ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

19 Sep 2012

Ақбергенова Ш.Т., Исабаева З.М., Асылова Р.О.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

Резюме В статье рассматриваются вопросы развития  устной речи умственно отсталых учащихся на уроках чтение и некоторые методические условия использование игр.

 

Abstrakct  This article deals with the question of developing oral speech of intellectual backward  pupils on the  lessons of  reading and some methodical condition using games.

 

Түйін   Бұл мақалада зияты зақымдалған балалардың ана тілі сабақтарында            байланыстырып сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту әдістері қарастырылған.

 

«Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында» көрсетілгендей ҚР білім беру саясатының құзырлы міндеті – білім беру сапасын көтеру болып табылады. Басты міндеттердің бірі халықтың барлық сатыдағылары үшін сапалы білім алудың қолжетімдігін қамтамасыз етуді қарастырады.  Осы тұжырымдардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға да қатысты және 2002 жылы жарық көрген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңында бекітілген. Осы заңды жүзеге асыру бағытында республикада ана тілінде оқытудың психологиялық және педагогикалық теориясы мен практикасын дамытудың жағымды нышандары жасалуда [1, 2].

Соңғы жылдары зияты зақымдалған балаларға арналған көмекші мектептерде қазақ тілінде оқытатын сыныптар қарқынды түрде ашылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдық оқытуға ауысуына байланысты және бүкіл білім беру жүйесінің осыған сәйкес қайта құрылуымен арнайы түзету мектептерінде дайындық сыныптар ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Бастауыш сыныптарында сөйлеу тілін дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары өңделіп жасалмаған. Оқу бағдарламасымен қамтамасыздандырылмағандықтан қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін, мысалы сөйлеу тілінің дамымауы, байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы т.с.с.  Екіншілік ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады.

Нәтижесінде зияты зақымдалған балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үрдісінің басты назарында негізгі міндетті жүзеге асыру тұру керек [3].

Ғылыми әдебиетті талдай келе, олигофренопедагогикада зияты зақымдалған балалардың ерекшелігін Ресей авторлардан В.В. Воронкова,  А.К. Аксенова, В.Г. Петрова, ал  Қазақстандық ғалымдардан Р.К. Луцкина, Қ.Қ. Өмірбекова,  К.Ж. Бектаева зерттегенін анықтадық. Тифлопедагогика саласының белгілі маманы Ғ.Ә. Абаева көру кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қазақ фольклорын кең қолдануды қарастырады. Ал арнайы білім беру саласының ірі ғалымдары Қ.Қ.Өмірбекова, К.Ж. Бектаева зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айтуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеу тілінің компонеттерін қарастырған, осы мәселеге байланысты әдістемелік ұсыныстар берді [4, 5, 6, 7, 8, 9].

Дегенмен, қазақ тілінде оқитын зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесі жүйелеуді, толықтыруды және жаңа тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.

Сөйлеу тілінің дамуы, ана тілінің байлығын меңгеру үрдісі қазіргі психологиялық зерттеулермен тығыз байланыста қарастырылады, себебі психология тұлға дамуының түрлі аспектілерін, психикалық процестердің дамуындағы сөйлеу тілінің ролін анықтап көрсетеді. Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді талдау барысында барлық зерттеушілер                     С.Л. Рубинштейн берген сипаттамасына сүйенетінін білдік. Оның пікірі бойынша барлық сөйлеушілер үшін, кез-келген сөйлеу тілі оның ойын, қалауын білдіріп тұрады, сондықтан байланыстырып сөйлеу тілі болып табылады екен, бірақ байланыс формасы даму барысында өзгеріп отырады. Л.С. Рубинштейн байланыстырып сөйлеу тілі туралы былай деп жазған: — Бұл оның өзінің мазмұны негізінде түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу тілі. Баланың сөйлеу тілі алдымен жағдаяттық сипатта болады, кейін даму барысында сөйлеу тілінің мазмұны мен қызметі өзгереді, бала оқыту кезінде байланыстырып сөйлеу тілін меңгереді [10].

Ана тілі сабағында меңгерілетін әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, тақырыпқа сай сюжеттік ойын түрлері баланың  нақтылыққа, логикалық ойлауға, сөздік қорын және грамматикалық құрылымын жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан, зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында тақырыпқа сай түрлі ойындар арқылы дамыту тақырыбы қазіргі таңда өзекті деп білеміз. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылған ойын түрлерін ұсынып отырмыз.

Оқушылар өзінің ойын немесе айтуға қажетті ақпаратты бөліктерге шартты түрде бөліп, мазмұнына сәйкес бейнелерді елестетіп, сол бойынша сөйлеу тілін жүйелеуге, бір-бірімен  байланыстыруға  дағдыландыру.  Бұл жерде оқушыларға түрлі әрекеттерді орындау кезінде қалыптасқан біліктілігі мен дағдыларын қолдануға жаттықтыру қарастырылды.  Яғни, жұмыстың соңғы кезеңінде оқушыларда қалыптасқан біліктілік пен дағдылары бекітілді. Зияты зақымдалған бастауыш сынып оқушылары практикалық тұрғыда берілген тапсырмаларды орындай отыра, түрлі жағдаятта (түлі мәтінге байланысты) жоспар құруға, оны схема-сурет ретінде бейнелеуге және сол бойынша әңгімелеуге жаттығады. Оқушылардың іс-әрекеті іскерлік және сюжеттік-рольдік ойын түрінде жүзеге асты.  Яғни, берілген тақырыпқа сәйкес оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөліне еніп, сол тұрғыдан пікір-таласқа немесе әңгімелесуге қатысады. Ана тілі сабағында қолданған іскерлік ойындардың негізгі мақсаты – оқушының өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру; өзіндік көзқарас қалыптастыра білуге және өз пікірін қорғауға дағдыландыру.

Мысалы, оқушылар белгілі бір тақырыпқа байланысты бөлінген кейіпкердің атынан сөйлеу үшін (байланыстырып әңгімелеу үшін) ойын кезінде оларға көмек ретінде қысқа тірек сөздер түрінде берілген карточкалар ұсынылды:

 

…. түсті

(Қыс түсті),

балалар ……….

 

(балалар далаға шықты),

 

Содан кейін …….

(содан кейін олар аққала жасады).

 

Яғни,  мұғалім бастамасын беріп, оқушыға мазмұнын толықтыруға жағдай жасады.  Бұндай жұмыс әңгіменің мазмұнын логикалық ретілігімен құруға ықпал етті. Мысалы:

Табиғатты аялайық (іскерлік ойын)

Кейіпкерлер: табиғат қорғаушысы,  «Жасыл әлем» ұйымының мүшесі, тәртіпсіз бала.

Құрал-жабдықтар: тірек сөздер жазылған карточкалар(жасыл дала, өсімдіктерді күту, таза ауа,көшелерді сәндеу, гүлдер, кбелектер).

Табиғат қорғаушысы: «Балалар, сендер айналаға қараңдаршы. Даланың барлығы жасыл түсті ағаш – олар бізге таза ауа береді. Ал алуан-алуан гүдер көшелерімізді сәндейді. Сондықтан, осы өсімдіктерге күтім жасап жүріңдер!

Тәртіпсіз бала: «Мен өсімдіктерге күтім жасамаймын, өйткені олардың бізге қажеті жоқ. Мен жануарларды өсіргенді жақсы көремін».

«Жасыл әлем» ұйымының мүшесі: «Сен айтып отырған жануарларға да ағаштар, гүлдер т.б. керек. Олар күн ыстық кезінде ағаштың көлеңкесінде дем алады, ал гүлдер көбелек және бал арасы сияқты жәндіктерге азық береді. Сол үшін табиғат барлығымызға таза күйінде керек».

Табиғат қорғаушысы: «Түсіндің бе, табиғатты не үшін  аялау қажет екенін?»

Тәртіпсіз бала: «Иә, табиғат адамдарға, жануарларға өмір сүру үшін керек. Мен енді табиғатты күтемін және аялаймын» [11].

 

Айналаға қараңдаршы

 

 

Өсімдіктерге күтім жасау

 

 

Жануарларды жақсы көремін

 

 

 

Ал оқыған әңменің мазмұнын қайта айтып беру кезінде сюжеттік-рольдік ойын ұйымдастырылды. Яғни, әңгіменің мазмұны бойынша рольдерге бөліп, сол арқылы қойылым қойылды. Сюжеттік-рольдік ойынға қатысушы оқушы оқыған әңгіменің мазмұнын жақсы білуі шарт. Мысалы:

Мақтақыз бен мысық

 (сюжеттік-рольдік ойын)

Кейіпкерлер: 1 оқушы – автор, 2 оқушы – Мақтақыз, 3 оқушы –мысық, 4 оқушы- сиыр, 5 оқушы – ағаш т.б.

1 оқушы: Бірде Мақтақыз үйін сыпырып жүріп мейіз тауып алады. Ол мысығын шақырады, мысығы келмей қояды. Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды. Біраздан соң мысық келеді.

2 оқушы: -Мені неге шақырдың?- деп сұрайды

3оқушы: -Айтпаймын –дейді Мақтақыз

2 оқушы: -Онда мен сенің қатығыңды төгемін- деп мысық қатықты төгеді

3 оқушы: -Ал мен сенің құйрығыңды кесіп аламын-дейді Мақтықыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

2 оқушы (мысық): -Құйрығымды берші,- деп сұрайды.

3 оқушы (Мақтақыз): — Қатығымды төле

1 оқушы: Мысық сиырға барады да одан сүт сұрайды.

4 оқушы(сиыр): – Маған жапырақ бер. Мысық ағашқа барып жапырақ сұрайды, ағаш су сұрайды. Көшеде екі қыз шелекпен су алып келеді. Мысық олардан су сұрайды.

Қыздар сағыз алып кел дейді. Мысық дүкеншіге барады, дүкенші жұмытқа алып кел дейді, мысық тауықтарға барады. Олар тары сұрайды. Мысық тышқанды ұстап алады да: -Үйіңде не бар? Тез алып кел, — дейді  [11].

(Сөйтіп ертегінің мазмұны сюжеттік-рольдік ойын арқылы толық жаңғыртылды).

Байланыстырып сөйлеу тілін  дамытуға арналған жұмыстар жүйесінің тиімділігін осы ойын арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту баланың сабаққа деген   қызығушылығын оятады. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін ана тілі сабақтарында дидактикалық        ойындарды қолдану оқытудың тиімділігін арттырады.

 

Әдебиеттер

1. Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы. 2011. 5-9б.

2. ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы заңы». 2002. 7-11б.

3. В.В.Воронковой . Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. Под ред.  М. 1991. 321с.

4. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной школе. М., 2004. 362с.

5.  Петрова В.Г., Белякова И.В. Кто они дети с отклонениями в развитии? – М, 1998. 207с.

6.  Луцкина Р.К. Особенности развития устной и письменной речи учащихся вспомогательной школы в процессе обучения: Автореф … кан. пед. наук. М, 1974. 17с.

7. Омирбекова К.К. Формирование связной письменной речи учащихся 4-х классов вспомогательной школы (на материале сюжетных картин): Автореф … кан. пед. наук.  М., 1985. 17 с.

8. Бектаева К.Б. Система работы над изложением в старших  вспомогательной школы: Автореф. дисс. кан. пед. наук.  М, 1982.18 с.

9. Абаева Г.А. Формирование устной связной речи слабовидящих детей 6-7 лет средствами казахского фольклора. Автореф. дис.кан. пед.наук. Алматы, 2006. 21б.

10. Выготский Л.С. Развитие устной речи. Собр. соч.: в 6-ти т. М.: просвещение, 1982. Т. 3, 160-172с.

11. Бектаева К.Б, Букежанова Г. «Ана тілі» (1, 2, 3, 4 сынып). Мектеп – 2003. 229б.

Новости

Все


Видео


Фото

Научно-практический медицинский журнал Вестник КазНМУ

Научные публикации, статьи, доклады, рефераты, диссертации, новости медицины, исследования в области фундаментальной и прикладной медицины, публикации журнала "Вестник КазНМУ" и газеты "Шипагер".


ISSN

ONLINE ISSN 2524 - 0692

PRINT ISSN 2524 - 0684


Полезные базы данных

Google Scholar Elibrary.ru Cyberleninka


О журнале

Описание журнала Редакция журнала СМИ о нас Рекомендуемые издания


Индексируется

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова

© 2021 КазНМУ