Әкімшілік департаменті

Департамент мақсаттары:

  • Құжат айналымының бірыңғай жүйесі және құжаттармен жұмыста
    цифрлық технологияларды қолдану негізінде Университеттің
    құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және
    жетілдіру;
  • Денсаулық сақтау саласында тарихи мұраны сақтау, жастарды
    отансүйгіштік және отандық медицинаның жетістіктері үшін мақтаныш
    рухында тәрбиелеу.

Департамент міндеттері:

  • Университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
  • Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан
    Республикасы Парламентінің, Үкіметінің және денсаулық сақтау
    министрлігінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын, Университет
    құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің
    іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жазбаша өтініштерін
    қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • Университеттің жоғары басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын
    үйлестіру және ұйымдастыру;
  • Басқарма төрағасы – Ректор өткізетін аппараттық кеңестерді ұйымдастыру
    және өткізу және Басқарма төрағасы – Ректордың аппараттық кеңестерде
    берген тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз
    ету;
  • Электрондық құжат айналымының жұмысын және мұрағатқа беру үшін
    құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
  • Университет мұрағатында сақталатын құжаттардың сақталуын, есепке
    алынуын, сақтауға қабылдануын, құндылығын сараптауды және
    пайдаланылуын қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасы
    Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағат»
    РММ тұрақты сақтауға уақтылы өткізу;
  • Университеттің өзінде де, оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде
    де іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласында әдістемелік
    басшылықты жүзеге асыру;
  • Сапа менеджменті жүйесінің, Университеттің сапа саласындағы
    саясатының және Университеттің сапа саласындағы басқа да ішкі
    нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    іс-қимыл бөлігінде Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік
    құжаттары мен заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау.

Департамент орындайтын функциялар:

  • Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізуді
    ұйымдастыру, Университет бөлімшелерінде құжат айналымының жай-
    күйін талдау мен бақылауды жүзеге асыру, қызметті құжаттамалық
    қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің Университет жүйесінде
    құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерінің талаптарын сақтауын
    есепке алу мен талдауды жүзеге асыру;
  • Іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы
    Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бөлімдерімен өзара әрекеттесу;
  • «ҚПҮ» белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғау
    режимін қамтамасыз ету;Университет мұрағатын қалыптастыру және жүргізу;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесе отырып,
    Университет істерінің номенклатурасын жасау;
  • Құжаттардың істерге ресімделуіне заңнамалық және өзге де нормативтік
    құқықтық актілерде белгіленген нормаларға сәйкестігін бақылауды
    қамтамасыз ету;
  • Істердің тізімдемесін жасауды, құжаттардың құндылығына сараптама
    жүргізуді, істерді мұрағатқа қабылдауды, мұрағаттық құжаттарды
    мемлекеттік сақтауға тапсыруды, мұрағатта істердің қозғалысын есепке
    алуды жүргізуді, сақтау мерзімі өткен істердің құжаттарын жоюға бөлу
    туралы актілер жасауды қамтамасыз ету;
  • Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті
    Әкімшілігінің және Үкіметінің және денсаулық сақтау министрлігінің
    тапсырмаларының уақтылы орындалуына, Университет құзыретіне кіретін
    мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына
    мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне бақылау құжаттарын орындау
    мерзімдері туралы электрондық ескертулерді уақтылы жіберуді
    қамтамасыз ету.

Департамент құрылымы:

  • Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
  • Секретариат
  • Мұражай
  • Мұрағат

Басшы:

Тұрғынбаев Мирас Бақытжанұлы