Январь 2024 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за January, 2024

Индира Нигматуллаева

26 Jan 2024  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Ваше имя
Индира
Ваша фамилия
Нигматуллаева
Телефон
87766620182
Тема вопроса
Вопрос
Құрметті Шоранов Марат Едігеұлы С.Ж Асфандияров атындағы Каз ҰМУ-і Мейірбикелік іс СД 23- 007 10 айлықта оқимын 26.12.2023 күні Қазақыстан тарихынан емтихан тапсырдым емтиханнан 18 бал алдым 2 ші тапсыру мүмкіншілігі бермеді . Осы сабақтың ақшасын төлеп қайта оқисын деп айты мен 2 күн бойы деканатың алдында жүрдім апелясияға беруге боладыма деп қандай шешимі бар деп. өзимнің оқитыным тек 10 ай 400 000 оқу ақысы мен жай меиірбике болып жұмыс жасаймын алатын айлығым 150 мын 6- балам бар маған да оңай емес . Тараз қаласынан барып тапсырдым арине оқу маған керек сізден өтінетінім шешімін тауып берініші тарих сабағы бізге қажеті шамалы ғой .Сізден өтініп сұрайтыным шешімін тауып берініші .
Көп көп рахмет

________________________________________

Жауап:

Құрметті Индира Абдуллаевна!

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Сіздің хатыңызға жауап ретінде төмендегі ақпараттарды ұсынады.
1. Қазақстан тарихы пәні сіздерде 20.07.2022ж №2 Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты (МЖББС) бойынша: 2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, денсаулық сақтау саласындағы жоғары білім мазмұнына қойылатын талаптарына сәйкес, 5 бөлімнің тармақтарына қарасты, ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖБП циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқыту нәтижелерін тануды жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылар «Қазақстан тарихы» пәнін оқиды.
2. Университеттің бекітілген ішкі нормативтік құжаты бойынша «Академиялық саясаттың» 6-бөлімі «Білім алушының аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыру» бөлімінің, 6.2.14 «F» 0-24 балл белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған жағдайда, сондай-ақ дәлелсіз себептермен емтиханға келмеген жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі, білім алушы осы оқу пәніне/модульге қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырады.
6.3.2 Тестілеу нысанында қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушы, тестілеу кезінде апелляцияға береді. Аралық бақылау туралы ережелермен таныстыру деканат тарапынан әр емтиханның алдында ескертілді.

P.s. Студент емтиханнан кейін деканатқа келгенде 4-баласы бар екенін айтқан, ал хатта 6- бала деп тұр. Бұл ақпарат бізге түсініксіз.