Таңбаның сипаттамасы




01.09.2023

ҚазҰМУ-дың жаңартылған логотипі геральдикалық қалқанға негізделген, айналасындағы үлкенірек келген екінші қалқан шаңырақты сипаттайды. Шаңырақ түрінде орналастырылған сыртқы қалқан медициналық қоғамдастықтың корпоративтік сәйкестігін білдіреді, нақтырақ айтқанда барлық дәрігерлер – бір үлкен медициналық отбасы болып табылады.

Ішкі қалқан қамал, қорғанысты білдіреді. Ол университет миссиясының көрінісі – ұлт денсаулығын сақтауға атсалысатын, пациенттерге жоғары медициналық көмек көрсететін дәрігерлерді даярлауды білдіреді.

Қалқанның төменгі жағында медициналық кәсіптің басты белгісі – Асклепий асатаяғы орналасқан. Медицина тарихында жылан оратылған асатаяқ танымал символдардың бірі. Жылан даналық пен тәжірибені білдіреді.  Асатаяқ болса табиғат пен өмірді сипаттайды. Бұл белгі қайтадан жеңіске жету үшін күн сайын қауіпті аурулармен күресетін батыл, жанқияр, ақылды және дарынды адамдардың символы.

Медицина символдарының жанында қазақ ұлттық ою-өрнегінің элементі қолданылып, қошқар мүйіз түрінде таулар бейнеленген. Бұл жерде унверситетіміздің Іле Алатау бөктерінде орналасқандығы көрсетіліп отыр. Бұл сонымен қатар университеттің бай тарихын, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын, болашаққа ұмтылысын бейнелейді.

Ішкі қалқанның жоғарғы бөлігінде ілбіс бейнеленген. Әлемдегі жетекші университеттерде әлеуметтік позицияның маңызды элементі ретінде өзіндік тұмар қолданылады. Қар барысы тұмар ретінде медициналық мамандықтың ұлылығын және өз кәсібінде дара, шешуші және батыл болуға тиісті ҚазҰМУ түлегін – мінсіз дәрігердің болмысын көрсетеді. Ілбіс сонымен қатар Қазақстанның және Алматы қаласының ұлттық белгісі және осыған байланысты ұлттық университеттің тұмары ретінде қолайлы болып табылады.

Қар барысымен бірдей деңгейде алма ағашы бейнеленген, ол білімді, тұтас тіршілікті сипаттайды. Алма ағашының таңдалуы университеттің алманың мекені – Алматы қаласында орналасқанын көрсетеді. Геральдика бойынша алма ағашы – бұл өмірдің, қайта туылудың, жаңа бастаманың және жарқын болашақтың символы. Тұтастай алғанда ағаш даму символы ретінде әлемдік дәстүрдің орталық белгілерінің бірі болып табылады.

Логотиптің төменгі жағында ҚазҰМУ-дың 1930 жылы құрылғандығы жазылған.

Логотиптің негізгі түстері – күлгін және алтын.

Күлгін – жаңашылдық пен білімнің түсі.

Алтын – береке мен өркендеудің түсі.