Биография

1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Октябрь атындағы колхозда шаруа отбасында дүниеге келген.

1959 жылы қазмми педиатрия факультетін, 1961 жылы балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық ординатурасын, 1965 жылы Алматы медициналық институтының госпитальдық хирургия кафедрасының аспирантурасын, содан кейін КСРО МҒА педиатрия ҒЗИ (Мәскеу) жанындағы докторантураны бітірді.

Алматы медициналық институтының балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті, аудандық ауруханада дәрігер-педиатр болып жұмыс істеді.

1968-2011 жылдары Алматы медицина институты / С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университеті балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі. Сонымен қатар-Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің деканы (1978-1980, 1989-1991), Қазақстан Республикасы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1980-1993).

20 мыңға жуық хирургиялық араласуды орындады; Қазақстанда бірінші болып балалардағы кеуде қуысының туа біткен шұңқыр тәрізді деформациясы кезінде торакопластика жасады.

1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады («Балалардағы мидың шайқалуын сипаттайтын материалдар»), 1971 жылы — докторлық диссертация қорғады. Қазақстандағы балалар хирургиясы бойынша алғашқы ғылым докторы.

1989 жылы Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, 1994 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. 1995 жылдан — Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының вице-президенті. ҚР педиатрлар қауымдастығының президенті, «Қазақстанның Педиатрия және балалар хирургиясы»журналының бас редакторы.

200-ден астам ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады.

320-дан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде нұсқаулықтар мен монографиялардың, 22 өнертабыстың авторы. «Балалар травматологиясы» монографиясы (1978) Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Әл-Фараби сыйлығына ие болды.