына бастады. Өзекті болуының себебі шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында шет тілінде дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтары және оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, бөгде біреудің сөйлеуін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп, шет тілінде қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады. Студенттерді мұндай дәрежеге жеткізу үшін сөйлеудің өзіндік жүйесі, тәсілдері мен амалдары, жолдары ойластырылады.

Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет, ол ең алдымен жаңа мазмұндағы жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен бағдарламалары қажет, яғни білім мазмұнын анықтау мәселесі өзекті. Сондықтан шет тілінде тілді үйрету үшін сөйлесу әрекетіне дағдыландырылады. Өзге тілді үйрену барысында студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі яғни икемділігі ерекше орын алады. Сол себепті шет тілінде сөйлесу икемділігіне көңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану- сөйлесу, яғни қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, оның құрамының жүйесі т.б. бар. Ал студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады. Сондықтан сөйлеу үрдісі қатысымдық негізде құрылады. Сөйлеу құралдарын шегеру мен оны қарым-қатынаста пайдалану сөйлесу икемділігі мен дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Демек, қазіргі сөйлеу тәжірибесінде студенттің сөйлесу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда осы қатысымдық әдісіне барабар, екіншіден, қатысымдық бағыт тілді игеріп, өз тәжірибесіне пайдалана білу, яғни сөйлесу мақсатын көздейді.

Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалады. Бірақ шет тілінде сөйлеудің ендә ғана өалыптасып келеді. Әсіресе, сөйлеуге жаттыөтырудың негізгі атаулары және категориялары, тіл дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы, студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері бар, керекті психологиялық, лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл мәселелер студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін анықтайды.

Егер шет тәләнде жоғары оқу орындарында студенттердің сөйлесу тілін дамыту ісі лингвистикалық, психологиялық және педагогикалық негіздерге сай, қатысымдық  әрекет әдісі арқылы жүйелі, тілдің қарым-қатынас қызметі мен экспрессивтік қызметіне қарай ұйымдастырылса, онда сөйлесудің тиісті лексикалық, граммматикалық икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруда, дамыта сөйлеудің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып жүргізгенде ғана нәтижелі болады. Сондықтан өзге елмен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеу қызметі өрістете түсуге мүмкіндік алды. Шет тілі басқару орындарда, өндіріс орындарда, ғылыми мекемелер мен білім беру саласында кеңінен қызмет ете бастады.

Сондай-ақ «Шет тілі» пәнінің практикалық білім мазмұнында «Сөйлеу және жазба тіл мәдениетін игеру. Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі-ауызша, жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің жазбаша, электронды түрі қаншалықты маңызы болса ауызша сөйлеудің мәні де соншалықты зор. Ауызша сөйлеуге үйрету барлық топтарда жүргізіледі. Студенттердің ауызша сөйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл әлеументтік қажеттілік, заңнамалар талабы, елбасы тапсырмасы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», деген міндетті белгілейді.

Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Интерактивті сабақ» Егемен Қазақстан , 2007.
  2. Нургалиева Г.К. «Жаңа ақпаратты технология құралдары».

Білім, 2007.

  1. Н.Д. Гальскова. «Современная методика обучения» Москва, 2000

Жаңалықтар

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индекстелген

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

© 2021 ҚазҰМУ