Департамент атауы: Цифрландыру департаменті.
Департаменттің орналасқан жері: №2 оқу ғимараты, 3 қабат, кабинеттер № 308, 309, 302, 303, 10.
Байланыс деректері:
тел.: 8(727) 338-70-70, ішкі 7777
e-mail: [email protected]
– Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Акишев Тимур Нуртасович
тел.: 8(727) 338-70-34, ішкі 7787
e-mail: [email protected]
– Цифрлық қызмет көрсету орталығының басшысы Жайлау Эльмира Мырзаханқызы:
тел: 8(727) 338-70-59, ішкі 7778
e-mail: [email protected]
– Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімінің басшысы Ботабеков Нурболат Койбагарович:
тел: 8(727) 338-79-76, ішкі 7776
e-mail: [email protected]
– Тест орталығының басшысы Шонбасова Марал Бейбитжановна:
тел: 8(727) 338-70-90, вн. 7032
e-mail: [email protected]
Департамент туралы:
Цифрландыру Департаменті «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Цифрландыру Департаменті тікелей Университеттің ғылыми-клиникалық қызмет және цифрландыру жөніндегі проректорына бағынады. Цифрландыру Департаменті Университетті цифрландыру бойынша іс-шаралар жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды басқарады.
Департамент қызметінің негізі бағыттары, міндеттері мен мақсаттары.
ЦД негізгі мақсаты Университеттің процесстерін тиімді ақпараттық және бағдарламалық қолдауды қамтамасыз ету, университет ұсынатын білім беру және басқа да қызметтерінің сапасын арттыру үшін заманауи сандық технологияларды пайдалана отырып бағдарламалық-ақпараттық технологиялық ортаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Департаменттің қызметі қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру және әкімшілік шығындарды азайту арқылы үдерістердің неғұрлым жоғары тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін озық цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қолдауға бағытталған.
Цифрландыру Департаментінің негізгі міндеті:
- Университетті цифрландырудың стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
- Техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техниканы және желілерді, телекоммуникация және байланыс құралдарын, заманауи цифрлық және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалануда бірыңғай саясатты іске асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Білім берудің цифрлық/электрондық ортасын құру және оны жетілдіру, қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту.
- Университеттің ақпараттық жүйелерін (оның ішінде «Сириус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін, қашықтықтан оқыту порталын және т.б.) құру, пайдалану, сүйемелдеу және дамыту, INTERNET жаһандық желісіне және басқа да корпоративтік, аймақтық және салалық желілерге, соның ішінде жалпы университеттік және жергілікті компьютерлік желілерге шығу.
- Университетті басқару мен оқу үрдісі үшін цифрлық технологияларды дамыту және жетілдіру.
- Профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және білім алушыларды Университеттің бірыңғай басқару жүйесі мен электронды оқыту нысандарымен байланысқан заманауи компьютерлермен жұмыс орындарын қамтамасыз ету.
- Оқу үрдісін және ғылыми зерттеулерді цифрлендіру, цифрлендіру аумағында салалық және университеттік стандарттарды енгізу, нормативтік-анықтамалық ақпаратты біріктіру, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді ведомстволық, факультеттік және интерактивті компьютерлік зертханалар арқылы сатып алу мен пайдалануды әдістемелік бағыттау және үйлестіру.
- Сапа менеджменті жүйесінің нұсқаулығында сипатталған «Ақпараттық- телекоммуникациялық қызмет көрсету» процедурасының жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Цифрландыру Департаментінің құрылымына кіреді:
- Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасы;
- Цифрлық қызмет көрсету орталығы;
- Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімі;
- Тестілеу орталығы.
Департамент құрамы:
Қаленова Бақытгүл Советқызы – Цифрландыру департаменті басшысы-цифрлық офицер, ф-м.ғ.к., доцент.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-70, ішкі 7777
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 308 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
1986 жылы «Механика» мамандығы бойынша «Қолданбалы математик» біліктілігімен С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірді.
1997 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында 30 жылдан астам уақытта түрлі қызметтер атқарды: аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, Инновациялық технологиялар және кітапханалық-ақпараттық кешен орталығының директоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, ішкі аудит Департаментінің директоры, ақпараттық технологиялар Департаментінің басшысы.
Қаленова Б.С. Германия (Мюнхен), Оңтүстік Корея (Сеул), Моңғолия (Ұлан-Батыр), Франция (Париж) елдерінде шетел ЖОО-ң озық тәжірибелерін жинақтады. Алынған тәжірибе ЖОО-да бірыңғай ақпараттық-білім беру жобаларын, ЖОО шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу мен жүзеге асыруда, Болон процесінің параметрлерін енгізуге және QS халықаралық рейтингінде ЖОО-ның алатын орнын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда қолданылды.
100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланды: оқулықтар, ұлттық және халықаралық басылымдарда мақалалар, соның ішінде импакт-фактормен, бірлескен авторлармен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары, сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілері (ЭЕМ бағдарламалары – автоматтандырылған ақпараттық жүйе, электронды оқулықтар және т.б.) үшін авторлық куәліктер алды. Ғылыми жобаларды (ақпараттық жүйені жобалау) әзірлеуге және іске асыруға қатысқан.
Жоғары оқу орындарында білім беру мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттармен – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2014ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығы» мерейтойлық медалі (2011ж.), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы (2001ж., 2005ж.) және алғыс хаты (2007ж.), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (2018ж.) және Алматы қаласының әкімі (2020 ж.), , сондай-ақ жоғары оқу орындарының мерейтой төсбелгілері (2001ж., 2007ж., 2012ж.) және Университет және жергілікті атқарушы органдардың басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Акишев Тимур Нұртасұлы – Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
e-mail: [email protected],
тел.: 8(727) 338-70-34, ішкі 7787
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 309 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
Жайлау Эльмира Мырзаханқызы – Цифрлық қызмет көрсету орталығының басшысы.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-59, ішкі 7778
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 302 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
Ботабеков Нұрболат Қойбағарұлы – Қашықтықтан білім беру технологиялар бөлімінің басшысы.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-79-76, ішкі 7776
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 303 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.
Шонбасова Марал Бейбитжановна – Тест орталығының басшысы.
e-mail: [email protected],
тел: 8(727) 338-70-90, вн. 7032
Кабинет нөмері: №2 оқу ғимараты, № 10 кабинет
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:30-18:00.