Студенттерді қабылдау басқармасы, Университеттің өзіндік құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Университеттің проректорына (әлеуметтік даму және цифрландыру блогы) тікелей бағынады.
Басты мақсаты – жаңа оқу жылында студенттер контингентін қалыптастыру болып табылады.
Студенттерді қабылдау басқармасының міндеттері:
– жаңа оқу жылының 1 оқу жылына студенттер контингентін қалыптастыра отырып, күнтізбелік жыл ішінде білім берудің барлық деңгейлеріне (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) үйлестіріп, өткізіп және қабылдау науқанын ұйымдастыру;
– Университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетел азаматтарын қабылдау ережелерін әзірлеу;
– келген азаматтарды білім берудің барлық деңгейлеріне қабылдау туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету;
– жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және жүргізу;
– сапа менеджменті жүйесінің, сапа саласындағы университет саясатының және сапа саласындағы Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау.
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік құжаттары мен заңнамалық актілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде талаптарын сақтау.
Мекен-жай және байланыс мәліметері:
Алматы қ., Масанчи көшесі 38, № 7 аудиторлық корпус, 101 кабинет,
Жұмыс телефоны: 8(727)338-70-27 (73-50, 70-71),
email: [email protected]
Студенттерді қабылдау басқармасының қызметкерлері туралы ақпарат
Студенттерді қабылдау басқармасының басшысы –
Искакова Сауле Сагынгалиевна, вн.73-50, [email protected]
7 аудиторлық корпус, 101 кабинет,
Студенттерді қабылдау басқармасының маманы–
Раимбекова Найля Хасеновна, вн.70-71, [email protected]
Студенттерді қабылдау басқармасының маманы –
Алсейтова Назира Амантаевна, вн.70-71, [email protected]